«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 25 қазақ қыздар гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
« Математикалық логика»
курсына арналған бағдарлама
5-9 сыныптар
Құрастырған: Какеша Маржан
Математика пән мұғалімі
2020 жыл
« Математикалық логика»
курсына арналған бағдарлама
/5-9-сыныптар/
Түсініктеме
Орта мектепте математикаға оқытудың мақсаты оқушылардың ойлау мәдениетінің, оның ішінде логикалық ойлаудың деңгейін көтеру. Мұғалімнің негізгі міндеті есеп шешуге немесе теорияны дәлелдеуге ғана үйрету емес, керісінше үйретілген материал негізінде ойлауға, қорытынды жасауға, жалпылауға, саралауға үйрету. Алайда мектеп бағдарламасымен ғана бұл міндеттің барлығын шешу мүмкін емес.
Ойлау әдістерін меңгерту үшін математикалық логика курсын қосымша ұйымдастырудың пайдасы көп.
Бұл орайда оқушылардың білім ауқымын кеңейту, пәнаралық байланыстың мүмкін болатын деңгейін кеңейту үшін математика пәнінде ғана қолданылатын логика шеңберінен шығып, логиканың жалпы заңдылықтарымен танысу қажеттігі туындайды.
Курстың мақсаты кез келген математикалық есепті берілген шартына сай шешу жолын ұсыну, дәлелдеу дағдыларын дамыту. Дәлелдеудің қатаңдығы оқушылардың жас ерекшелігін ескереді.
Курс нәтижесінде оқушылар кез-келген математикалық есептерді талдай алатын , маңыздылықтарын ұмыт қалдырмай ұтымды жолмен дәлелдеп, ұқсас түрлендірудің мағнасын түсінетін және тағы басқадай логикалық ойлау әрекеттерін меңгеруі тиіс. Мұнымен қатар түрлі пәндер бойынша ауызша жауап пен шығарманың логикалық тұрғыдан қайшылықсыз болуына да талап қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |