Түркі мифологиясы: типологиялық сипаты, ортақ мотивтер және кейіпкерлер


Кіріспе Түркі мифологиясының сипаты және ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата07.02.2022
өлшемі336,07 Kb.
#95556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
, [#409480]-446963 (1)

Кіріспе
Түркі мифологиясының сипаты және ерекшелігі. 
Адам баласының 
өзін қоршаған ортаны, яки өзі өмір сүретін кеңістікті тануы бағзы 
замандардан бастау алып, адамзаттық дүниетанымның қалыптасуына 
жол ашты. Жалпыадамзаттық дүниетаным, белгілі дәрежеде, таным 
формаларына қарай бірнеше салаға жіктелгені мәлім. Философия 
докторы Джеймс Сайр дүниетанымға анықтама бере отырып, оның 
типологиясын теизм, деизм, натурализм, ниглизм, экзистенциализм, 
шығыстық мистика деп жіктеп көрсетеді. Осылайша жүйелей көрсете 
отырып, дүниетаным туралы былай деп тұжырым жасайды: «Сонымен, 
дүниетаным дегеніміз не? Қысқа түрде айтсақ, дүниетаным – біздің әлем 
туралы саналы және бейсаналы, жүйелі және жүйесіз түрде туындаған 
ой-пікірлеріміз» (Сайр, 2). 
Жалпыадамзаттық мәдениетте ерекше орны бар көшпелілер 
дүниетанымы, яғни табиғатқа барынша жақын түркілік таным негізінде 
туындаған фольклорлық-мифологиялық мұра қазіргі мәдени жады
рухани болмысымыздың негізгі қайнар көзі болса, Е
уразия құрлығына 
кеңінен қанат жайып, жауынгерлігімен даңққа бөленген көшпелі 
түркі тайпалары дүниетанымының қайнар көзі табиғат екені белгілі. 
Табиғатпен біте қайнасқан түркілердің салт-дәстүрі, наным-сенімі, 
дүние туралы түсінігі «Түркі мифологиясы» атты ауқымды кеңістікті 
түзеді. Олар табиғатты жаратушы күшті «Тәңірі» деп таныса, табиғат – 
сол Тәңірінің жаратқаны, сондықтан да оған деген құрмет ерекше болу 
керек деп түсінді. 
Ежелгі түркілердің дүниетанымы, сол негізде түзілген мифологиясы 
әлі де тереңдей зерттеуді қажет етеді. Көне түркілердің наным-сенімі 
туралы арнайы сөз еткен ғалымдар қатарында француз Жан Пьер Ру, 
ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторныйларды атауға болады. ХХ-ХХІ 
ғасырға дейін Орта Азия халықтарында сақталып келген танымның көне 
түркілік дүниетаныммен сабақтасытығы Ш.Ш.Уәлиханов еңбектеріне 
арқау болды. 
Түркі мифологиясына тән басты сипат – табиғатты тірі рух 
түрінде қабылдап, құрметтеу. Табиғатты құрмет тұту түркі халықтары 
мифтерінде ерекше орын алады. Ш.Уәлиханов шамандық туралы айта 
келіп, оның дүниеге келуі табиғатқа жалпылай және жекелей сыйынумен 
байланысты дейді (Уәлиханов 2010b: 53). Табиғаттағы зат пен құбылыс 
атаулы адам сияқты түйсінеді, тіршілік етеді деген түсініктің өзі табиғат 
пен рухты тең деп түсіну сенімімен туындаған. 
Түркі миифологиясының тағы бір сипаты – аруаққасыйыну, олардан 
медет тілеу.Түркі жұртының қара шаңырағындағы қазақтардың аруаққа 


Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
28
сыйыну сенімі туралы Ш.Уәлиханов “Тәңірі” (Құдай), “Қазақтардағы 
шамандықтың қалдығы” мақалаларында сөз қозғайды. “Аруақ – ата-баба 
рухы, басқа қиын-қыстау іс түскенде, жан қиналғанда: “Аруақ, қолдай 
гөр, қолтығымнан демей гөр” деп айтады… Аруақтардың рухы бар деп, 
ескі жұртты баспайды” (Уәлиханов 2010b: 59). Бұдан әрі ғалым аруақтар 
(онгондар) құдіретті күш иелері ретінде тірілерге көмектеседі деген 
наным негізінде оларға арнап құрбандық шалынатынына тоқталады. 
Ұлықтар мен мықтылар о дүниеге аттанған соң құдіретті аруаққа 
айналады. Мысалы, Баба шашты түкті Әзиз – тірісінде қасиетті әулие 
ретінде өмір сүрген адам. Бұлардан басқа Қорқыт, Домалақ ене, Арыстан 
баб т.б. халық құрмет тұтқан ұлы аруақтарға айналғанына дәлелдер көп. 
Аруақтарға сыйыну көне сақ дәуірінде қалыптасқан сенім. “Жерлеу 
материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-
рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған” 
(Қазақстан тарихы 1996: 231). Аруақты құрмет тұту, олардың қаһарынан 
қорқу күні бүгінге дейін сақталған сенім. 
Тарихшылар байырғы тайпалардың қайтыс болған адамға екі түрлі 
қарау сенімін атап көрсетеді: бірі – оны құрметтеу, оған сыйыну, екіншісі – 
руластарға немесе тайпаластарға оның рухы қайтып келіп кіреді деп қорқу. 
Өлген адамның қаруын, басқа да меншікті заттарын сындырып, өзімен 
бірге жерлеу заттардың да жаны болады, оларды “өлтіру” қажет, өйткені 
өлілер елінде де иесіне қажет деген сенім болған. Қазірі археологиялық 
қазбалар нәтижесінде табылған Берел, Шілікті қорымдарындағы алтын 
адамдар, Үржардағы сақ ханшайымының мүрдесі, Бозоқтан табылған 
ханшайымның інжу-маржанмен көмкерілген сәукелесі осыған мысал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет