Мектеп әдіскелері мен педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейіне, оқушылардың әр түрлі сайыс-жарыстарға қатысу дәрежесіне және оны одан әрі жақсартудағы іс-әрекеттер нәтижесіне сәйкес мемлекеттік баға беру.
1.Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттары:
1) тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау;
2) Мемлекеттік стандартқа сәйкес педагогтардың әдістемелік шеберлігі мен кәсіби біліктілік деңгейінің диагностикасын жасау.
3) Әдістемелік қызметке оның қазіргі жағдайы, негізгі іс-әрекет бағыттары және жалпы жұмыс нәтижесін анықтау мақсатында талдау жасау.
2.Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) педагог қызметкерлерді аттестаттау — педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) біліктілік тестілеу – біліктілік санатты арттыру және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерді аттестаттау кезеңдерінің бірі;
4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.
3. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагог қызметкерге, объективті, ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін; ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.
4. Аттестаттау 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
5.Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілеттік орган жүзеге асырады.
6.Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері белгіленген штаттық кестеге және еңбек шартында, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта көрсетілген лауазым бойынша аттестаттаудан өтеді.
Бір біліктілік ретінде дипломда көрсетілген білімі туралы дипломда көрсетілген пәннен сабақ берген жағдайда дипломда көрсетілген біліктілікке сәйкес пәнді көрсете отырып, лауазымдық негізде аттестаттау өткізіледі.
Педагог қызметкер курсты өту нәтижесінде алынған сертификаттың негізінде сабақ беретін қосымша пәндер бойынша аттестатталады.
7. Шағын жинақталған мектептерде сабақ беретін педагог қызметкерлер дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және тиісті сертификаты бар жағдайда қосымша (аралас) пәндер бойынша курстардан өткенін ескере отырып аттестаттаудан өтеді.
1) екінші біліктілік санатына:
жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
кәсіптік орта білім беретін оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
2) бірінші біліктілік санатына:
екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
немесе екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
3) жоғары білікті санатқа:
бірінші білікті санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
бірінші білікті санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
немесе бірінші білікті санаты бар, аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, немесе магистр академиялық дәрежесін, философия докторын, сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторын алған тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.
12. Педагог қызметкер педагогикалық салаға жаңа орынға ауысқан кездеҚазақстан Республикасының шегіндеаттестаттау комиссиясының шешімімен берілген біліктілік санаты сақталады.
13. Педагог қызметкерлерді аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бірінші кезеңі — біліктілік тестілеу.
Екінші кезеңі – педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылау.
1) аттестаттаудан өтетін барлық педагог қызметкерлерге міндетті түрде ұсыну үшін қажетті құжаттар:
біліктілік санатын растауға немесе беруге педагог қызметкердің өтініші;
жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
білімі туралы дипломның көшірмесі;
еңбек кітапшасының көшірмесі;
жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен басқа бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәліктің көшірмесі;
өтініш білдірілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелері;
қосымша пәндер бойынша (аталған пән бойынша аттестаттаудан өтетіндер үшін) курстардан өткені туралы құжаттардың көшірмесі;
42. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады: 1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы (екі айдан астам), Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі.
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыс орнының ауысуы
6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік біліктілігін растайтын құжаттары бар болған жағдайда жақын және шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы.
1-тарау
Эссе
2-тарау
Педагог қызметінің теориялық негізделуі
3-тарау
Педагогтың еңбегінің нәтижелерін иллюстрациялайтын практикалық қосымша құжаттар