20
Энергияның ыстық ортадан салқын ортаға сұйықтар мен газ қабат-
тарының
ағыны
арқылы берілетінін тәжірибе жасап көз жеткізе аламыз.
Колбадағы суды төменгі жағынан спиртовкамен қыздырсақ, оның ішінде
әуелі
көпіршіктер
, одан кейін
иірімді ағыстар
пайда бола бастайды да,
артынан судың барлық бөлігі бірдей қайнайды (сурет 1.9,
а
).
Конвекция құбылысының пайда болуын
Архимед заңы
негізінде және
денелердің жылулық ұлғаюлары
арқылы түсіндіре аламыз. Температу-
ра жоғарылағанда сұйықтың көлемі ұлғаяды да, қысымы төмендейді.
Тығыздығы азайған сұйықтың қызған бөлігі Архимед күшінің әрекетінен
жоғары көтеріледі де, тығыздығы жоғары сұйықтың салқын бөлігі төмен
түседі.
Газдардағы конвекция (сурет 1.9,
ә–б
) сұйықтардағы конвекция
құбылысына ұқсас. Сондықтан газдардағы конвекция құбылысы да Ар-
химед заңы мен газ көлемінің жылулық ұлғаюы негізінде түсіндіріледі.
Газдардағы конвекция табиғи түрде орындалуы үшін жылу көздерін
үйдің еденіне жақын, ал желдеткіш қақпағын терезенің жоғарғы жағына
орналас тырады. Желдеткіш қақпағын ашқанда тығыздығы үлкен суық
ауа төмен, үйдің еденіне қарай қозғалады да, бөлменің жоғарғы жағын-
дағы тығыздығы кем жылы ауа сыртқа шығып, биіктей береді.
Сурет 1.9.
Достарыңызбен бөлісу: