Психология


эр ос  деп, ал кейін бұл қылык адамның  арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысынын белгісі  танатос



Pdf көрінісі
бет265/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   322
эр ос 
деп, ал кейін бұл қылык адамның 
арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысынын белгісі 
танатос 
екенін 
түсіндіріп бақты.
3. 
Фрейд болжамдары оның шәкірттерінің еңбектерінде қы- 
зықты, эволюциялық, жалғасын тапты. Солардың бірі К. Ло­
ренц ерік энергиясы адамның эу бастан жыртқыш (агрессив) 
болуынан дегенді алға тартгы. Егер осы жыртқыштық қасиет 
қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұр- 
маса, ол элеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін әре- 
кеттермен ұштасуы мүмкін. А. Адлер, К.Т. Юнг, К. Хорни 
ерік көріністерін элеуметтік жағдайлармен байланыстырады. 
К.Т. Юнг үшін бұл — эр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан 
эмбебап кылык жэне ойлау түрлері, А. Адлер — әкімшілік пен 
элеуметтік билікке талпыныс; ал К. Хорни мен Э. Фромм ерік- 
ті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудін шарты 
деп біледі.
Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің (3. Фрейд 
жэне шәкірттері) қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін — 
адам әрекеттерінің көзі — кажеттіктердін, мэнді, бірак тұтастай 
емес, бір тарапын ғана асыра дэріптеуге бағыттаған. Пікір 
қарсылығын тудыратын тек бұл эсіре ғана емес, адамның өз 
«тіршілігін сақтау» мен «тұтастығын қолдауды» қамтамасыз 
ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай 
келмейді. Адам өзінің биологиялық болмысы, яғни тіршілігіне 
қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік
қауіп-қатерде батылдық жэне т. б., бірақ фрейдшілер бұл жағ- 
дайды ескермейді.
Еріктік эрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді 
қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы 
(детерминированность) адамды қандай да кылыкка мэжбүрлеп,


көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағ- 
дайлары болмай, өз өмірін колдай да, жалғастыра да алмайды. 
Ерік бостандығы — табиғат пен қоғамның жалпыланған заң- 
дылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете 
танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет