Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары



бет66/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

3-параграф. Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары

      237. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

      Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы бойынша жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.

      Оқу процесінің сапасын бақылауды, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады.

      Білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Педагогтік кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.

      Педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.

      Оқу кабинеттерін және лабораторияларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтау жұмыстарын үйлестіреді.

      Практикаға оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді зерделейді және таратады.

      Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.

      Оқу жұмысы жөніндегі есептілік құжаттарды уақытылы жасауды, олардың дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.

      Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

      238. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      педагогика және психология негіздерін,

      қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

      басқарудың инновациялық әдістерін;

      экономика, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

      құқық, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

      239. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес;

      "басшы" (санаты жоқ), "үшінші санатты басшы", "екінші санатты басшы", "бірінші санатты басшы" біліктілік санатының болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет