Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Нейрон мембраналарының бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет580/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   576   577   578   579   580   581   582   583   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Нейрон мембраналарының бұзылыстары. 


689
Әртүрлі улы заттар, ауыр металдар, антинейрондық 
антиденелер, 
ишемия 
т.б. 
нейрон 
мембраналарының 
бүліністеріне әкеледі. Оның даму жолдарында: 
● май қышқылдарының асқын тотығуы (МАТ) артып кетуі
● энергия тапшылықтығы - маңызды орын алады. 
Май қышқылдарының асқын тотығуы (МАТ) артып кетуі. 
МАТ 
белгілі 
деңгейге 
дейін 
нейрон 
мембраналарының 
өткізгіштігін реттеп, қорғаныстық қызмет атқарады. 
Ал,жүйке жүйесінің көптеген дерттерінде (мәселен, 
қояншық ұстамасы, жүйке тозуы, жан жарақаттары мен 
күйзелістері, ми ишемиясы, шайқалысы т.б. кездерінде) май 
қышқылдарының асқын тотығуы тым артып кетеді. Осыдан бос 
радикалдар мен асқын тотықтар нейрон мембраналарының 
тұтастығын бүліндіреді. Олардың тосқауылдық қабілеті 
бұзылуынан кальций мен натрий иондары нейрон ішіне көптеп 
енеді, калий иондары оның сыртына шығады. Содан әрекет ету 
потенциалының 
қалыптасуы 
және 
Са
2+ 
насостарының 
жеткіліксіздігінен мембрананың реполяризациясы бұзылады. 
Осылардың нәтижесінде нейрондардың белсенділігі көтеріледі 
және күшейген дерттік қозу ошағы (генераторы) пайда 
болуына қолайлы жағдай дамиды. 
Нейрон мембраналары өткізгіштігінің артуы иейроннан 
антиген шығуына, аутоиммундық үрдіс дамуына әкеледі. Жүйке 
тініне 
және 
нейромедиаторларға 
қарсы 
түзілген 
аутоантиденелер аксондық ағым бойынша нейрондардың бүліну 
аумағын үлкейтеді. 
Жасуша ядросының мембраналары бүліністерінен геномның 
бүлінуі РНК мен нәруыз түзілуі бұзылуы, құрылымдық 
өзгерістер дамуы байқалады.
Сонымен бірге, МАТ-на байланысты мембраналардағы 
өзгерістер олардағы қабылдағыштардың (рецепторлардың) 
биологиялық белсенді заттарды (медиаторлар, трофогендер) 
байланыстыруға қабілетін өзгертеді. Осының нәтижесінде 
нейрондардағы рецепторлар дәрілік заттарды да байланыстыру 
қабілетін жоғалтады. Содан емдік дәрілердің әсері азаяды. 
Сондықтан бұндай жағдайларды емдеу үшін ең алдымен 
антиоксиданттар мен мембрананы тұрақтандыратын заттарды 
пайдалану маңызды. 
Сонымен қатар, жүйке жасушаларының мембраналарында 
фосфолипаза ферменттерінің артық әсерленуі байқалады. Ол 
нейрондарда 
лизосома 
мембраналарының 
өткізгіштігі 
жоғарылауынан және нейрондардың ішіне Са
2+
иондарының 
артық енуінен болады. Осыдан, нейрон мембраналарын одан 
сайын бүліндіретін, бос май қышқылдары мен лизофосфатидтер 
жиналып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   576   577   578   579   580   581   582   583   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет