Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»



бет10/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

Жасөспірімділік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғамалдында тұрған әлеуметтік – саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын санылы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамндыққа ықыласының бірте – бірте қалыптасуы түрлі іс — әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез – құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып іс – жүзінде аыру мүмкін емес. Жеке авдамның дүниенің сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Темперамент деп – жеке адамның қылығы мен түрлі іс — әрекетерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды. Халерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, тұрақты болады. Ол белсенді, іске шапшаң кірісіп, аяқтап шығады. Бірпақ сезім жүйелері ауықтап тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді. Сангвиник – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті бірақ көп тұрақтанбайды. Ол қызулы, жеңлтек келеді, бір немесғе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оның орындаудан бас тартады. Меланхолик- эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстаиды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтап шығады. Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске өте баяу кірісекді, бірақ тиянақты орындайды. Темперамент типтері психология курсында толық қарастырылады.
20.Дидактиканың негізгі категориялары
Дидактиканың негізгі категориялары –білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу , оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері , мазмұны , түрлері әдістері , құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала . Ол оқушылардың ғылыми білімдер мен дағдыларды меңгеруіне , шығармашылық қабілеттерін , дүниетанымын және адамгершілік – этикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға , оқу танымдық қызметін ұйымдастыруы жолдары болып табылады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет