23. Тұтас педагогикалық процесс- педагогика пәні және мұғалім қызметінің негізі.
Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс пішінін беру керек. Мұндай үдерісті оқу-тәрбие немесе педагогикалық процесс деп атайды. Бұл үдеріс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық процесс – тәрбиешілердің әлеуметтік тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.
Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы.
Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты. Алғашқы кездегі тәрбие формаларының өзінде-ақ – салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс-әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез-құлықты қалыптастыруға да мән беріп отырған.Ғалымдар мен педагогтер тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық процесс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті.
Қазақстанда тұтас педагогикалық процесті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель және оның шәкірттері болып табылады.
Жоғарыда аталған ғалым-педагогтер еңбектерінде тұтас педагогикалық процестің барлық мүмкіндіктері зерттелді.
24.Тұтас педагогикалық процесстің мәні мен құрылымы
Тұтас педагогикалық процесстің мәніне көзқарастар:
1. Тұтас педагогикалық процесс -оқушылардың өзара әрекеттерінің сапасы(С.Г.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский).
2. Тұтас педагогикалық процесс – білімділік, тәрбиелік және дамытушылық қызметтің бірлігі(Б.Т.Лихачев).
3. Тұтас педагогикалық процесс – тәрбие мен оқытудың бірлігі (А.Ф.Каптерев, М.А.Данилов).
4. Тұтас педагогикалық процесс – сабақтан тыс уақыттағы тәрбие процесіне қатысушылардыңөзара әрекеті (А.С.Макаренко).
Алайда, 1930 жылдардан бастап, педагогтердің еңбектері, тәрбие мен
оқытуды дербес процестер ретінде терең зерттеугебағытталды.
Мектеп тәжірибесінің қажетілігінен туындаған педагогикалық процестің тұтастығы мәселесіне ғылыми қызығушылық 70-ші жылдары қайтажаңғырды. Тұтас педагогикалық процестің мәніне жаңа көзқарастар пайда болды. Олар келесі:
Бағыттар
Мазмұны
Өкілдер
Тәрбие мен оқытудыңтұтастығы
Білім беру мазмұнының тәрбиелік мүмкіншіліктері
З.И.Васильева, В.С.Ильин, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.
Көптеген кішігірім
жүйелердің орнына, жалғыз ғана тұтас тәрбиелік жүйені құру.
Б.Т.Лихачев,В.М.Коротов,
Ю.П.Сокольник жәнет.б.
Педагогтер мен оқушылардың
өзара әрекетінің сипаты
Екі түрлі қарым-қатынастың
тұтастығы: мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өзара қатынасы
Н.Д.Хмель және т.б.
«Басқару алгоритмдерінің»
және «қызмет ету алгоритмдерінің» тұтастығы
В.П.Беспалько және т.б.
Педагог әрекеті
Педагогикалық процестің нәтижесіндиагностикалаудың, жоспарлаудың, ұйымдастырудың,
реттеудің, бақылаудың
және бағалаудың
тұтастығы
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана оң нәтиже береді.
Тұтас педагогикалық процестің құрылымы:
1.Бірінші- арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық үдерісті жүргізетін маман.
2.Екінші бөлік- шәкірт. Объект және субъект ретінде қаралады.
3. Үшінші бөлік- педагогикалық үдерістің мазмұны. Ол адамның әлеуметтік қарым- қатынасынан туындайды.
4.Төртінші бөлік- педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және басқару компоненті.