Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар Байдуанова Лязат Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#94792
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
kishi zhyz handary

1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді. 
Батыс бөлік 
— байұлы рулары. 
Орта бөлік 
— жетіру және әлімұлы бұтағының 
аз бөлігі. 
Шығыс бөлік 
— әлімұлы бұтағы, сондай-ақ 
қыпшақ және арғын тайпалары араласқан бөлік. 
Әр бөліктің басында патша үкіметі 
тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. 
Кіші жүздің әкімшілік құрылымы: 
Бөліктер (батыс,орта,шығыс) басқарушысы 

аға сұлтан. 
Дистанция басқарушысы 
-
ру шонжарлары. 
Ауыл басқарушысы 
-
ауыл старшыны.



Бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан 
да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия
құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан 
тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның 
міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ 
шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, 
сот істері, медицина жағын бақылауға алу кірді. 
Жергілікті әкімшіліктің құрамына Кіші жүздің үш 
бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары 
кірді. Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап 
басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді 
шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша 
Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. 
Сайлау жүйесі болған жоқ. 


Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген
өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот
немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал
кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-
ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімшілігі
жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер
сотын полиция жазалаушы органдарға айналдыруға
талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, 
Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Сұлтандарды
Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің
бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір
билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын
әскери командасы болды. Олардың ордасы казак 
станицалары мен бекіністерінде орналасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет