«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет135/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 3
Инсулиннің үлкен концентрациясы тоқ қоянда байқалады, өйткені қандағы глюкозаның жоғарғы деңгейі (тамақтанған соң) инсулиннің синтезі мен оның қанға босап шығуын ынталандырады, ал глюкозаның төменгі деңгейде болуы (ашығу кезінде) гормон секрециясын тежейді.
Есеп № 4
Қалқанша безі гормондары инсулиннің антагонистері болып табылатындықтан, бездің бір бөлігін алып тастау кезіндегі олардың қандағы мөлшерінің төмендеуі қантты диабеттің көріністерінің азаюына, әсіресе гипергликемия деңгейінің төмендеуіне әкеледі.


Есеп № 5

  1. Анықталған зат алмасу бұзылыстары инсулин жеткіліксіздігіне негізделген.

  2. Инсулин секрециясының жеткіліксіздігі кезінде, глюкозаның жасушаға өтуінің азаюы және глюкозаның фосфорлануына, глюкоза-6-фосфат түзілуіне қатысатын фермент гексокиназа белсенділігінің төмендеуі салдарынан, гексокиназдық реакция жылдамдығы күрт төмендейді. Глюкоза-6-фосфат, глюкозаның жасушадағы ары қарайғы алмасуын – оның гликоген синтезіне, пентозофосфаттық циклге, гликолизге қатысуын анықтайтын, глюкоза алмасуының бастапқы метаболиті болып табылады. Гексокиназдық реакцияның бөгелуі глюкозаның энергетикалық алмасуының барлық жолдарындағы оның қолданылуының бұзылуын негіздейді. Мұндай жағдайларда энергия көзі ретінде май қышқылдары қолданылады. Майлардың май қорларынан бірден мобилизациялануы жүреді, май тіндері жасушаларында нейтралдық май синтезі тежеледі, липолиз және май қышқылдарының бауыр жасушаларына тасымалдануы күшейеді.

Есеп № 6
Егеуқұйрықтар қаншалықты жас болса, тиреоидэктомия салдарлары соншалықты ауыр болады, өйткені тироксин және үшйодтиронин толық психикалық және соматикалық дамуды қамтамасыз етеді.


Есеп № 7

  1. Организмге йод түсуінің жеткіліксіздігі тиреоидтық гормондар синтезінің төмендеуіне әкеледі. Қанда олардың деңгейінің төмендеуіне жауап ретінде гипофизда тиреотроптық гормондардың өндірілуі күшейіп, олардың әсерінен қалқанша безінің гиперплазиясы дамиды.

  2. Йод жеткіліксіздігі кезіндегі қалқанша безінің ұлғаюы эндемиялық зоб деп аталады.



Есеп № 8
Тиоурацил органикалық емес йодид ионының органикалық байланысқан йодқа айналуына кедергі жасайды, осыдан тиреотроптық гормондардың адекваттық мөлшерінің биосинтезі мен секрециясы бұзылады. Гипофиздің алдынғы бөлімі бұл тапшылыққа тиреотропиннің көп мөлшерін өндіру арқылы жауап береді, осыдан тиреотропиннің тым артық болуы қалқанша безі көлемінің ұлғаюына және оның йодидті жинақтау қабілетінің жоғарлауына әкеледі. Осыған байланысты, әрине гипофизэктомия жасалған жануарларда мұндай жағдайлар байқалмайды.


Есеп № 9
Хлорлы натрий ерітіндісін енгізуге жауап ретінде биоэлектрлік белсенділіктің артуына байланысты, ертінді гипертониялық деп тұжырым-дауға болады.


Есеп № 10

  1. Тәжірибелік жануардың қанындағы кальций деңгейі төмендейді.

  2. Қандағы кальций деңгейінің төмендеуі тетанияның дамуына әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет