2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары



Pdf көрінісі
бет38/79
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94979
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79
Әдебиеттер:
1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-
шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.
2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост.
Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.
3 Нысанбаев Ә. Таным теориясы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: С. Колчигин, 
Ә. Нысанбаев; аударғандар: Д. Раев ж. б.].-Астана:Аударма.-2006.-501 б..-(Мәдени мұра)
15 
Тақырып
 
Глобалды
 
 қ
м
ә
селелер философиясы
1. Глобалды мәселелер және олардың пайда болуының себептері
2. Глобалдану және антиглобализм
3. Футурологиялық мәселенің қалыптасуы
4. Римдік клубтың философиялық ізденістері
Бойларына жалпыазаматтық сипаттарды сіңірген жер бетіндегі
тұтас адамзат пен әрбір жеке адамның мүдделерін қорғайтын
проблемаларды глобальды (лат. Globus – жер шары) деп атау
қабылдаған.
Біздің планетамызда барлық қоғамдық-практикалық ic-әрекетті
интернациоландыру мен глобализациялау npoцecтepi жүріп жатыр.
Жаңа кезенде өткен дәуірлермен салыстыра қарағанда бірыңғай
өркениет құрылымын аңдататын адамзаттың жалпыпланетарлық бipлiгi


арта түcтi. Осыған орай, әрине, жаңаша әлемдік ойлау мәнері туып,
қалыптаса бастайды.
Ондай мәнердін қалыптасуы микроэлектрониканың, жаппай
компьютендірілудің кен дамуына, бұқаралық аппарат құралдарының
және коммуникацияның өркендеуіне қолайлы жағдай туғызады. Осы
заманғы дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық
және саяси процестердің глобалдануы жеке адамға да, тұтac әлемдік
қауымдастыққа да өз талаптарын қояды.
Мәселе мәнici глобалданудың мұндай npoцeci “жаңа заманның
глобальды (әлемдiк) проблемалары” деп топтастырылған кepi
құбылыстарды да туғызатынында жатыр. Оларға экологиялық,
демографиялық, саяси, т. б. проблемалар жатады.
Түрлі арнаулы ғылымдар осы проблемаларды байыптап, шешу
жолдарын табуға талпынады. Философия болса бұл проблемаларды
адамзаттың тipi қалу, тығырықтан шығу мүмкіндіктері мен келешегі
тұрғысынан қарастырады.
Болашатағы әлеуметтік прогресс осынау әлемдiк проблемаларды
шешуге тікелей байланысты болады.
Бүкіләлемдік проблемалар өзара байланысты, сондықтан оларды
тұйықтала шешy ic жүзінде мүмкін eмec. Бұл тұрғыда мәселені жұмыла
шешу маңызды.
Әcipece, Жер 6етіндегі тұтас тіршілікке қатер төндіретін әлемдік
термоядролық соғыс проблемасы бұлардың бәрінен биік тұрады.
Сондықтан барлық адамзат үшін басты құндылық болып ядросыз,
күштеусіз дүниені сақтау болып табылады, өз кезегінде, жаңа заман
алдында тұрған өзге глобальды проблемаларды шешy жолы дәл осынау
әлемдiк мәселені шешуден басталады.
Қазақстан Республикасының басшылығы кезінде ядролық ел
статусынан бас тартып, тәуелсіздіктгiн алғашқы жылдарында Семей
ядролық полигоның жауып, дана шешім қабылдады.
Eң маңызды глобальды проблемалардың бipi – экологиялық
проблема. Біз әуелден-ақ ауқымы кең экологиялық дағдарыстың куәгері,
тіпті кейбіреулеріміз құрбандығы да болып үлгердік. Экологиялық
проблемалардың адамның өмірге деген ойсыз әрекеттері арқылы пайда
болатыны белгілі.
Экологиялық проблемагың мәңi адамзаттың өндіріштік қызметі мен
оның өмip сүретін табиғи орта тұрақтылығы арасындағы анықталған және
тереңдей түскен қайшылықтарда жатыр.
Қaзipгi кездің адамы қуатты техника мен ең жаңа технологияны
пайдалану арқылы табиғатқа геологиялық күшпен бірдей ықпал етеді,
«адамзат планетаның негізгі геологиялық ажым күшіне айналады», – ден
жазды XX ғасырдың басында В. И. Вернадский.
Экологиялық проблемаларға қоршаған ортаны ластау, азондық
үңірлердің кебеюі, «парниктік тиімділік» аталған тиімділігі шамалы
құрылыстар және АЭС апаты (әсipece, Чернобыль АЭС-ә апаты), т. б.
жатады. Сондай-ақ глобальды сипаттағы экологиялық проблемаларға қоса
әрбір жекелеген аймақтардың да өз экологиялық проблемалары
жеткілікті.
Қазақстандық экология проблемаларына Семей полигоныңдағы
ядролық жарылыстарға байланысты зардаптар, Арал теңізінің
тартылуы, көптеген өңірлердегі қоршған ортаның ластануы (Алматы
қаласында ауаның ластануы), т. б. жатады.


Тіпті адам экологиясы, оның моральдық дағдарыс жағдайларына
байланысты туындайтын жан-дүниесінің азып-тозуы, рухани мүгедектік,
қіылмыс пен жемқорлық, парақорлық туралы да айтуға тура келеді.
Нақты әлеуметтік және экономикалық тұрғыда экологиялық
проблемалармен ұлттық деңгейде, сондай-ақ ipi халықаралық зерттеу
орталықтарында жасалып жатқан шаралар бар.
Глобальды проблемаларға, сондай-ақ, тұрғындар есімінің артуы,
қоғамды қажетті заттай, энергетикалық және азып-түлік ресурстарымен
қамту, халықтар арасындағы 6ейбітшілікті сақтау сияқты мәселелер
жатады.
Әлемдік проблемаларды шешудің жолдары оңай eмec. Мұнда
ойлаудың жаңа түрімен бірге, жаңа өркениетке өту туралы айтуға
болатындай кешенді-жүйелік әдістер қажет.
Соған байланысты басты құндылық адам болып табылатын
техногендік, оның ішінде ақпараттық өркениеттен антропогендік
өркениетке көшу туралы міндет қойылады. Сөйтiп, адамзат
стратегиясын жасаудың табанды қажеттілігі талап етіледі.
Егер базистік бағдар ізгілік құндылығына бағытталса мұндай
стратегияны әбден жасап шығуға болады. Әдетте гуманизм (ізгілік)
ұғымының аясында адам қажеттіліктерің өтеуге бағытталған
құндылыктар жүйесі жатады. Бұл тұрғыда «гуманизм» түснігi өз мәніне
сәйкес «адамгершілік», «адам сую» ұғымына дәл келеді.
Сөйтіп XXI ғасыр XX ғасырдай «технарлар ғасыры» болмай,
«гуманитарилер ғасыры» болуы тиісті.
Әдебиеттер:
1. 
http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_philosophy/4756/РИМСКИЙ
2. 
http://www.grandars.ru/college/filosofiya/problemy-sovremennosti.html
3. http://www.ecad.ru/f4/sem28-01.html




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет