708
бір бөлігінде пайда болған алғашқы генератор ауыру сезімі
жүйесінің
басқа құрылымдарын жұмылдырып, ауырудың дерттік
жүйесін қалыптастырады. Осыдан ауыру сезімінің
орталық
тетіктері бойьшша күтпеген жерден, ешбір сыртқы әсерсіз-
ақ, оның ұстамалары пайда болады. Күшейген дерттік қозу
генераторы ауыру туындататын жүйке жүйесінің орталық
бөліктерінде (жұлында немесе мида) орналасуы мүмкін. Оның
пайда болу жолдарында:
● шеткері жүйкелерден (невриттер, жүйке талшықтарының
миелин қабығы жоғалуы, жүйкелердің жарақаттануы кездерінде
т.т.)
жұлын
мен
мидағы
орталықтарға
бағытталған
серпіндердің артық түсуі;
● ауыру туындататын жүйенің нейрондарында тежелудің
біріншілік
тапшылығы
күшейген
дерттік
қозу
ошағын
туындатады. Бұндай жағдай жануарлардың жұлынының артқы
мүйізіне пенициллин,
сіреспе уытын, стрихнин т.б. тежелу
үрдісін бұзатын заттар енгізгенде байқалады;
● күшейген дерттік қозу генераторы пайда болуының
үшінші бір себебі болып, сезімтал жүйкелердің
жартылай
кесілуі (деафферентациясы) есептеледі. Мәселен, жанбас
жүйке талшықтарының кесілуінен алдымен жұлынның артқы
мүйіздерінің, артынан мидың сыртқы қыртысы мен таламус
ядроларының қалыпты тежелуден шығып кетуінен олардың
белсенділігі
мезгіл-мезгіл, ұстамалы түрде, көтеріліп
тұрады.
Жұлынның
артқы
мүйіздеріне
тырыспа-селкілдек
туындататын әртүрлі химиялық заттармен әсер ету арқылы
онда күшейген дерттік қозу ошағын алуға болады. Бұл кезде,
әсер еткен заттың түріне қарамай, ауыру сезімі пайда
болады және үштармақ жүйкенің
орталығында, таламустың
ядроларында күшейген дерттік қозу ошақтары қалыптасады.
Көрсетілген күшейген дерттік қозу ошақтарына өте аз
мөлшерлерде
тежегіш
медиаторларды
(глицин,
ГАМҚ)
енгізгенде
ауыру
сезімі
жоғалады.
Осындай
әсерді
кальцийдің шабан өзекшелерінің тежегіштерін (верапамил
т.т.) енгізу арқылы алуға болады. Сонымен бірге, тырыспа-
селкілдек ұстамаларына қарсы қолданылатьш дәрі-дәрмектер
(дифенингадантонин,
карбамазепин
т.б.)
ноцицепциялық
жүйеде күшейген дерттік қозу генераторын әлсіретіп, ауыру
сезімін жоғалтады.
Достарыңызбен бөлісу: