Психология



Pdf көрінісі
бет270/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   322
Д ер бес­
тік
— еріктік әрекет барысында адамның эрқандай себептер 
жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына 
сындарлы баға берумен, өз наным, сенімдері негізінде іс-әре- 
кетке келу қасиеті.
Дербестікке ие адам басқаның жэрдемінсіз-ақ мәселе тандай 
алады, соған орай мақсат белгілейді, өзгенің түрткісі мен сыбы- 
рына аландамайды. Әдетте мұндай тұлғалар өз көзқарасын 
белсенді қорғап, мақсат, эдіс пен тәсілдерін саналы бағалаумен, 
жалтақсыз іске қоса алады. Ынталылық пен дербестік тұлға- 
ның еріктік сапасы ретінде, бір жағынан, 
сенгіштік, бостыц,
енжарлъщ
сияқты қасиеттерге қарсы; екінші тараптан, басқа- 
ның ой-пікірін, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан 
(пози­
тивизм)
аулақ қасиет.
Іс-эрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылык қасиеті 
үдеріске қосылады. Ұстамдылық эрекеті — сезім, ой-пікір, қа- 
лыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежейді. ¥с- 
тамды адам орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз 
белсенділігінің денгейін барластырады. Сонымен, ол көздеген 
мақсатына асығып, ырықсыз эрекеттерге ұшырамай, байыппен 
жетеді.
Іс-эрекеттің сан алуан сеп-түрткілерінің ішінен қажетті 
болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің ба- 
тылдық қасиеті бой көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет