Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен



Pdf көрінісі
бет437/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен
бұзылыстарынан дамитын жүрек аритмиялары. 
 
Жүрек етінде электр серпіндерінің қалыптасуы мен 
олардың 
өткізгіш 
жүйемен 
өткізілуінің 
біріккен 
бұзылыстарынан дамитын жүрек аритмияларына жүрекшелер 
тыпыры мен жүрек жыпылығы жатады.
Жүрекшелер тыпыры. 
Жүрекшелердің тыпыры - олардың 
дұрыс ырғақпен өте жиі жиілікте, диастолалық үзіліссіз, 
дәрменсіз жиырылулары. Бұл кезде жүрекшелер минөтіне 220-
400 рет, қарыншалар 150-300 рет жиырылады, және ауыр 
қанайналым бұзылыстарына әкеледі. 
Егер жүрек жиырылулары минөтіне 400-600 ретке дейін 
жетсе, онда оны 
жүрек
жыпылығы 
немесе 
фибрилляциясы 
делінеді. 
Жүрек жыпылығы - деп жүрек ет талшықтары 
бірікпей, 
олардың 
жекелеген 
топтарының 
жиырылуларын 
айтады
. Жүрек еті тұтасып жиырылмайды да, ол қанды қан 
тамырларына айдап шығару қабілетін жоғалтады. Содан 
адамның кенеттен жан тапсыруы болады. Бұндай аритмия 
миокардтың инфарктында, электр соққыдан кейін, ауыр 
кардиосклероз, 
тиреотоксикоз 
кездерінде, 
атриовентрикулалық тесіктің қатты тарылғанында т. б. 
жағдайларда дамуы ықтимал. 
Жүрек 
жыпылығы
 
жүрекшелердің 
және 
қарыншалардың 
жыпылығы болып ажыратылады. Соңгысы біріншісіне қарағанда 
өте ауыр өтеді. Бұл кезде жүректің насостық қызметі мүлде 
тоқтайды, сөйтіп адамның тез жан тапсыруына әкеледі. 
Жүрекшелердің жыпылығы кезінде жүрекше-қарынша аралық 


524
торап арқылы жүрекшелерден қарыншаларға серпіндердің 
көпшілігі 
өтпейді. 
Сондықтан 
қарыншалар 
сирегірек 
жиырылады. Бұндай жағдайда науқас тіршілігін біршама уақыт 
сақтап қала алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет