А1
|
В1
|
А2
|
В2
|
pH
|
7,43
|
7,46
|
7,35
|
7,32
|
pCO2
|
32
|
26
|
30
|
40
|
pO2
|
74
|
69
|
58
|
38
|
SB
|
20,5
|
20,5
|
18,5
|
18,5
|
BE
|
2,5
|
1,5
|
-3,5
|
-5,5
|
№ 37. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.
Дәрігердің қателігін табыныз. –
Шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған естен тану тетіктері қандай?
Осындай жағдайларда мыйдағы қан айналым бұзылыстарына қандай икемделістік тетіктер болуы мүмкін?
Неліктен осы науқаста қан айналым жүйесінің икемделістік тетіктері әсерсіз болды?
№ 38. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.
Сұрақтар:
1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
№ 39. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.
3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.
Достарыңызбен бөлісу: |