Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Мидың гипоксиялық бүліністері



Pdf көрінісі
бет575/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Мидың гипоксиялық бүліністері
. Миға оттегі аз түсуінен 
жүйке жасушаларының қызметтері тез арада бұзылады және 
олар тіршілігін жоғалтады. Артериялық қанда оттегінің 
үлестік қысымы с.б.б. 40-50 мм-ге дейін азайғанда 
психикалық бұзылыстар дамиды. Ол 30 мм-ден азайғанда 20 
шақты секөнд ішінде естен тану байқалады. 
Мидың гипоксиясы жиі ишемиядан дамиды. Оның ишемиясы 
таза гипоксияға қарағанда өте ауыр өтеді. Бұл кезде 
артериялық қанмен миға оттегі мен қоректік заттардың 
тасумалдануы бұзылыстарымен қатар, зат алмасу өнімдерінің 
мидан шығарылуы да бұзылады. Олар миға уытты әсер етеді. 
Мидың 
ишемиясы 
кезінде 
катехоламиндердің, 
ацетилхолиннің, қоздырғыш және тежегіш аминқышқылдарының 
түзілуі тез арада бұзылады. Артынан бұған ми ісінуі, онда 
сүт және бос май қышқылдарының жиналуы, бос радикалдар 
өндірілуі, жасушалар ішінде натрий мен кальций иондарының 
көбеюі, жасуша сыртына калий көптеп шығарылуы, нитроксид 
құрылуы т.б. қосылады. 
Натрий нейрондардың ішіне енуден олар ісініп, лизиске 
ұшырайды. Кальций иондары нейрон ішінде көбейгендіктен 
фосфолипаза А
2
ферменті әсерленіп, нейрон мембранасындағы 
фосфолипидтерді ыдыратады. Осыдан арахидон қышқылының бос 
радикалдары құрылып, май қышқылдарының асқын тотығуын 
арттырады. Содан нейрондардың қайтымсыз бүліністері болып, 
некроз дамиды. 
Сонымен бірге кальций иондары қышқыл протеазалар мен 
эндонуклеазаларды әсерлендіреді. Протеазалар нәруыздарды
эндонуклеазалар ДНК молекуласын бөлшектейді. 
Нейрондардың сыртында калий иондары көбеюден мембрана 
деполяризациясы болып, тырыспа-селкілдек дамиды. 
Гипогликемиядан ми бүліністері. 
Қанда глюкозаның 
деңгейі 2,2-1,7 мМ/л-ге дейін азайғанда алдымен ми 
қыртысының, артынан оның бағанасының қызметтері бұзылады. 
Гипогликемия кезінде қатты әлсіздік, бас ауыруы, қызбалық
ұйқы 
басу, 
қимыл-қозғалыстың 
үйлесімсіздігі 
т.б. 
әйгіленімдер байқалады. Ауыр жағдайларда тырыспа-селкілдек 
және кома дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет