Қысқаша теориялық мәлімет:
Сағат типті индикатор шкаласы-2 бар
корпустан-1, өлшегіш ұштықтан-3 тұрады.Корпустың ішінде ұштықтың
бойлық жылжуын негізгі көрсеткіш тілінің-4 айналмалы қозғалысына
түрлендіретін рейкалық механизм орналасқан. Индикатордың негізгі дөңгелек
шкаласы әр бөлік бағасы 0,01мм болатын
100 бөліктен тұрады. Яғни, негізгі тілі-4 бір бөлікке бұрылғанда, ұштықтың-3
жылжу мөлшері 0,01мм болады. Кіші шкаланың-5 көмекші тілі-6 негізгі
тілдің-4 толық айналым санын есептеу үшін қызмет етеді.Көмекші тілі бір
толық айналым жасағанда ұштық 1мм-ге жылжиды. Индикатормен өлшеу
нәтижелерін анықтау үшін кіші және негізгі шкалалардың көрсеткіштерін
қосу керек.
1-сурет
Тапсырма
Сағат типті индикатордың эскизін сызып (1-сурет), негізгі
элементтерін сандармен белгілеп, атауларын жазу. 2-суретке сүйеніп,
біліктің радиал ұрылуының талабын көрсете отырып, тетікбөлшек эскизін
сызу. Тетікбөлшектерді өлшеп, нәтижелерін дәптерге түсіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |