5-қағида.
Оқу мазмұнын үйрену/үйретуге, пән мен тұлғаға бағытталған әрекеттермен қамтамасыздандыру сан алуан деңгейлерде
жүзеге асырылуы керек (материалдық, танымдық, саналық).
Таным процесінің негізін белсенді әрекеттер құрайды, адам тек әрекет арқылы ғана үйрене алады.
6-қағида.
Үйренуде қажетті қарқын және соған сәйкес тәсілдер (мысалы, оқу, сөйлеу, жазу,
компьютерлік тілдер, графикалық
модельдер мен символдар) таңдалуы керек.
Таным процесі оңайдан күрделіге
қарай ойысып, қарым-қатынас пен өзіндік түсініктің қажетті құралдарымен қамтамасыдануы
керек.
7-қағида.
Үйрету мен білім игеруде көмектесу студенттердің оқу тапсырмаларын қандай деңгейде
орындағанына байланысты
оқытушының сырт көзбен пайымдаған мінездемесіне сүйенбей, олардың нақты қабілеттеріне (мәселен, қарым-қатынас жасау
және ойлау әрекеттері, өз тәжірибесін жүзеге асыра білу) негізделуі керек.
Білім мазмұны оқытушы тұрғысынан субъективтік тұрғыдан анықталмай, үйренушінің мүдделерінен туындауы керек.
8-қағида.
Студенттердің ой-толғанысы (рефлексия) мен өздерінің даму жетістіктерін бағалай білуі (құзырлылық сезімі).
Баға қоюды (мәселен, бес балдық немесе жүз балдық жүйемен) оқытушы мен студенттер бірлесе құрастырып, қабылдаған бағалау
талаптарымен (критерийлермен) алмастыру қажет.
9-қағида.
Студенттердің өзіндік тұрғыдан жасалатын жұмыстарына қажетті тапсырмаларды алдын-ала дайындау.
Осы әрекет арқылы студенттердің әрекеттерін, сөздерін, ойларын үйренішті қалыптан басқа жаққа бұруға болады.
10-қағида.
Студенттердің бастамашылдығы мен шығармашылығын ынталандыру.
Бұл арқылы студенттердің танымдық
қабілеттерін едәуір көтеріп, олардың оқу мазмұнына тереңірек үңілуіне ықпал жасауға
болады.
11-қағида.
Субъективтікті қалыптастыруға ықпал жасау.
Бұл ұстаным студенттердің оқу материалын
жағымды тұрғыдан қабылдап, өзін-өзі анықтауына,
өз әрекеттеріне деген
жауапкершілігіне, өзіндік тұрғыдан өмір сүруіне бастайды.
12-қағида.
Студенттік аудиторияда әлеуметтік қасиеттері басым және қоғамға кіріктірілген үйренуші тұлғасын қалыптастыруға
бастайтын жағдайларды қамтамасыздандыру.
«Оқудың/оқытудың басты мақсаты – тұлға қалыптастыру» деген қағиданы растайтын ұстаным.[5, 62-63].
Инновациялық технология бойынша оқыту білімді меңгертуге емес, жеке әлеуметтік
тұлғаны қалыптастыруға
бағытталғандықтан, субъектінің өзіне тән жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін назарға алып дамыту – басты міндеттердің
бірі. Ә. Әлімов инновациялық технологияларға интербелсенді оқу/оқыту деген атау береді.
Достарыңызбен бөлісу: