Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады, сонымен қатар, білім беру қызметі нарығында білім беретін
оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Білім беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – кәсіби білімі
бар маманның ізденгіштік қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру.
Мұндай қызметтер түріне:
– бірлесе оқыту;
– модульдық оқыту;
– проблемалық оқыту;
– деңгейлеп,саралап оқыту, тағы басқалары жатады[3].
Инновациялық білім беру жаңа білім алуға және ақпараттық қоғамның инновациялық серпініне негізделген. Инновациялық білім
берудің негізгі белгілері:
• антропоцентризм;
• өзін өзі басқару;
• кәсібилік.
Инновация теориясында инновациялық процесс, оларды коммерцияландыру жағдайында бәсекелестік, қызметтерді немесе
техниканы, ресурстық қамтамасыз ету аясында жаңа өнімдерді өндіруде перспективалы идеялардың пайда болуын, оларды
ұйымдастыру кезеңдерін реттейтін, инновациялық іс-әрекеттің жиынтығы болып айқындалады[4].