Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет119/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Сілеймелік 
(торпидтік) 
сатысы. 
Жоғарыда 
келтірілгендердің әсерлерінен шоктың екінші торпидтік 
сатысы дамиды. Тропидтік (лат. torpidus-мелшиіп, сілейіп 
қалу) немесе тежелу сатысы бірнеше тәулікке дейін 
созылады. 
Жасуша мембраналары рецепторларының конформациялық 
өзгерістерінен 
адрено- 
және 
холинорецепторлардың 
т.б.қабылдағыштардың жауап қайтару қабілеті төмендейді
жасушаларда гормондардың безден тыс жеткіліксіздіктері 
дамиды. Содан ағзалар мен тіндердің жүйкелік-эндокриндік 
реттелулері бұзылады. 
Мида нейрондардың мембраналары бұзылуы нәтижесінде 
серпіндердің синапстармен өткізілуі бұзылады; орталық 
жүйке жүйесінде тыныс алу және қан тамырларының қимылдық 
орталықтары тежеледі. Осыдан шеткері қан тамырларының 
кеңеюі болып, қылтамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды. 
Бауыр жасушаларының мембраналары бұзылуына байланысты 
оның тосқауылдық және уытсыздандыру қызметтері бұзылады. 
Бүлінген тіндерден түскен ыдырау өнімдерінің, ішектерден 
түскен уытты заттардың уытсыздандырылуы әлсіреуінен 
организмнің уыттануы болады. Бұл уытты заттар қанмен 
орталық жүйке жүйесіне өтіп, уытты әсер етеді. 
Жүрек еті жасушаларының мембраналары бұзылуынан оның 
жиырылу-босаңсу 
қызметі 
әлсірейді. 
Бұл 
кезде 
қан 
айналымының жеткіліксіздігі дамиды. Оның негізінде, жүрек 
қызметі әлсіреуімен қатар, қан мен плазманың тамыр 
сыртына шығуы және қанның қалыптан тыс қорларына жиналып 
қалуы жатады. Осыдан айналымдағы қан көлемі үдемелі 
азаяды. Оның негізінде қанның бұлшық еттерде, ішек-қарын 
көк тамырларында іркіліп жиналып қалуы болады. Сонымен 
бірге оларда қылтамырлар кеңиді, майда көктамырлардан қан 
қылтамырларға 
кері 
қайтып 
түседі. 
Қылтамырлардың 
қабырғаларының өткізгіштігі көтеріледі, қанның сұйық 
бөлшегі тамыр сыртына шығады, қан қоюланады, эритроциттер 
тамыр ішінде шоғырланып қалады. Осылардың нәтижесінде 
қылтамырларда қан ағуы тоқтап, стаз дамиды. Организмдегі 
аз қан тіршілікке маңызды ағзалардың қызметтерін сақтауга 
бағытталады. Қанның шеткері тіндер мен ағзаларға түсуі 
азайып, миға, жүрекке жеткізілуі белгілі деңгейде 
ұсталынады. Бұндай жағдайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет