Практикалық жұмыс 9
«БҰРЫШТЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ
ҚҰРАЛДАРЫ»
Мақсаты:
Әмбебап нониусты бұрышөлшегіштің көмегімен бұрыштарды
өлшеуді үйрену
Тапсырма:
Әмбебап нониусты бұрышөлшегіштің құрылысымен танысу,
бұрышөлшегішпен тетікбөлшек бұрыштарын өлшеу тәсілдерін үйрену.
Материалды-техникалық көрнекілігі:
Әмбебап нониусты бұрышөлшегіш,
бұрыштары бар тетікбөлшектер, тетіктердің сызбасы.
Қысқаша теориялық мәлімет:
Әмбебап нониусты бұрышөлшегіш алмалы-
салмалы сызғышқа1 орнықтырылатын бұрыштықтан 2, негізгі шкаласы бар
жылжымалы транспортирден 4, тұрақты сызғыштан 8, қысқыдан 3, нониус7
шкаласы бар сектордан 6 тұрады. 1 мен 8 сызғыштар арасында пайда болған
бұрыш өлшенетін бұрышқа теңеседі. Бұрыштың шамасы транспортир
шкаласы 4 (градустар) пен нониус шкаласы 7 (минуттар) бойымен
анықталады.Тіреуіш винттің 5 көмегімен транспортир қатайтылады. Негізгі
шкаланың бөлу бағасы-1
0
, ал нониустың
бөлу бағасы-2
/
. Өлшеу нәтижелері негізгі
шкала (градустар) мен нониус
шкаласының (минуттар) көрсеткіштерін
қосу арқылы анықталады.
2-сурет
1-сурет
Тапсырма
Әмбебап нониусты бұрышөлшегіштің эскизін сызып (1-сурет), негізгі
элементтерін сандармен белгілеп, атауларын жазу. 2-суретке сүйеніп, А, Б,
және В бұрыштарын көрсетіп тетікбөлшек эскизін сызу. Тетікбөлшектерді
өлшеп, нәтижелерін дәптерге түсіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |