Инновациялық оқыту – жаңашылдықпен оқыту дәстүрі, нормативті оқытумен салыстырғандағы білімді игертудің ерекше
балама түрі. Ол оқытушы мен студенттердің дамуын қамтиды; оларды демократиялық ұстаным негізінде ортақ шығармашылық
және нәтижелі қызмет пен қаруландырады; оқу білім беру жүйесіне жаңалық ендіреді[2].
Оның студенттер үшін пайдасы төмендегідей:
-оқу-әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды тиімді пайдалануына жағдай туғызады;
– кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;
– түйінді-ізденгіштік ойлау қабілетін дамытады;
– болашақ кәсібі жөніндегі танымын қалыптастырады;
– ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;
– алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңиді;
Оқытушы-ұстаздарға тигізер пайдасы тіптен зор, олар:
-оқу-әдістемелік материалдарын жедел жаңартуға мүмкіндік жасайды;
– оқытудың әртүрлі үлгілік технологияларын енгізеді;
– оқытудың ұқсастыра, теңей оқыту технологияларын қолдануына мүмкіндік туады;
– студенттер білімін бақылау мен қадағалау мүмкіндігі кеңиді;
– кәсіби мамандарды дайындаудың қолданылып келген технологияларының сапасын жетілдіреді.