Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет323/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

инфильтрациялық өсу
, лат. in - ішке, filtratio - 
сүзілу, жарып өту) дейді. 
Инфильтрациялық-инвазиялық
(лат. 
invasio - еніп кету, баса көктеп кіру) өсу қатерлі 
өспелердің айқын белгілері болып есептеледі (32-кесте). 
32-кесте 
Қатерлі және қатерсіз өспелердің айырмашылықтары.
Көрсеткіштері 
 
Қатерсіз 
 
Қатерлі 
 
Өсу жылдамдығы: 
 
баяу
 
тез
 


382
Өсу түрі: 
 
экспансиялық 
 
инфильтрациялық- 
 инвазиялық 
 
 
Митоздық 
белсенділігі: 
 
төмен
 
үлкен
 
Қалыпты тінге 
құрылымдық 
ұқсастығы 
 
жақсы 
 
 
көбінесе 
ұқсамайды 
 
Ядроның құрылымы: 
 
көбінесе 
қалыпты 
 күйінде 
 
 
әдетте 
гиперхромды, 
 кедір-бұдыр 
болып 
 өзгерген 
ядыршық- 
тарында т. б. 
құрылым- 
дарында көптеген 
өзгерістер 
байқалады 
 
 
 
 
 
Инвазия: 
 
байқалмайды 
 
заңды түрде 
байқалады 
 
Метастаза: 
 
өте сирек 
 
жиі 
 
Шекарасы: 
 
анық 
 
жай көзбен 
көрінбейді 
 
Кахексия дамуы: 
 
болмайды 
 
болады 
 
Некроз дамуы: 
 
сирек болады 
 
жиі болады 
 
Жарага айналуы: 
 
сирек болады 
 
жиі болады 
 
Қайталануы: 
 
сирек болады 
 
жиі кездеседі 
 
Инфильтрациялық өсудің даму жолдарында және метастаза 
тарауында 
өспе 
жасушаларының 
мембраналарындағы 
ерекшеліктердің маңызы үлкен. Бұларға: 
● өспе жасушаларының мембраналарында протеолиздік 
ферменттер (катепсиндер, коллагеназа, гликозидаза т. б.) 
көп болуынан олар көрші сау жасушалардың мембраналарын 
бүліндіріп, 
өспе 
жасушаларының 
өзара 
жанасу 
мүмкіншіліктерін 
азайтады. 
Осыдан 
жасуша 
бөлінуінің 
жанасулық тежелуі әлсірейді
● өспе жасушаларының арасындағы сұйықта лизосомалық 
қышқыл гидролазалар бос күйінде қалқып жүреді; өйткені 
лизосомалардың 
мембраналарының 
өткізгіштігі 
қатты 
көтерілген. Бұл ферменттер өспе және айналасындағы сау 
жасушалардың мембраналарын өзгертеді; 


383
● 
мембраналардың 
өзгеруінен 
және 
жасуша 
аралық 
заттардың артық ыдырауынан өспе жасушаларының өзара 
байланысуы (адгезиясы) қатты әлсіреген. Өйткені олардың 
сыртында 
адгезиялық 
молекулалар 
кадгериндер 
мен 
интегриндер жоғалған және теріс электр дәрмені ұлғайған, 
Са
2+
иондарының мөлшері азайған; 
● өзара тығыз байланыспаған өспе жасушалары белсенді 
қозғалыста болады. Өспе жасушаларымен өндірілетін нәруыз 
сау тін жасушаларының арасына еніп, өспе жасушаларына 
хемотаксистік әсер етеді. 
Сонымен, өспе жасушаларының мембраналарының бұзылуы 
олардың өзара байланысуын әлсіретеді және инфильтрациялық 
өсу мен метастазалардың таралуына экеледі. 
Қатерлі 
өспелердің 
инвазиялық 
өсуімен 
олардың 
метастаза тарату қабілеті байланысты болады. Метастаза 
(грек.- metastasis - ауысып отыру) тарату деп алғашқы 
өспе ошағынан өспе жасушаларының бөлініп әртүрлі ағзалар 
мен тіндерге ауысып қонуын айтады. Өспе метастазасы 
тарауының бірнеше саты-ларын бөледі: 
● өспе жасушаларының бастапқы түйінінен бөлініп, қан 
немесе лимфалық тамырларға енуі (инвазия); 
● олардың қанмен және лимфамен тасымалдануы; 
● өспе жасушаларьшың тамыр қабырғаларына жабысуы және 
эмбол құрылуы; 
● өспе жасушаларының тамырдың айналасындағы тінге 
шығуы 
және 
түйін 
құрып, 
өсіп-өнуі 
(имплантация). 
Метастаза 
қанмен, 
лимфамен, 
әртүрлі 
қуыстардағы 
сұйықтармен және тікелей жанасу арқылы таралуы мүмкін. 
Әдетте өспеден бөлінген жасушалардың көппгілігі ыдырап 
кетеді. Олардың біразы ғана тамырға кіріп, тасымалдануы 
болады. Обыр жасушалары көпке дейін, ешбір ағзада бекімей
қан және лимфа тамырларымен айналып жүре беруі мүмкін. 
Олардың көпшілігі (95%-ға жуығы) жойылып кетеді. 
Қатерлі өспелердің қатерсіз өспелерден тағы бір 
айырмашылығы — ол хирургиялық жолмен алып тасталынғаннан 
хейін кейде өспе өсуінің қайталануы (рецидиві) байқалады. 
Өспенің қайталануы әртүрлі себептерден болуы мүмкін: 
● хирургиялық тәсілмен өспені сылып тастағанда, оның 
біраз жасушалары сау тін арасында сақталып қалуынан; 
● бұл кезде өспе жасушалары сау тіндерге жасуша аралық 
сұйықпен түсуінен; 
● науқас адамдардан өспені алып тастағанмен зат 
алмасуының өзгерістері сақталып қалады. Бұл өспені 
туындататын заттардың түзілуіне және өспе түзілімдерінің 
жаңа ошақтарының
 
пайда болуына әкеледі. Бұларға жүйкелік-
эндокриндік, иммундық жүйелердің реттеуші қызметтерінің 


384
қалпына келмеуін, себепкер ықпалдардың сақталып қалуын 
қосса, қатерлі өспелердің қайталану мүмкіншіліктері 
түсінікті болады. 
Қатерлі өспелер дамығанда, әдетте адамның қатты арып-
азып, жүдеуін байқауға болады. Мұны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет