251
● қалжырататын қызба (febris hectica). Таңертеңгі
температура мен кешкі температураның айырмашылығы 3-5°С
болуы мүмкін. Бұндай температуралық сызық сепсиске тән.
● келбетсіз қызба (febris athypica). Температураның
тәуліктік өзгеруі бей-берекет, ретсіз болады. Бұндай
температуралар да сепсис кезінде байқалады.
Қазіргі
күні
жұқпалы
ауруларды
антибактериалық
дәрілермен ерте емдеудің нәтижесінде температуралық
сызықтардың
«классикалық»
түрлері
жиі
кездеспейді.
Дегенмен, кейде ауруды нақтылай аңғару үшін олардың
маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: