Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


тым қуатты серпіндер ағынын туындататын, белсенділігі өте



Pdf көрінісі
бет589/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

тым қуатты серпіндер ағынын туындататын, белсенділігі өте 
жоғары және өзара әрекеттесе алатын нейрондар топтарының 
жиынтығын күшейген дерттік қозу генераторы (КДҚГ) дейді
(Г.Н.Крыжановский). Ол тежелудің бірінші бұзылыстарынан 
(сіреспе 
уытының, 
стрихниннің, 
пеницилиннің 
т.б. 
әсерлерінен), 
қоздырғыш 
аминқышқылдарымен 
(глутамин, 
аспарагин т.б.) синапстардың ұзақ түрткіленуінен, мидың 
ишемиясы мен ишемиядан кейінгі реперфузияның әсерлерінен, 
нейрондардың деафферентациясынан дамиды. 
Бұл 
генератор, 
ешбір 
сыртқы 
әсерсіз-ақ, 
өзінің 
белсенділігін жоғары деңгейде өз бетінше ұстап тұрады. 
Күшейген 
дерттік 
қозу 
генераторы 
ОЖЖ-нің 
басқа 
құрылымдарына белсенді түрде әсер етіп, оларды дерттік 
серпілістерге жұмылдырып, дерттік жүйеге біріктірсе, ол 
дерттік анықтаушы (детерминанта) делінеді. 
Дерттік детерминанта - дерттік жүйені қалыптастыратын, 
анықтайтын және басқаратын негізгі эндогендік құбылыс. 
Сондықтан осы дерттік анықтағыштың белсенділігін дәрі-
дәрмектердің жәрдемімен төмендету немесе оны хирургиялық 
әдіспен жою арқылы ОЖЖ бұзылыстарын емдеуге болады. 
Мәселен, мидың сыртқы қыртысындағы белсенділігі көтерілген 
нейрон ошағын хирургиялық әдіспен алып тастау арқылы 
қояншық ауруын емдеуге қол жеткізеді. 


701
Дерттік жүйе - деп ОЖЖ-нің бүліністерінен пайда 
болатын жаңадан қалыптасқан дерттік өзгерістерді дамытып 
тұратын функциялық құрылымды айтады.
Бұл жүйенің мысалы 
болып, 
дерттік 
қасыну 
рефлексін 
келтіруге 
болады. 
Тәжірибеде егеуқүйрықтардың жұлынында күшейген дерттік 
қозу генераторын жасанды түрде туындату арқылы дерттік 
қасыну рефлексін байқауға болады. Бұл жағдайда тәжірибелік 
жануарлар артқы аяқтарымен қатты қасына бастайды. Уақыт 
өткен сайын қасыну, тері мен еті жыртылғанына қарамай, 
күшейе береді. Осындай еріксіз қозғалыстар адамдардың да 
жүйке жүйесінің көптеген дерттерінде кездеседі. 
Әрбір дертке өз бетінше дерттік жүйе қалыптасуы тән. 
Мәселен, 
қояншық 
ауруына, 
паркинсонизмге, 
қорқыныш 
сезіміне, құбыжық (фантомдық) ауыру сезіміне т.б. ми 
қызметінің 
бұзылыстарына 
өзінің 
дерттік 
жүйесі 
қалыптасады. 
Сайып келгенде, жүйке жүйесінің әртүрлі бұзылыстарында 
салдарлық эндогендік себепкер ықпалдардың - «күшейген 
дерттік қозу генераторы-дерттік анықтаушы-дерттік жүйе» 
қалыптасуы маңызды орын алады. Бастапқы кезінде дерттік 
жүйе дерттік анықтаушыдан тікелей байланысты дамиды. Сол 
себептен 
дерттік 
анықтаушының 
белсенділігі 
артқанда 
дерттік жүйенің де белсенділігі көтеріледі. Ал, дерттік 
анықтаушы аластанғанда дерттік жүйеде жоғалады. Артынан 
дерттік жүйе, анықтаушы аластанса да, қалыптасқан күйінде 
сақталып қала береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет