135
дамиды, миозиннің АТФ-азалық белсенділігі көтеріледі,
коронарлық қан тамырларының сыйымдылығы көбейеді, жүйелік
қан айналым жақсарады.
Сонымен, стресс дамуына әкелетін жағымсыз ықпалдар
ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына
организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін арттырады. Бұл
кезде организмнің төзімділігі әсер етуші ықпалға ғана
емес, көптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарылайды.
Былайша айтқанда бір жағымсыз ықпалдан кейін екінші
қолайсыз ықпалдың зиянды әсері әлсірейді. Мәселен,
тәжірибелік
жануарлардың
терісіне
формалин
енгізсе
(стрессор) қатты қабыну дамиды. Ал, формалин енгізер
алдында аз ғана мөлшерде қан алса (екінші стрессор), онда
формалин
жібергеннен
кейінгі
қабынудың
қарқыны
төмендейді.
Сондай-ақ
жануарлардың
көктамырына
протеолиздік
фермент
(трипсин)
жібергенде
(бірінші
стрессор) миокард некрозы пайда болады. Ал, фермент
жіберер алдында жануарлардың бұлшық еттерін электр
ағымымен жарақаттаса (екінші стрессор), онда фермент
жібергеннен кейінгі миокард некрозының мөлшері азаяды.
Осыған байланысты инемен емдеу, қан алу, терінің кейбір
нүктелерлерін күйдіріп емдеу т. с. с. медицинаның
бейдәстүрлі емдеу тәсілдері көрсетілген заңдылықтармен
түсіндіріледі
Организмнің
физикалық
жүктемелерге
жаттығуы
нәтижесінде, бұлшық еттердің күш-қуаты артуымен қатар,
жүрек етін бүліндіретін, артериалық қан қысымын көтеретін
т. б. ықпалдарга оның төзімділігі артады. Ф. 3.
Меерсонның дәлелдеуі бойынша: организмнің қайталанған,
жеңіл ауыртпалық жағдайларға жаттығуы нәтижесінде стресті
шектейтін
жүйенің
қуаты
артуынан,
оның
ишемияга,
радиацияга, улы химиялық заттарға төзімділігі көтеріледі.
Суық
суға
шынығулардың
нәтижесінде
организмде,
термореттеу жолдарының қуаты көтерілуімен қатар, әртүрлі
жұқпаларға организмнің төзімділігі артады. Сондықтан суық
тиюден дамитын дерттер (баспа, жоғары тыныс жолдарының
аурулары, пневмония т. с. с.) алдын-ала ескертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: