Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Аксондық  тасымалданудың



Pdf көрінісі
бет583/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Аксондық 
тасымалданудың 
бүзылыстары. 
Аксондардың 
бойымен, жүйкелік серпіндердің өткізілуімен қатар, нейрон 
денесінен жүйке аяқшаларына дейін және кері бағытта 
әртүрлі заттардың (трофогендердің, аутоантиденелердің) 
тасымалдануы болады. 
Нейронда көптеген заттар түзіледі. Олар нейроннан 
аксондардың бойымен жүйкеленетін жасушаға және соңғысынан, 
кері бағытта, нейронға қарай тасымалданады. Аксондық 
тасымалдану 
жүйкелік 
майда 
талшықтардың, 
ұсақ 
түтікшелердің және жиырылғыш актин мен миозин сәйкес 
нәруыздардың 
қатысуымен 
болады. 
Майда 
талшықтардың 
жиырылуы кальций иондарының қатысуымен дамиды және АТФ 
энергиясын падаланып өтеді. Аксоңдық тасымалдану ұсақ 
түтікшелер мен жүйелік майда талшықтардың бүліністерінде 
(колхицин, винбластин т.с.с. химиялық заттармен уланулар 
кездерінде), АТФ жеткіліксіздігінде; метаболизмдік улардың 
(цианидтер, динитрофенал т.б.) әсерлерінен бұзылады. 
Сонымең 
бірге, 
аксондардың 
бойымен 
заттардың 
тасымалдануының бұзылыстары: 
● В
1
және В
6
витаминдерінің жеткіліксіздігі нәтижесінде 
аксондардың құрылымдық бүліністері кездерінде
● өндірістік улардың (акриламид, гекахлорофос), ауыр 
металдардың (қорғасын, кадмий), дәрілік препараттардың 


693
(дисульфирам), ішімдіктердің әсерлерінен; 
қантты диабет кезінде
● аксондардың сыртынан қысылып қалғанында – байқалады. 
Жүйке тіндері мен нейромедиаторларға қарсы антиденелер 
аксондардың бойымен нейроннан нейронға тарайды. Осыдан 
тіпті алыста орналасқан ОЖЖ бөліктерінің нейрондарына 
дерттің тарауы болады. 
Дендриттердің бүзылыстары.
Дендриттер нейронға ақпарат түсуін қамтамасыз етеді 
және олар серпіндерді өткізу мен біріктіру қызметтерінде 
маңызды орын алады. Дендриттердің сыртындағы тікенектері 
түйіспелік байланысу бетін үлкейтеді (-сурет). 
- сурет. Дендриттердің құрылымы.
Дендриттер мен олардың тікенектері нейронның ең нәзік 
құрылымдарына жатады және әртүрлі дерттер кездерінде олар 
тез бүлінеді, жоғалып кетеді. Қартаю кезінде олар азаяды, 
жүйкелік трофиканың бұзылысы болады, мидың қызметі 
бүлінеді. Сондықтан қартаюдан алжу кезінде дендриттер мен 
олардың тікенектері анықталмайды. Олар гипоксия, ишемия, 
уыттану, 
жарақаттану, 
электросоққы 
кездерінде 
ми 
шайқалуында, невроздық және стрестік әсерлерден бұзылады. 
Микротүтікшелердің бұзылуы дистрофиялық өзгерістерге, 
эндоцитоздың күшеюіне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет