Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Басшының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары



бет65/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

2-параграф. Басшының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

      234. Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын басқарады.

      Білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды.

      Білім беру ұйымының әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссия, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөнінде есептік құжатты дайындау жөніндегі кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін үйлестіреді.

      Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетеді, облыстық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да басылымдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізуді, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді.

      Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.

      Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастырады және талдайды, эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды.

      Оқытудың инновациялық әдістерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді.

      Оқу кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқудың техникалық құралдарымен жарақтау, кітапханаларды оқу әдістемелік және көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен толықтыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда жәрдем көрсетеді.

      Ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді, білім алушылардың ғылыми қоғамдары жұмыстарын ұйымдастырады.

      Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.

      Ғылыми және оқу-әдістемелік қызмет нәтижелері туралы есеп береді.

      Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

      235. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

      басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

      236. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес;

      "басшы" (санаты жоқ) "үшінші санатты басшы", "екінші санатты басшы", "бірінші санатты басшы" біліктілік санатының болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет