Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебі Теміржанова Меруерт Әсетқызы



бет2/2
Дата04.07.2018
өлшемі0,62 Mb.
1   2

Олар: 1. Білімдік категориясы

2. Түсіндіру категориясы.

3. Қолдану категориясы.

4. Талдау категориясы.

5. Жинақтау категориясы.

6. Бағалау категориясы.





















Біліктілігі

Белгілері

Оқушы іс-әрекеті







Білуі

Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте ұстауы бұрынғы білімді еске түсіруі білуі

Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды







Түсінуі

Жаңа материалда берілетін білімді түсінуі, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады







Қолдануы

Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайда пайдалана алуы

Бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа жағдайды шешеді







Талдауы

Алған білімді жіктеуі, ең негізгі түйінін, дәнін бөліп ала білуі, яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындай білуі.

Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді.







Жинақтауы

Жеке бөлшектерден дара ұғымдардан тұтас дүние жасай алуы

Ойлап табады, қарастырады, құрастырады, шығарады, байланыстырады







Бағалауы

Жаңа ұғымның жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтай пайымдай білуі

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады



















Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп олардан интеллектуалды орта қүру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек дарындыларды іздеп, тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.

ІІІ. Практикалық бөлім:

2.Тақырып бойынша зерттеу практикалық жұмыстар.

Сын тұрғысынан ойлау- бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.

Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.

Сын тұрғысынан ойлау-оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі.

Сын тұрғысынан ойлау- шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.

Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері:

Есте сақтау;

Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;

Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы;

Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:

Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;

Екінші-бұл ойын қорыту;

Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;

Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;

Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).



Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады.

Сыни ойлаушы:

Өз ойын қалыптастыра біледі;

Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;

Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;

Дәлелді пікірталас құра алады;

Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;

Кезкелген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:

Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;



СТО технолгиясының негізі- сабақтың үшбағыттық құрылымында:

Ой шақыру; Ойлау ; Кері байланыс;



Ой шақыру тапсырмалары:

Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру;

Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;

Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;



Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар-

Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;

Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;

Кері байланыстың тапсырмалары-

Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;

Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;

СТО дамытудың түрі мен құралдары:

Тақырып бойынша жинақ;

Мәтіндер талдауы;

Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;

Ұжымдық пікірталас;

Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;

Дебаттар;

Пікірталастар;

Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;

СТО-жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5 жолды өлең» жинап отыру.



СТО технологиясындағы мұғалім ролі:

Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;

Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;

Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;

Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;

Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;



СТО технологиясының негізгі тәсілдері:

Сұрақтарды дұрыс құру дағдысын дамытуға арналған тәселдер.



«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар кестесі

Неліктен, үш түсінік бер.....?

Неліктен, түсіндір ......?

Неліктен, сіз солай ойлайсыз.....?

Неліктен, сіз солай ойлайсыз......?

Қандай айырмашылығы бар.....?

Не боларын, болжап көр....?

Әйтпесе, не .......?


Кім .....?

Не...?


Қашан...?

Мүмкін...?

Болар...?

Алар ме еді....?

Қалай аталады....?

Болды ма....?

Сіз келісер ме, едіңіз....?

Дұрыс па....?



Блум сұрақтарының түймедағы:



Блум сұрақтарының түймедағы:

Қарапайым сұрақтар- Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.

Дәлелдеуші сұрақтар- «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»

«Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?»



Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? деген сөзден басталады.

Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті қабылдануы мүмкін.

Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.

Бағалау сұрақтары- Неге жақсы, ал жаман?»

« айырмашылығы неде?»



Бұл сұрақтар осы немесе басқа да оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың

бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған .

Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыздар, ... кейін (егер) … қалай болады?

Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .



Практикалық сұрақтар- «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?»

Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған.



Кластерлар (ұяшықтары)

Өтілген материал автор өмірбаянын не мәтін бойынша алуға болады.



Өтілетін материалдың көру айғақтарын ұйымдастыру формалары:

«Қалай, көренеді…..», «Қалай, айтылады…..»

«Қалай, көренеді…..»

«Қалай, айтылады…..»

Сағаттар

Конвейер


Баспалдақ басқыштары

Шынайы сурет



«Бұл жаңа!»

«Бұл қызықты!»

Ән: шумақ, қайырма.


Сын тұрғысынан ойлау:

Тірек сызбалар;

Кестелер;

Логикалық-ойлау кескіндері;



«Болжағыш ағаш» (Дж. Белланс)-ойлау

Тақырып-бұл «ағаштың діңі»

Жапырақтары-бұл жорамал

Бұтақтар-бұл жорамал жасаушы жапырақтардың дәлелі.



«ФИШБОУН» тәсілі (Модель постановки и решения проблемы)

Проблема- проблеманы тудырушы себептер -шешім

Проблеманы тудырушы себептердің айғақтары



«Бағалау терезесі»

Дереу қолдана аламын

Ештеңе түсініксіз

Жақсы маған түсінікті

Ешқашан қолдана алмаспын

(х осі мен у-осі)-осы бойынша оқушылардың қаншалықты түсінгендіктерін анықтауға болады.

ҚАҚ (Қосу-Азайту-қызықты)-авторы Эдвард де Боно.

Қосу (+) –«Не жақсы?», «Несімен жақсы?» деген сұрақтарға жауап беретін айғақтарды жазамыз.

Азайту (-)-«Несі жаман?» деген сұраққа жауап беретін ағйақтар мен ойларды жазамыз.

«?»-«Несімен қызықты?» деген сұраққа жауап беретін оқушыны түрлі ойға салатын ойлар мен айғақтарды жазуға арналған.

Донна Огл кестесі

«Білем-Білгім келеді-Білдім» (БББ)

Б-біз нені білеміз

Б-нені білгіміз келеді

Б-нені білдік және тағы білмеген не қалды




Біз қолданатын ақпараттар тізімі /Басты сөз/

Біз алғалы отырған ақпарат көздері

А

Б

В



Г

Д

Е

Ж



З

1

2

5



4

«Борттық журнал» (Гудлат)

Маған осы тақырып бойынша не түсінікті?

Мәтіннен қандай жаңалық білдім?







«Екі бөлікті күнделік»

Сұрақтар (Цитата)

Тақырыпты түсіну негізі (Коментарий)

Не?

Қалай?


Несімен ерекшеленді?

Неліктен?






«Концептуалды кесте»

Салыстыру сызығы

Абай

Мұхтар

Ұлы ақын







Ұлы жазушы







Шығармалары







Өмірбаяны







Сюжетті кесте

Бұл қарапайым таныс тәсіл. Ақпаратты берген уақыттан бастап жұмыс барысында ойыдың кезеңін анықтап отыру.



Кім?

Не?

Қашан?

Қайда?

Неліктен?
















Инсерт (шартты белгілері)

V

Егер, сіз өзіңіздің ойыңызбен сәйкес келеді десеңіз, не болмаса білемін десеңіз;



+

(қосу) егер, сіз өзіңізге бұл жаңалық десеңіз;)



-

-"(азайту), егер, сіз өзіңіздің білгеніңізбен сәйкес келеді десеңіз, не болмаса осы туралы білсеңіз;



?

Егер, сіз маған түсініксіз десеңіз, осы сұрақ бойынша толық мәлімет алғыңыз келсе



























Ойлану мен оқуға арналған өзіндік белсенділік жүйесінің белгісі:   

" V " – білдім

    " + " –жаңа

    " - " – басқаша ойладым

    " ? " – түсінбедім, сұрағым бар.

Неліктен «6 W»

Why- деген ағылшын сөзінен шыққан, мынандай сұрақтардан тұрады?

Неліктен? Неге? Не себепті?.....

«Неліктен?», «Неліктен?», «Неліктен?» жағдаятында «Иә, сол себепті….»



«Шатастырылған логикалық тізбек»

Мұғалім оқушыларға дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған ретті ұсынады.

Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, мәтінді оқиды, шатастырылған тізбекті белгілейді.

Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі, толықтырады, қатесін түзейді.


Жорамалдау дағдысын дамытудың тәсілдері:

Дұрыс немесе дұрыс емес ойлар;

Сабақтың басында жаңа тақырып бойынша ұғым, соның дұрыс немесе дұрыс еместігін бағалау және өзінің шешімін дәлелдеу қажеттілігі беріледі.

Кері байланыс кезінде оқушыларға бекітілген тақырыптың сабақ басындағы өз шешімінің дұрыстығын бағалауды және өз ойымен алмасуды беру.


«Анадан-мынаған» стратегиясы

1 Тақырып бойынша топтар жалпы тапсырмалар

Алады.


1 топ: Жанғыш пайдалы қазбалар

2. Әр топ мүшесі өзінің зерттеу тапсырмасын алады

1 көмір, 2 газ, 3 мұнай



3. Ақпараттар жинайды

4. Жинаған ақпараттарын топта бөліседі

5. Жалпы бөлінгенді кестеге салып біріктіреді

6 Кесте толтырады

7. Бірлесіп зерттеу тақырыбын жасайды.

8. Зерттеу бойынша перзентация жасайды.


Проблеманы шешу дағдысын дамыту бойынша тәсіл

Миға шабуыл

Карусель. Топпен жұмыс.

Топтағы оқушылар санына қарай тапсырмалар немесе проблемалы сұрақтар. Әрқайсысы өз шешімін жазып келесі оқушыға береді, осылай шеңберді айналып жүре береді.


Пікірталасты жүргізу дағдысын жетілдіру тәсілі:

Рөлдік ойындар

Әрлі-берлі пікірталас

Диалог-талас

Бұрыштар әдісі (оқушылардың белгілі бір позициялы бұрыштарға тұрады. Бір топтан шыққан дәлелді ойды-келесі топтың оқушылары жалғастырып отырады. Оқушылар келесі бұрыштарға ауысып отырады. Қозғалғыш сыныптың ортасында отырады, кезкелген топтың пікірталасына араласа алады)
6 қалпақ (қалпақтардың түстеріне сәйкес ойлау үшін, оқушы өзінің пікірінің дұрыс немесе бұрысын дәлелдейді)
Аквариум
Өз ойы және өзгенің ойын тыңдауды ұсыну тәсілі

Тізбек құру (5 жолды өлең, шеңбер бойынша бір-біріне беретін суреттер. Әрқайсысы 5 жолды өлең құрып, өз ойын дәлелдеп шығуы)

Еркін хат, эссе

Ирек (бірін-бірі оқыту) ауысып отыратын топпен жұмыс.

ҰБО әдістемесі.
5 жолды өлең

1 қатарға-тақырыпты бір сөзбен жазу (зат есім) теңдеу

2 қатарға-тақырыпты 2 сөзбен жазу (екі сын есім) қарапайым, күрделі

3 қатарға-3сөзбен жазылады (етістік) шығарады, табады, қосады

4 қатарға-4 сөзбен жазылады, тақырыпқа жақын сөзбен (сөз тіркесі) (белгісіз сан арқылы шығарылады)

5 қатар-тақырыпқа қатысты синоним. Өрнек


Сын тұрғысынан ойлау:

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық- рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындайды. Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады.Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» ақпараттарды өңдеу керек болады. Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.
Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да , сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі,Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.
Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі.
 Басқалармен таласып оқығанда , талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз.Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады.
Бұл технология сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:

І. Қызығушылықтарын ояту

Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі әдіс – амалдары қарастырылады. Мысалы: «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек» немесе қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту.

II. Мағынаны ажырату

Белсенді түрде оқу. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс – тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

ІІІ. Ой толғаныс. 

Оқуды қорытындылауы.Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі – «топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру». 
Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:

-Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

-арнаулы бір тақырыпта пікір – талас тудыру;

-сөзжұмбақ құрау, шешу;

-шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау;

-өлеңдер құрау, өтірік өлеңдер құрау;

-әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;

Е-лестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

-мазмұндама түрлерін жазу;

-адасқан сөзді орнына қой. т.б.


Ал, сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі:

-Мектеп шеберханасына, мұражайға апару;

-әр түрлі кездесулер ұйымдастырып, одан алған әсерлері бойынша шығарма, өлең жазу;

-суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;

-мектептегі үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;

-газет – журналдарға жаздырып, оны оқу үрдісінде үнемі пайдалану;

-ауыз әдебиетінің түрлерін сабақтарда кеңінен пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологиясын қолдану дегеніміз – келешек ұрпақты еркін дамуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады. Баланың бойындағы қабілетін ашу – одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан – жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау

Адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс – тәсілдерді өз сабағымда қолданамын.Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызамын. Түрлі әдіс-тәсілдің көмегімен өткізген әр сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды берілген мәліметтерден өздігінен білім алуға үйретеді.

Сабақта әр баланың маршруттық парағы болғандықтан әр баланың жұмысын байқауға болады және онымен қатар түзету, жеке дара жұмыстар өткізуге өте тиімді. Әр сабақта құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар пайдаланамын.



Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын

apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сыни тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы

қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын

баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Әңгімені оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.



Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.



Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.

Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

1.Қызығушылықты ояту;

2.Мағынаны тану;

3.Ой – толғаныс.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу технологиясының үш кезеңі



1.Қызығушылықты ояту кезеңі:

Мұғалім міндеті

Оқушы міндеті

Әдіс-тәсілдері

Оқушылардың

қызығушылықтарын сақтай отырып, жаңа тақырыппен жұмыс істеу, бірте-бірте «ескі» білімнен «жаңа» білімге көшу т.б.



Оқушы мәтінді оқиды,

мазмұндайды, талдайды, түсіндіреді, жаңа тақырып бойынша жазбалар жүргізеді.



- Кластер;

- Білемін, білмеймін, білгім келеді кестесін толтыру;

- Екі бөлікті күнделік;

- Берілген сұрақтарға жауап іздеу.



Бұл кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жұмыс жеке, жұппен немесе топпен жүргізіледі.

2.Ой толғаныс кезеңі:

Мұғалім міндеті

Оқушы міндеті

Әдіс-тәсілдері

Өтілетін тақырып бойынша оқушы білімін тексеру, оқушы

белсенділігін арттыру, сабақтың келесі кезеңдерін жоспарлау, алдағы жұмыстарды кескіндеу т.б.



Оқушы өтілетін тақырып бойынша не білетінін еске түсіреді, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, білгісі келетін нәрселерді сұрайды т.б.

- Әңгімелесу;

- Кластер;

- Дұрыс, дұрыс емес атты қағидалар;

- Инсерт;

- Екі бөлікті күнделік;

- Концептуалды кесте т.б.



3.Қорытынды кезеңі:

Мұғалім міндеті

Оқушы міндеті

Әдіс-тәсілдері

Сабақтың алғашқы кезеңіндегі жазбаларға оралып, өзгертулер

мен толықтырулар енгізеді, өтілген тақырып бойынша зерттеулер жүргізеді т.б.



Оқушылар жаңа тақырыптан алған мәліметтер мен оған дейінгі өз білімдерін салыстырады, сол дәуір мен қазіргі дәуірдегі ролдерін

салыстырады т.б.



- Пікірталас;

- Кластер;

- Кесте толтыру;

- Сұрақтарға жауап;

-Шығармашылық жұмыстар жазу;


Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатыңдығын баяңдайды.

Заманымыздың заңғар ойшылы лингвист- ғалым Ахмет Байтұрсынов "Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады "деген екен. Солай болған соң, ең әулі мектепке керегі- білімді, педагогикалық әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Қазіргі білім беру саласындағы оқутыдың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Еліміздің ертеңі жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс- тәсілдер қолдануда. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу- әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.

Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінетіндегі баршамызға аян. Күнделікті тәжірибеміздегі сабақтарда жеті модульді де қолдануға тырысамыз. Соның ішінде өзім сабақ беретін пәндерім қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарымда көп қолданатын тәсіл- білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер- "Диалог негізінде оқыту және оқу" .

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер - " Диалог негізінде оқыту және оқу " және "Қалай оқыту керектігін үйрету" деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль. Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан- жақты, еркін айтуына, ойының дамуына, өзіндік "менің" қалыптастыруына көмектесетін тәсілдердің бірі деп білемін. Ал "Қалай оқыту керектігін үйрету" оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады.

Менің алдымдағы басты мақсатым-шығармашылығы жоғары тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатыма жету үшін озық тәжірибелі педагогтардың іс-тәжірибесі, озық педагогикалық техногияларды басшылыққа алу көп нәтиже береді.

Бүгінгі өмір талабына сай баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маңызы зор екендігі баршамызға мәлім.

Оқутыдың жаңа мүмкіндіктері арқылы ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншіктердің жан дүниесіне сіңіру, арқылы әлемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу- бүгінгі күн талаптарының маңыздысының бірі.

Мен ҚР педагог қызметкерлерінің І (бірінші) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткеніме қуаныштымын. Себебі педагогикалық тәжірибеме қосымша жаңалық енді, өзгеріс, ізденіс пайда болды, оқушыларға деген көзқарасым өзгерді. Өзім сабақ беріп жүрген сыныптарда Кембридж тәсілі негізінде мектеп ішінде бірнеше ашық сабақтар және мұғалімдер арасында түрлі тақырыпта коучинг жүргізіп, педагогикалық кеңесте мұғалімдермен тәжірибе бөлістім.

6 "Ә", 6 "Б" сынып оқушыларымен сабақта топтық жұмыстарды жиі қолданғандықтан олар тақырыпты қалай оқу керектігіне машықтанып қалды. Топқа бөлудегі жаңа әдістер оларға ұнайды, бас кезінде өздері қалағандарымен отырғысы келіп, нашар оқушылардан қашқақтаған еді, қазір оқушылардың белсенділігі артқандығы соншалық олар топта кіммен болатындығын ұмытып, қандай тапсырма орындайтындықтарына мән беретін болды. «Оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болатындығын түсінді.

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі және тіл қай ұлтта , қай өлкеде болса да қасиетті, құдіретті. Ол адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады, сондықтан болар, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра. Әрбір сабағыма дайындықты баланы осы мұраны көзінің қарашығындай қорғауға бағыттаудан бастаймын.

Әрбір сабақтағы ұстанымдарым:

- бүгінгі сабақта оқушы нені білгісі келеді?

-жаңа материалды бала санасына қалай жеткізу керек?

-жеткіншек білімді өз дәрежесінде меңгерді ме, мен ұстаз ретінде балаға жаңа материалды толыққанды меңгерте алдым ба?

"Әлемнің тізгіні- білімдінің қолында" демекші, баланың өзіне деген сенімін туғызып, өз бетімен білім алуға, ізденуіне деген ықыласы мен іскерлігін, оқу- танымдық ынтасы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге әр жеке тұлғаны жан- жақты етіп дамытуға негізделген білім көзі болып табылады.

Диалогтік қарым- қатынаста оқу материалы диалогқа түсудің әрі құралы, әрі нысаны ретінде қолданылып, оқыту коммуникативтік технология сипатына ие болады. Диалогтік қарым- қатынас - екі я одан да көп тұлғалардың тіл үйрену мақсатында сөйлесу, әңгімелесу, тіл қатысу үдерісі. Диалогтік қарым- қатынас оқытудың субьект- субьект қағидасының орындалу шарты ретінде де қаралады.

Диалогтік оқытудың нәтижесінде:

ұжымда, оқытушы, оқушы арасында бәсеке туады.

оқушы өз бетімен ізденеді, шығармашылық ізденімпаздық қабілеті ашылады.

Әдебиет пәнінде диалогтік әңгімелесудің үш түрі де кеңінен көрініс табады:

әңгіме - дебат- бұл әдіс орта бірлесуден гөрі көп жағдайда бәсекелестікке бағытталған, сондықтан сыныптағы ең көп сөйлемейтін оқушының өзі өз пікірін толық білдіріп, өз ойын дәлелдейді. Бұл- баланың тілін дамытады, өзіндік ой- пікірін айту мәдениетін арттырады. Ал әдебиет пәнінде бұл әдіс ең қажет әдістердің бірі.

топтық әңгіме- әңгіме білім алмасу бағытында жүргізілгенмен , оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы маңызды болып саналады.

зерттеушілік әңгіме- топтағы қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, топ арасында ортақ келісімге жетуге тырысады.

Сыныпты жалпы тұтас топ ретінде оқыту кезінде қол көтерген оқушылармен ғана емес, сыныптағы түрлі оқушылармен сөйлесуге мүмкіндік жасаса, мұғалімнің оқушылардың түсінуін нақтырақ бағалай алатыны туралы ойлауға түрткі болады.

Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін мына жағдайлардан аңғаруға болады:

- әр оқушы тақырып бойынша өз ойын айтуға толық мүмкіндік алады;

- басқалардың идеяларын тыңдайды, талдайды, талқылайды;

- өз идеяларын дәлелдеуге талпынады, пікір таластырады;

- мұғалім әр оқушысына толық баға беріп, олардың деңгейлерін анықтай алады.

Жаңа тақырыпты меңгертуде диалогтік оқыту барысында Блум өлшемдеріне сәйкес сұрақтардың да маңыздылығы жоғары. Мұғалім төменірек ойлау деңгейінен жоғарырақ ойлау деңгейіндегі сұрақтарды оқушыларға көбірек бере отырып, балалардың білімін, түсінігін тексереді, бұл жаңа тақырып негізінде тұжырымға келуге көмек көрсетеді деген ойдамын.

Мұғалім мен оқушы арасындағы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог арқылы шәкірт жаңа білімді алуға белсене қатысып, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйренеді. Диалог барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс- әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білімді игереді. Сабақ барысында оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың ойларына қарай ойластырып құрған дұрыс. Сонымен қатар шәкірттермен жақсы қарым- қатынас, тілдік дағдылар, түсіністікпен қарау да өз нәтижесін беріп жатады.

Сабақ барысында оқушы- басты тұлға, басты кейіпкер. Ол білім алу үшін терең ойланып, ізденеді, зерттеу дағдыларын игереді. Сабақтарым негізінен диалогке құрылады. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын тыңдап, өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой- әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Түсінуді басты назарда ала отырып, ынтымақтастықпен білім алу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады. Мен құрған сабақтарда диалог жүргізудің ережелері туралы келісім бар, сыныпта диалогтік үлгі құрылған, оқушылар бір- бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіреді және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып, жұмыс істеуге тырысады. Мен оқушылардың қызығушылығы мен әр оқушының ерекшелігін түсініп, олардың қарым- қатынасы мен эмоцияларына зейін аударып отырамын. "Оқушы мен оқушы" немесе "оқушы мен мұғалім" арасындағы диалогті дұрыс жолға бағыттау арқылы көп нәтижелерге қол жеткіздім. Оқушылардың жарыса диалогтік әңгімеге түсуі, жаңа сабақты қызығушылықпен игеруі, белсенділігі төмен оқушылардың ашылуы мен үшін ерекше қуаныш болды.

Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, мағынаны анықтау үшін дәлелдер айтып, саналы түрде мақсатқа жету жолын таңдайды және олар өзгерістерге ашық болады. Бала сын тұрғысынан ойлана отырып, өз пікіріне ең ұтқыр түсініктеме табады, кез келген проблемада жауаптар емес, сұрақтар табуға ұмтылады. Дәлелдермен сөйлеп дағдыланады. Барлық жасалған қорытындыларды бағалай біледі, дәлелдердің маңыздылығы мен деңгейін түсініп қолдай алады.Басқа да болжам, мүмкіндіктердің болуын және оның орынды екенін, артықшылығын мойындайды. Барлық айтылған көзқарас пен дәлелдерді есепке алып, көңіл бөледі.

Сонымен қатар, мен әр сабағымнан кейін рефлективтік есеп бере отырып, әр оқушының ерекшелігін және өзіме қажетті жаңа ақпараттарды біліп отырамын. Соған орай келесі сабағымды ұйымдастырамын. Рефлективтік есеп жасауға менің кәсіби шеберлігімді жетілдіруде басты рөл атқарды десем болады. Бұрынғы күндерде назардан тыс қалатын талай нәрсе ашылып, сабағымның нәтижелі өтуіне, әр оқушының мүмкіндігін сарқа пайдалануға ұмтылудамын.

Ал оқушының не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлауда рефлективті білім білім беруге жатады. Оқушылардың өзін- өзі бағалауын ұйымдастыру арқылы да көп нәрсеге басқаша қарауға үйренеді. Өзін- өзі бағалау жұмысының бастапқы кезеңінде оқушылардың қиналғанын байқадым. Бірақ бұл тәсіл нәтижелі болды. Оқушылар өзінің кемшілігін білу арқылы келесі сабақтарға бағыт, жоспар құра алды. Яғни, олар өз- өздеріне есеп бере отырып реттелді.

Ал топтық жұмыс барысында құрылған топ ережелері топ ішінде оқушылардың өздік реттелуіне көп септігін тигізді. Топпен жұмыс барысында ынтымақтастық атмосфераның құрылғаны да байқалды.



Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден- бір әдіс.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.

Менің мақсатым қазақ әдебиеті сабағында диалогтік оқыту модулін

қолданудың тиімді жолдарын анықтау. Ең бастысы, қазақ әдебиеті сабағында диалогтік оқыту модулін қолдануда өзіме ыңғайлы әдіс-тәсілдерін таңдап алдым. Сол тәсілдерді қолданып сабағымды жүргізе бастадым.

Әр сабағымды ең алдымен оқушыларды ойландырып, әр түрлі тәсілмен 3-4 топқа топтастырудан бастап және топ басшысына лайық оқушыны тауып отырамын. Мысалы топқа сандарды табу арқылы бөлуде, бірінші болып топтасқан топты «Жарайсыңдар!», «Керемет!» деп мадақтап, бағалап отырудың артығы жоқ. Топ ережесін сақтап отыруға да оқушыларды дағдыландыра бастадым.

Ең бірінші күнделікті сабақ жоспарын басқаша жазудан бастадым. Күнделікті сабақ жоспары үш бөлімнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту

II. Мағынаны тану

III. Толғаныс

Қызығушылықты ояту бөліміне үлкен мән беремін. Балалардың қызығушылығын оятып, психологиялық жағдай қалыптастыру үшін көптеген ойын түрлерін,тренингтер қолданамын. Ол ойындар жаңа сабақтың тақырыбымен ұштасып жатуы керек. Енді сабақ өткізу іс-тәжірибеме тоқталсам.

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жетісудың ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының өміршең өнері жайлы сыр шерту, өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру.
Дамытушылық : өлеңді мәнерлеп оқуға, оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, ой қорыта білуге жетелеу
Тәрбиелік : оқушыларды жаман қасиеттен бойын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жақсы адам болуға тәрбиелеу, адамгершілік
асыл қасиеттерді бағалау.

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру: кіріспе. «Жылы лебіз» стратегиясы: Оқушылар бір - біріне жақсы қасиеттерін айтып гүл сыйлайды. Мысалы: «Мейірімді Альмираға», «Аңқылдақ Дариғаға», «Елгезек Алмасқа» т. б.

Үй тапсырмасы:

1-топ: Дулат Бабатайұлының өлеңі неліктен "О, Ақтан жас, Ақтан жас..." деп аталды, өлең  бойынша жай жоспар құру:

1) Жетімдік

2) Тоқшылық

3) Бозбала шақ,ғашықтық

4) Жастық шақ,батырлық

5) Ел қорғаны

6) Орындалған арман

7) Үміт

2-топ: Неліктен, Дулат Бабатайұлының өлеңін   сұрай  арнау  үлгісінде  жазылған  дейміз? Риторикалық сұрау түрінде жазылған басқа қандай өлеңдерін білесіңдер?

3, 4-топ: Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас...» өлеңі бойынша «Ақтанның болашағы» атты ойтолғау жазу болатын.

«Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз.Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтамын?» және «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.



 Топпен жұмыс орындау:
І - топ тапсырмасы: «Жаныңда жүр жақсы адам» сурет салу.
ІІ - топ тапсырмасы: «Жирен жаман әдеттен» өлең шығару.

ІІІ- топ: «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына шығарма жазу.
Оқушылар жұмыстарын қорғайды, қорытынды шығарады. Спикерлер топтарды бағалайды.

«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын оқытушы жүзеге асырады.



«Болжау» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақтар интерактивті тақтаға жазылады.

Сұрақтар

Оқушылардың жауабы.

Қалай ойлайсыңдар, осы өлеңнің
авторы кім?




Қай заманда өмір сүрген ақын?




Автор қандай адам?




Оқулықтарын ашқызып, өлеңді мәнерлеп оқу. С.Аронұлының «Жақсы мен Жаман адамның қасиеті» өлеңін болжай отырып, аялдамамен оқыды.

1 топ – «Біздің ойымызша С.Аронұлы жақсы адам мен жаман адамды толық сипаттап берді».

2 топ- «С.Аронұлы жалпы «Қасиет» деген сөздің мағынасын ашып, жақсы адамға тән қасиетті бөлек саралап берді», - деп ойлаймыз. Бұл тұрғыда оқушының шығармашылығы дамыды. Оқып отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады. Тақтаға түсініксіз сөздер айтылып, сөздік жазылады:
Әмме – түгел, барлық, күллі
Парқы – бағасы
Ұңғы – балтаның сап салатын жері

Бұл стратегияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда "Венн диаграммасын" қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Өз болжауынан кейін оқушы ойында «Бұл өлең не туралы екен?» деген сұрақ туындап, өлеңге деген қызығушылығы артты. Ой толғауда «Венн диаграммасын» қолдануды тиімді көрдім.



Жақсы адамның қасиеттері

Ұқсастығы

Жаман адамның қасиеттері


Жақсы адам: өзіне сақ, елдің ағасындай, сөзінің пидасы бар, жұғымды, жүзі жылы, сөзі майда, елге жыл құсындай көрінеді. Жақсы адам алысты жақын етеді

Екеуі де адамға тән қасиеттер

Жаман адам: көкрегі көр, көзі соқыр,өтірікші, өсегі көп сүйкімі жоқ адам, балтаның ұңғысындай кеудесі үлкен, сөзі кесек.

Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты «Дебат» яғни, пікір-сайыс өткізуге немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.

Ой бөлісу кезеңі: әр шумаққа түсініктер беріп, бірлесе талқылайды. Ақынның жаманның "көкірегі- көр, көзі- соқыр" деген сөз тіркесін оқушылар ерекше әсермен әңгімелейді. Әр топ оқушыларының бір-біріне ұқсамайтын тұжырымы, түйіні, өзіндік ой пікірін өлеңге қосады, постерлерін қорғайды. Ойлауын дамыта отыра осы шығармадан оқушылар өздері бір-біріне ізденіс жұмыстарына жетелейтіндей жобаларды да ұсынады.

Сабақты қорыта келе, әр топ шығармадан бір-екі сөйлеммен жеткізе отыра тірек сызба ретінде негізгі түйінін шығарады. Жетекшілер бағалауға тоқталып, әр топқа бір ұсыныс ,бір марапаттау сөзбен қорытындылайды. Бағалау парағы арқылы нәтижеге сараптама жасайды.

Үйге тапсырма: Жақсы адамда сенің ойыңша өлеңде айтылғаннан басқа қандай қасиеттер болуы керек жөнінде ой толғаңдар.

Әрине алғашқы кезде қиын болды. Басты кезде уақытымның жетпей қалуы мені көп қобалжытты. Бұған себеп: оқушының баяу қозғалуы;

ойын еркін жеткізе алмауы, өз ойын қағазға тез, жүйелі түсіре алмауы.

Уақыт өте келе, оқушылардан бір өзгеріс байқадым. Ол –оқушылардың бір-бірінен қысылмай ойын еркін жеткізуі. Ең бастысы, біреудің пікірі құнды екенін түсіне бастауы мені таңқалдырды. Әр сабақ сайын сыныпта «Біреудің сөзін бөлме», «Талқылауды мұқият тыңда» т.б. қағидалар тақтада, қабырғада ілулі тұрды. Бұл қағидалардың үлесі көп болды.

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан, әсіресе, «Ой қозғау», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Топтастыру» әдістері болады. Осы әдістер арқылы оқушылардың өз ойларын топта,ұжымда талдай бастады.

Сабақ барысында және соңында «Бүгінгі сабақтың тақырыбы сендерді қызықтырды ма?» , «Достарыңның пікірін қалай бағалайсың?» т.б. сұрақтар беріп отырдым. Сәтті шыққан сабақтардан кейін мақсатыма жеткен жетпегенімді зерттеп, анализ жасап отырдым. Сол анализ арқылы жалпы сыныптың ынтасын жоғалтып алмауға тырыстым. Әр сабақта өтілетін стратегияларды түрлендіріп отыруды жөн көрдім. Ой толғау эссе стратегиясын көбіне сабақты қорытындылау кезінде немесе үй тапсырмасы ретінде қолданған тиімді. Осы эсселер арқылы ең бірінші баланың ойы дамиды. Бала өз ойын қағаз бетіне еркін түсіреді. Диалогтік оқыту модулін әдебиет сабағында қолдану арқылы байқағаным: қандай шығарма болса да, бұрынғыдай еріксіз емес, өз еріктерімен қажеттілік ретінде қызығып оқиды. Өткен сабақпен жеңіл, әрі толық байланыс болады. Кез-келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екендігін сезіне бастады. Оқытудың бұл түрінде оқушы ролі ерекше. Себебі, оқушылардың жеткен нәтижесі.

Оқушы ұжыммен бірігіп жұмыс жасауды үйренеді. Мұғалімінң ғана емес, бір бірлерінің пікірлерін тыңдап, бағалауға дағдыланады. Еркін сөйлеулері байқалады. Орташа оқитын оқушылар да ортаға тартылып өз қырларын таныта бастады. Жазу сабақтарына көзқарастыры өзгерген.

Мектепте оқытылатын кез-келген пәннің өзіндік орны бар. Әйтсе де халықтың рухани қазынасы, ұлттық діл қалыптастырудың бірден-бір қайнар бастауы болып саналатын ана тілі мен тіл әдебиеттің, ата тарихтың білім мен тәрбие беру жүйесінде мәні мен маңызы айрықша.

Қорыта айтсақ, диалогтік оқыту модулінің негізінде оқушы мынадай жетістіктерге қол жеткізеді:

- оқушының шығармашылық қабілеті шыңдалады;

- өз ойын ортада еш қиындықсыз жеткізу, оның дұрыс екендігін дәлелдей алады;

- білімді өз ізденістері арқылы алады, бірін- бірі оқыту, салыстыру, саралау;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады;

-мұғаліммен еркін сөйлесе алады, сырын айтып, бөліседі;

- өзгенің ойын бағалау;

- ой қорытып, өз бетінше тұжырым жасай алады.

Caбaқты диaлoгтік oқыту мoдулiн қолдaну aрқылы сөйлeмейтін oқушының өзiн сөйлeтуге әрeкет жaсатуға болaтынын байқaдым. Oл үшiн мұғалiм оқушығa берeтін сұрaғын жүйeлі жoспaрлай бiлуі кeрек. Жaңа әдiс-тәсiлдердi жетiлдіріп, диалогтік oқытуды сабaқта үнемі қолдaну арқылы оқушылaрдың танымдық қaбілеттері aрттады, зерттеу жұмыстaрын жүргізуге дағдылaнады.

Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялар дүниеге келуде.



Қорыта айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, шығармашылық сабақтардың өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, жан-жақты дамудың алатын орны ерекше екені байқалды. Іс тәжірибемізді қорыта келе, мұғалімдерге мынадай ұсыныс жасаймыз:

Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы пәнге деген қызығушылығы артады;

Мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болуына жағдай жасайды;

Оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік береді;

Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға

ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.



Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыруда, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Оқушыға білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, оқушылардың демократиялық қасиеттерін, таңдау бостандығын,өздігінен іздену қабілеттерін, жеке тұлғаны дамыту мақсатында мектебімізде тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздар қауымы да шығармашылық іс-шараларға белсене ат салысу керек екендігіне көзім жетті. Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады.Өз білімімді жетілдіру мақсатында жеті модульді екі жылдан бері қолданудамын.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу