7.Педагогика ғылымының әдіснама ұғымы
Ғылым тек жаңа білімдердің толықтырылуымен ғана дами алады. Игерілген білім ең алдымен әдіснамалық зерттеулерді таңдауға байланысты нақтыланады.
Әдіснама (грек сөзі methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз ұғым): 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім; 3) қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Әдіснама – зерттеу жұмысының сапасын бағалауға оның бағдарламасын құруға, ғылыми білімдер жүйесін түзуге бағытталған іс-әрекет. Сонымен қатар зерттеу объектісі мен пәнінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру және принциптерін таңдау, мәселесіне әр тұрғыдан келу.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл таным процесі, формасы, әдістері, принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғы аспектіден келу жүйесі.
Теориялық білім педагогиканың шынайы құбылыстар әдіснамасының негізі болады, сонымен қатар әдістеме арқылы іске асырылады. Ал теория – таным процесінің нәтижесі, әдіснама – танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным іс-әрекетінің тұтас процесін, мазмұнын қарастырады. Ғылымда әдіснаманың иерархиясының бар екендігі мойындалды. Көптеген авторлар әдіснамалық білімнің құрылымында төрт деңгейді бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық. Әдіснаманың барлық деңгейлері нақты бір-біріне бағынышты (соподчиненность) болады және күрделі жүйені құрайды.
Философия әдіснама ретінде зерттеушіні адам, қоғам, табиғат, сана дамуының жалпы заңдарын білуге, әлемнің тұтастығына байланысты мәселелерден алатын орнын анықтаумен қамтамасыз етеді. Ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымда- рын меңгеруге көмектессе, нақты ғылыми әдіснама ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстанымдарды меңгеруге көмектеседі.
Ғылымның әдіснамасы: талдау объектісі мен пәнінің талдауына, зерттеу міндеттеріне, оларды шешуге қажетті зерттеу әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығына, зерттеу компоненттеріне сипаттама береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін шешу процесінде кезең, ісәрекеттің жүйелілігі туралы түсінікті қалыптастырады
.
. 8 Педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады:
1.Педагогикалық байқау. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектіліерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.
2.Әңгімелесу әдісі. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады.
3.Интервью алу әдісі. Әдетте жүргізілген әңгімелесуден айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, бір ізді дәйектілікпен әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.
4.Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы коллективтегі әр түрлі әрекеттердің, көңіл-күйлердің т.б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.
5.Мектеп құжаттарын зерттеу. Бұл әдіс оқушының жеке іс-қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.
6.Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
7. Педагогикалық консилиум әдісі оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау
8.Педагогикалық үрдістерді модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға жіне оны алғаш рет қңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зеттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.
9.Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары – педагогикалық зерттеудің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу – бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы. Үздіксіз, бір ізді, мақсатты түрде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде айқындалған заңдылықты, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы медодикалық құралдар, оқулықтар жасау арқылы мектептің озат тәрбиесімен дәлелденіп, тиімділігі жан жақты айқындалған зерттеулердің кепілі болуы керек. Педагогикалық жаңалықтарды, озат тәжірибені, ғылыми-теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы байқаудан өткізіп, тексеріп, оның нәтижелерін шығару тиімділігін көрсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру – қазіргі мектептің, педагогикалық ғылымның, әрбір мұғалімнің борышы.
9. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |