Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік



Pdf көрінісі
бет588/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік 
себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы.
Нейронаралық байланыстардың бұзылыстары.
Жүйке жүйесі 
бұзылыстарының 
негізінде 
нейронаралық 
байланыстардың 
эндогендік 
өзгерістері 
жатады. 
Осының 
нәтижесінде 
белсенділігі көтерілген жүйке жасушасы пайда болады. Бұл 
жасушада қозу үрдісі тежелу үрдісінен басым болады да, ол 
көптеген серпіндер өндіре бастайды. Осындай жүйке жасушасы 
эпилепсияланған нейрон деп аталынады. 
Жүйке 
жасушасының 
белсенділігі 
көтерілуі 
мына 
себептерден болуы мүмкін: 
● жүйке жасушасында бірден қозу үрдісі қатты көтеріліп 
кетуден; 
Ол 
қоздырғыш 
аминқышқылдарының 
(глутамин, 
аспарагин, L-гомоцистеин қышқылдары) әсерлерінен жүйке 
жасушасының ішіне натрий, кальций иондары енуі артып, оның 


700
мембранасында қатты деполяризация туындауынан болады.. 
Осыдан жүйке жасушаларында қозу үрдісі пайда болып, оның 
серпін өндіру белсенділігі артьш кетеді. 
● жүйке жасушасында тежелудің тапшылығынан; Қалыпты 
жағдайда нейрондардың тежелуіне әкелетін жүйкелік медиатор 
болып гаммааминомай қышқылы (ГАМК) және глицин есептеледі. 
Нейрон мембраналарында бұл тежегіш нейромедиаторларды 
қабылдайтын рецепторлар болады. Олардың әсерлерінен хлор 
ионы нейрон ішіне енеді. Содан нейронның тежелуі болады. 
Сол себепті тежелудің бірінші тапшылығы мида ГАМК аз 
өндірілуінен 
немесе 
оны 
қабылдайтын 
рецепторлардың 
сезімталдығы төмен болуынан дамиды. Осыдан нейронның 
белсенділігі көтеріліп кетеді де, ол көптеп серпін өндіре 
бастайды; 
● нейронның белсенділігінің көтерілуі оның тежеуші 
әсерден шығып кетуінен дамиды. Бұндай жағдай нейронның 
дефферентациясы нәтижесінде болады. Нейронның белсенділігі 
көтеріліп, онда қозу үрдісі тежелуден басым болуында, 
нейрон ішіне Са
2+
иондарының көптеп енуі маңызды. 
Белсенділігі көтерілген жекелеген нейрондар ОЖЖ-нің 
бұзылыстарына әкелмейді. Ал, өте қуатты серпіндер ағынын 
туындататын белсенділігі тым көтеріңкі нейрондар тобының 
жиынтығы ғана ОЖЖ-нің бұзылыстарына әкеле алады. Осындай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет