Білімі және дағдысына қойылатын талаптар.
Оқушылар нені білуге тиісті:
5-сынып: Логиканың пайда болу тарихын, математикалық логика, формальды логиканы, сандық ребустарды, сандар жиынын, күнтізбе есептерін, тор көзді қағазда қию және жыинастыру есептерін, өлшеу есептерін, диаграмманы, дирихле принципін, сыиқырлы квадратты.
Жиын: Жиын элементтерін, жиынның берілу тәсілдерін, ішкі жиын, сан жиындарын, жиындарға қолданылатын амалдарды білу.
6-сынып:Ұғымның түрлерін, бөлінуін, абстракты және нақтылы ұғымды, ақиқат және жалған ұғымды, қатысты, қатысты емес ұғымдарды.
Өлшеу есептері, дирихле принципі, процентке берілген есептер, пропорцияға есептер, сыиқырлы квадрат, сандар тізбегі, сәйкестендіру және салыстыру, диаграмма, кестемен жұмыс, графикпен жұмыс жасай білу.
7-сынып:
Математикалық сөйлемнің жалпы түрлері, математикалық сөйлемнің құрылымы, математикалық софизм, күрделі пікір, күрделі пікірге қолданылатын амалдар, Теорема, математикалық сөйлемнің қарсы позициясы, Символикалық амалдар, комбинаторика, алмастыру, көпмүшеліктер, жоғары дәреже. Геометриялық есептер, дирихле принципі, графтар теориясы, комбинаторика есептері, ықтималдықтар теориясы, сандар қатары, сан тізбегін білу.
8-сынып:
Пікір туралы түсінік, және, немесе, емес, кері тұжырым, пікірге қолданылатын амалдар, күрделі пікір, конъюкция, дизъюнкция, импликация, эквиваленттілік, анализ, синтез, ақиқат кестесіне амалдар қолдануды, геометриялық есептерді, графтар теориясы, комбинаторика есептері, ықтималдықтар теориясы, сандар қатары, сан тізбегі ұғымын білу.
9-сынып: Тұжырым туралы түсінікті, математикалық тұжырымның түрлерін, логикалық формуланы түрлендіруді, ақиқатты тексеруді, сөйлем және пайымдауды, ақиқат және құрама пайымдауды, логикалық пайымдауды, математикалық сөйлемге анализ жасауды, аргументтер, дәлелдеудің құрылымын, дәлелдеудің тәсілдерін, комбинаторика, алмастыру, теру, ықтималдықтар теориясы, сандар қатары, сан тізбегі ұғымын білу.
Достарыңызбен бөлісу: |