Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ШУ МЕН ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет22/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

ШУ МЕН ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРЛЕРІ.
Шу — айналадағы тыныштықты бҧзатын, пайдалы дыбыстарды 
қабылдауға бӛгет жасайтын, адамға теріс ықпал ететін және 
оның еңбекке қабілеттілігін тӛмендететін жағымсыз және 
қолайсыз дыбыстардың жиынтығы
. Адамның қҧлағы 16 дан 2000 
Гц жиіліктегі дыбыстардың толқындарын қабылдайды. 1 
мкВт/см
2
-тен жоғары дыбыстың қарқыны есту талдағышына 
(анализаторына) бҥліндіруші әсер етеді. Дыбыстың қарқыны 
3 кВт/см
2
асып кеткенде адам есінен танады, аяқ-қолының 
салдануы болады және селкілдек дамиды. 
Шудың бҥліндіргіш әсері оның қаттылығы мен жиілігіне 
байланысты. Жоғары жиіліктегі дыбыс толқындары организм 
ҥшін зияндырақ болады. Организмге бҥліндіргіш әсер 
етпейтін дыбыстың қаттылығы 40—50 дБ-ден аспауы керек. 
Оның қаттылығы 80 дБ болса, ол адам денсаулығына зиянды 
әсер етеді. 
Адам организміне шу арнайы (спецификалық) және 
бейнақты (бейспецификалық) ықпал етеді. Оның арнайы әсері 
есту талдағышының қызметін бҧзумен байланысты. 80—100 дБ 
қаттылығы бар шу қҧлақтың есту қабілетін тӛмендетеді, 
біртіндеп 
оның 
мҥкістігіне 
әкеледі. 
Шудың 
есту 
талдағышына 
бҥліндіруші 
әсері 
организмнің 
даралық 
сезімталдығына байланысты және қарт адамдарда ол айқыи 
кӛрінеді. 
Шудың адам организміне бейспецификалық әсері мидың 
сыртқы қыртысына, гипоталамусқа, лимбикалық жҥйеге, 
жҧлынға қоздырғыш әсер етуімен байланысты. Шудың әсерінен 
орталық жҥйке жҥйесінде шектен тыс қатты тежелу болады


34
артынан оның қалжырауы дамиды. Осыдан адамның қатты 
қызбалығы, сезім билеуі, ҧмытшақтығы, ынтасы мен еңбекке 
қабілеттілігінің 
тӛмендеуі 
байқалады. 
Гипоталамустың 
қозуынан кортиколиберин артық ӛндіріліп, аденогипофиз бен 
бҥйрек ҥсгі бездерінің сыртқы қабатының қызметтері 
кӛтеріледі, стресс дамиды. Жҧлынның қозуынан және қозудың 
дербес (вегетативтік) жҥйке жҥйесінің орталықтарына 
тарауынан 
кӛптеген 
ішкі 
ағзалардың 
қызметтерінің 
ӛзгерістері 
байқалады. 
Осыдан 
жҥрек-қан 
тамырлары 
жҥйесінің, ас қорыту жолдарының аурулары дамуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет