«Павлодар вагон жөндеу депосы» өндірістік филиалының техникалық базасы



бет3/9
Дата05.09.2020
өлшемі269,09 Kb.
#77171
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.3 Кәсіпорын жұмысының бағыты
Қазақстан Республикасында, Чехияда шығарылған локомотивтер пайдаланылады. ЧМЭ3 сериясы – электрлік бергіші бар, маневрлік тепловоз ТМД территоряларында пайдаланылатын: Чехияда шыққан тепловоздар ЧС әріптерімен белгіленеді.

Жеткізілетін бекеті бір белгілі вагондарды пойыздарға біріктіру тəртібін пойыздарды мамандандыру деп атайды.

Жүк пойыздарын былайша жіктейді:

1. Құрастыру жағдайына қарай:

- жүкті жөнелтушілердің қатысуымен ұйымдастырылатын жөнелтуші жəне сатылы маршруттық пойыздар;

- техникалық жəне жүк стансаларында жүк жөнелтушілердің қатысуынсыз құрастырылатын пойыздар.

2. Жүріс сапарының қашықтығына қарай:

- бір немесе бірнеше техникалық стансадан өңдеусіз өтетін өтпелі пойыздар;

- бір телімде құрамын өзгертпестен өтетін телімдік пойыздар;

- вагондарды телімнің аралық стансаларына тарататын (жинайтын) құрама пойыздар.

Олар өз кезегінде былайша бөлінеді:

- телімнің аралық стансаларының бір бөлігінде ғана жұмыс істейтін аймақтық;

- екі жəне одан да көп телімдердің барлық немесе негізгі аралық стансаларында жұмыс істейтін (ұзартылған телімдерде);

- телімнің бір бөлігінен тоқтамастан өтетін құрама-телімдік пойыздар;

- техникалық стансалардан жұмыс көлемі үлкен кейбір аралық стансаларға дейін жөнелтілетін жақынаралық пойыздар. Бір тораптағы стансалар арасында қатынайтын жəне арнайы бөлінген тораптық локомотивтер паркі қызмет көрсететін тораптық пойыздар; Жолдарды жөндеу мен тазартуға, қарды тасып əкетуге т.с.с. арналған шаруашылық пойыздар.

3. Қамтитын вагондарының күйіне қарай:

- тиеулі (жүк) пойыздар;

- бос пойыздар;

- құрама (тиеулі жəне бос вагондардан тұратын) пойыздар.

4. Құрамдағы топтарының санына қарай:

- сұрыптау немесе жүгін түсіру стансасы бір вагондардан құралған – біртопты пойыздар;

- топтық пойыздар.

5. Жүріс жылдамдығына қарай:

- масса нормасы азайтылған жəне көтеріңкі маршруттық жылдамдықпен жүретін жедел жəне жеделдетілген. Бұлар – рефрижераторлық жəне контейнерлік пойыздар, сүт таситын пойыздар жəне т.с.с.;

- əдеттегі пойыздар.

Маршруттық пойыздар былайша бөлінеді:



1М. Ұйымдастыру жағдайына қарай.

2-сурет – «РТЖ» ААҚ темір жолдар желілерінде жүк пойыздарын мамандандыру сызбасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет