66
Ұлттық тіл – əр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс-
тіршілігі мен сезім-түсінігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Онсыз
халық – аты бар да, заты жоқ тобыр.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың
барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн
жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса
маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан
Республикасының әрбiр азаматының парызы [27].
Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар
құбылысын, бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді.
Тілдік сана негізінен әдебиет арқылы қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін,
сонымен қатар әлемдік әдебиетті білудің маңызы ерекше болмақ. Әлемдік
әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол қазынамен таныс
болу үшін алдымен орыс тіліне жүгінетініміз сондықтан. Соңғы жылдары
классикалық әдебиетті, дәуір қаламгерлерінің шоқтығы биік шығармаларын
қазақ тілінде меңгеруімізге қажетті жағдайлар жасалып келеді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
бойынша әлем әдебиетіндегі
көркем
шығармалардың
жүзге жуық
озық үлгілері
қазақ тілінде жарыққа шықты.
Егер
әлем
әдебиетімен
таныс болу
парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды
тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін білу мұның сыртында ұлтжандылық
пен ұлттық мақтаныш сезімін асқақтататынын ұмытпауымыз керек.
Анасының әлдиімен айтылған бесік жыры – жас сәбидің құлағына
шалынатын алғашқы әдеби нұсқа. Әжесі айтатын ертегі арқылы балдырған
ауыз әдебиетінің үлгілерін санасына сіңіреді. Сол бесік жыры, сол ғажайып
ертегі ұл-қызымызға қай тілде жетті, өз ұлтының қазынасы ма, мәселе осы
арада. Ана тілінде бесік жырын естімей өскен адам этносының әдебиетіне де
жете мән бермейді.
Бесік жыры – ұлт әдебиетіне баспалдақ болса, ұлт әдебиеті –әлемдік
әдебиетке бастар жол. Қазақтың кейінгі ұрпақтары бесік жырын ана тілінде
естімей өскендіктен кезінде мәңгүрттікке ұрынды. Асанқайғыдан бастап,
Сұлтанмахмұтпен аяқталатын
бес
ғасырлық
жыр дастан дүлдүлдерінің
туындыларын окымай өскен ұрпақтың бойында ұлттық сезім кемшін түсіп
жатты. Абайды әлемге енді танытып жатырмыз, ал өзіміз танып болдық па?
Ендеше, тілдік сана көпмәдениеттіліктің бір белгісі екен.
Көпмәдениет иесі –
Достарыңызбен бөлісу: