Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет9/24
Дата22.01.2017
өлшемі3,76 Mb.
#7595
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Экспериментальды таңдау.

Зерттеу обьектісін таңдау – психолог алдында тұрған тәуелді және тәуелсіз айнымалықтарды анықтағаннан кейінгі тапсырманы шешу. Қолданбалы зерттеуге психолог еркіндігі обьект басынан анық болған кезде шектеледі. 1977 жылы Ярослав университетіндегі психология және биология факультетінің болашақ студенттері, әріптестер тобымен операторлардың кәсіби негізгі сапаларының құрылымын зерттеу болды.

Зерттеу мақсаты таңдау жүйесінің және операторларды жетілген рекомендациянын өндеу болады. Тандау құрамы Ярославтық барлық темір жол операторлары анықтады. Бірақ қорытынды әртүрлі қалауы жұмыс істейтін операторларға таратылуы қажет.

Кей жағдайда психолог зерттеу мақсатына сәйкес келетін объектіні таңдауға еркі бар.

Психологикалық зерттеудің идеалды объектісі индивид немесе топ болуы мүмкін. Бірінші жағдайда жалпы психологикалық экспериментті айтса, екінші жағдайда - әлеуметтік психологикалық эксперимент. Бірақ нақты экспериментте тек реальды объект өз сипаты бойынша идеальды объекттігі сәйкес келмеуі мүмкін, сонмен қатар оның қатысуы бойынша алынған қорытынды да басқа объекттерде қолдауы қажет.

Эксперимент бір зерттеушіге немесе топқа өткізіледі әлеуметтік психологикада бұл 1 топ және көп топ – «топтағы топ» болады.

Эксперимент 1 зерттеушіге өткізіліді:

1.Зерттеу көлемі бойынша шексіз және көптеген эксперименттальды сыннан тұрса.

2.Зерттеуші – уникальды объект, мысалы, дарынды музыкант немесе шығармашылық дарынды шахматшы.

3. Зерттелушіден зерттеу кезінде ерекше канпетенттілік талап етілсе.

4. Зерттеуді өзге зерттелушінің қатысуымен қайталап өткізу мүмкін емес. 1 зерттелушіге өткізілетін экспериментте ерекше эксперименттальды жоспар құрылған кқбіне зерттеу эксперименталдық топпен жүрді, мұнда зерттеу объектісі әртүрлі топшаларға бөлініп, топтастырылады.

Дизайн эксперименттальдық топтың негізгі 4 түрімен көрсетіледі:

1.Нұсқауында зерттеу әртүрлі 2 топпен жүргізіледі. Түрлі шарт қойынатын экспериментталдық топтар ғана колдайды.

2.Нұсқауында зерттеу 1 топпен ғана жүргізіледі. Олардың әрекеттері экспериментталдық шарттарда және бақылау шартында үйретіледі. Бақылауды колдау мүмкіндігі болмағанда тек экспериментталдық топтар ғана қолдайды.

3.«Жұпталған дизайн »әдісі арқылы топты құруға болады.

4.Нұсқау аралас болып табылады. Мұнда барлық топқа әртүрлі шарттар қойылады.

Сонымен, зерттелушіні таңдауды әртүрлі стратегиялар көмегімен жүзеге асады.

Топтарды құрудың 6 стратегиясы бар:

1.Рандомизация.

2.Жұптық бала таңдау.

3.Стратометрикалық таңдау.

4.Жақын модельдеу

5.Репрезентативті модельдеу.

6.Реальды топты тарту.

Топқа зерттелушіні тартудың 2 негізгі типі бар: а.таңдау, б. бөлу.

Бөлек проблема – экспериментталды таңдаудың саны.Мақсатқа және мүмкіңдікке байланысты ол 1 зерттелушіден көптеген 1000 адамға дейін барады.

Бөлек топтағы зерттелуші саны (бақылау немесе экспериментталды) негізінен экспериментталды зерттеушіде 1- 100 адамға дейін қатысады. Салыстыратын топ саны кем дегенде 30-35 адам ұсынылады: корреляция коэфиценті 0,35-дан жоғары, бұл санда зерттелуші мәні а=0,05-ге тең.

Экспериментталды айнымалық және оны бақылау тәсілі.

Экспериментатор А және В құбылыстарының себептік байланысының гипотезасын тексереді. «себептілік»ұғымы ғылымда ең күрделі түсінік болып табылады. 2 көріністің арасындағы себептік байланыстың бірнеше эмпирикалық белгілері бар:

1 белгі: Себептің бөлінуі немесе зерттеудің сол уақытта немесе зерттеу себептінің алдын алу болып табылады. Егер зерттеуші эксперимент барысын талдағаннан кейін зерттеу объектісінен ешқандай әсерге ұшырамаған объектілерге қарағанда өзгеруі байқалады.

2 белгі: 2 айнымалылар арасындағы статистикалық байланыс. Тиісі айнымалықтық өзгеруі жиі айнымалықтың өзгерумен жүзеге асуы керек.

Айнымалықтар арасында сызықтық корреляция байқалуы тиіс немесе сызықтық емес корреляция байқалады. Корреляцияның болуы- себепті зерттеу байланыс жүйесін қорытынға жеткіліксіз жағдай, өйткені ол кездейсоқ немесе шартталған 3-ші айнымалылық арқылы болып табылуда болуы мүмкін.

3 белгі: себепті-зерттеу байланысы тіркенеді, егер экспериментталды процедура А және В байланысының түсіндіру мүмкін шығарады, өзге барлық альтенативті себептінің В құбылысының пайда болуын шығарады.

Құбылыс арасындағы себепті байланысының экспериментталды гипотезасы келесі тексерулер арқылы жүзеге асады. Экспериментатор бастанатын себепті модельдейді, ол эксперименттің әсері ретінде көрінеді, ал зерттеу объектісі жағдайдың өзгеруі ол қандай да болмасын өлшеу құралының негізінде тіркеледі. Экспериментталды әсер тәуелсіз айнымалының өзгеруінің себебі. Экспериментатор зерттелушіге түрлі деңгейдегі дыбыстық сигналдар беру арқылы оның психикалық жағдайларын өзгертіп, ол сигналдарды естиді немесе естімейді. Ал бұл түрлі моторлы және вербалды жауаптар арқылы білінеді. (Мысалы, «ия»-«жоқ», «естимін», - « естімеймін»).

Экспериментталды жағдайдың інінкі айнымалығын экспериментатор бақылауы керек. Ішкі айнымалығын арасында:



  1. Жанама айнымалылар сенімсіз ақпараттын пайда болуына әкеледі (уақыт факторлары, тапсырмалар факторлары, зерттелушінің жеке тұлғасы).

  2. Зерттеу мен себеп арасындағы болып табылады зерттейтін қосымша айнымалы . Жеке гипотезаны тексеруде қосымша айнымалының деңгейі шынайы зерттеу деңгейіне сәйкес келуі керек.

Эксперименттің мәні экспериментатор тәуелсіз айнымалыны жүйеленгенде тәуелсіз айнымалының өзгесін немесе ішкі айнымалыны бақылап отырады.

Зерттеушілер тәуелсіз айнымалының бірнеше түрлерін айырады: сапалы және сандық. Тәуелді айнымалылар арасында базистер сақталады. Тәуелсіз айнымалыға әсер ететін жалғыз тәуелді айнымалы.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Экспериментальды зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қалай жүзеге асады?

2. экспериментальды таңдау дегеніміз не?

3. Экспериментальды айнымалылық және оны бақылау тәсілі дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология . Учебное пособие .М , 2004 33-45б.

2. СобчикЛ.Н. Методы психологической диогностики М.,1990.

3. Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. М., 1980.

4. Хармон Г.Современный факторный анализ .М, 1972

5. Шмелев А.Г. Введение в экспериментальную психосемантику .М,1983г


12 Дәріс.

Тақырып:Корреляциялық зерттеулер.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Кореляциялық зерттеулер.

2.Кросс мәдени зерттеу.

3.Психогенетикалық зерттеулер.

Мақсаты: Корреляциялық зерттеулер, кросс мәдени зерттеу, психогенетикалық зерттеулер жөнінде түсініктерді қалыптастыру.

Дәрістің мазмұны:

1.Корреляция теориясы К.Пирсонның коррекциялық өлшемдерінің негізінде және математикалық статистика мәліметтеріне толық қарастырылған. Коорреляциялық зерттеу жүргізу стратегиясы квазиэкспериментке ұқсайды. Одан обьектіге арнайы басқарылатын әсердің жоқ болуы тән. Корреляциялық зерттеу жоспары күрделі емес. Зерттеу алдында болжам ұсынылады индиидтің бірнеше психикалық жағдайларының ішкі деңгейлері арасында статистикалық байланыс бар деп есептеледі. Бірақта тәуелділіктің себебі туралы жорамалдар талқыланбайды бұндай зерттеуді корреляциялық зерттеу деп атайды. Егер зерттеу бірнеше айнымалылықтар арасындағы статистикалық байланысты көрсететін болжамды құптауға немесе теріске шығаруға бағытталса, бұндай зерттеуді корреляциялық деп атайды. Егер бір айнымалының өзгерісі екіншісінде өзгеріс тудырса, онда бұл айнымалыны корреляцияға жатқызуға болады. Екі айнымалы да корреляцияның болмауы екеуінің арасында себеп-салдарлық байланысы бар немесе жоқ деген сөз емес. Екі шама арасында корреляциялық байланысты бірнеше интерпретация бар;

1. Тура корреляциялық байланыс-бір айнымалының деңгейін екіншісінің деңгеіне сәйкес келеді. Мысалы Пика заңы –ақпаратпен жұмыстану жолдары альтернатив санының логаритіміне пропорционал.

2. Үшінші айнымалының қойлуынан жүргізіледі. Транзитивтік ерекшелігіне байланысты . Егер Үлкен Р(а,б) мен Р(в,с) болса онда Р(а.с) шығарылады.

3. Кездейсоқ корреляция ешқандай айнымалымен белгіленбейді.

4. Корреляциялы таңдаудың біртекті ерекшелігімен корреляциядағы айнымалылықтың байланысы болмаса ол нолдік корреляцияға тең.

2. Кросс мәдени зерттеуде топты салыстырудың жоспары салыстырылатын топтар саны әртүрлі болуы мүмкін. Шартты түрде кросс мәдени зерттеу негізгі екі жоспарды қарастырады.

1. Екі популяциядан екі немесе оданда көп табиғи рандомизация әдісінен таңдалған топтарды салыстырады.

2. Екі оданда көп топтарды лангитюдті әдісімен салыстыру. Бұл кезде топтардың мінез-құлық ерекшелігі салыстырылмайды, сонымен қатар уақыттың әсерінен өзгеріс процесі қосымша ішкі факторлар әсері де есептеледі. Кросс мәдени психология өзінің бастауын В.Вундт ХХ ғ. Басындағы француз сойиологтары Г.Лебон, А. Фулье, Г.тард еңбектерінен алды. Бұл ғалымдар Эмперикалыққ зерттеу жүргізген жоқ. Кросс мәдени психологиясының әдістерін В.Вундт 1920 жылы он томдық халықтар психологиясы еңбегінде қарастырды.халықтар психологиясының мәселелері еңбегін мақалалар жинағы ретінде басып шығарды. Онда зерттеу бағдарламаларының қысқаша жазбасы берілген.

3. қазіргі таңда генетикалық әдістер технололгиясы кеңінен дамуда. Зерттеу бағытында адамның ішкі гендік мәселелері жайлы түрлі зерттеулер жүргізілуде.

Бұл зерттеулер бірнеше ғылымның байланысы арқылы жүзеге асады. Мысалы биология мен Компюьтер ғылымының бірігуінен ДНК рекомбинация технологиясы пайда болады. ДНК ХХ ғ. 80жылдары анықталған болатын. Бұл молекулярлы генетика негізінде пайда болған болатын. Осы терминнің негізінде жоғары технологиялық процедуралар, ДНК-ң ядролық бөліктерін және сонымен қтар қосылу және бөліну себептерін қарастырады , яғни тұқымқуалаушылық тудыратын бактериялардың алдын-алу себептерін анықтап, емдеу жолдарын іздестіреді.

Психогенетика ғылымында көп тараған әдістердің бірі- егіздер әдісі.

Егіздер әдісі арқылы қылмыстық әрекетке бару монозиготалы егіздерде жоғары болатындығы анықталды. Мысалы, бір зерттеуде қылмыстық әрекет монозиготалы егіздерде 71% болса, дизиготалы егіздерде 34% .

Әлеуметке қарсы мінез-құлық жағдайында «генотип-орта» деген реактивті корреляция жақсы мысал бола алады.(4)

Көп уақыт бойы жасөспірімдер арасындағы мінез-құлықтың бұзылуы ата-ана тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы мен қатал қарым-қатынасқа байланысты деп келді. Сонымен бірге қоршаған ортаның әсерінің нәтижесі деп анықталды. Психогенетикалық талдау бұл жерде қоршаған ортаның ықпалы минимальды болып әлеуметке қарсы мінез-құлық негізінде генетикалық себептердің болатынын айқындады. Ал ата-ананың жағымсыз қатынасы мен тәрбиенің қатал әдістері жастардың тұқымқуалау себебінен болған әрекетке қарсы реакция екені дәлелденді.

Осы жағдайға сәйкес асырап алушы ата-ана балаларының әлеуметке қарсы мінез-құлқын зерттеген кезде, олардың биологиялық ата-аналарының психологиялық статусымен асырап алушылардың тәрбиелеу әдістеріне көңіл аударылған. Мұнда балалар өздерінің биологиялық ата-аналарынан генотипті алған. Осыдан биологиялық және асыранды ата-аналар мінез-құлқының арасында корреляция пайда болады. Асыранды ата-аналарға қарағанда биологиялық ата-аналар қылмыскер болса олардың балаларының да қылмыскер болатынына үлкен ықтималдылық бар және олар әртүрлі психотикалық ауруларға ұшырауы мүмкін.( 1) Ал асыранды балалар өздерінің мінезінің қыйындығымен тәрбиеленушілердің қатал реакциясын туғызып, мінез-құлықтарын одан сайын қыйындата түскен.

Қылмыстық әрекеттің себебі тұлғаның аномальды дамуы мен тұқымқуалау белгілеріне және қоршаған ортаның әсерінің нәтижесінен болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Кореляциялық зерттеулер дегеніміз не?

2.Кросс мәдени зерттеу дегеніміз не?

3.Психогенетикалық зерттеулер дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология . Учебное пособие .М , 2004 33-45б.

2. СобчикЛ.Н. Методы психологической диогностики М.,1990.

3. Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. М., 1980.

4. Хармон Г.Современный факторный анализ .М, 1972

5. Шмелев А.Г. Введение в экспериментальную психосемантику .М,1983г


13 Дәріс.

Тақырып: психологиялық эксперимент.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Психологиялық эксперимент.

  2. Анықтау.

  3. Пилотажды, диогностикалық, қалыптастырушы эксперимент.

Мақсаты: Психологиялық эксперимент, оны анықтау, пилотажды, диагностикалық, қалыптастырушы эксперимент жөнінде түсіндіру.

Дәрістің мазмұны:

1.Эксперимент – себеп – салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:

1.Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.

2.Эксперимент зерттелетін құбылыс жағдайларын өзгерте алады.

3.Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.

4.Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Экспериментті ғылыми әрекет ретінде қарастырғанда қажетті зерттеу кезеңдері мен міндеттерінің жүйесін белгілеуге болады:

І – зерттеудің теориялық кезеңі. Бұл кезеңде төмендегідей мәселелер шешіледі:

а) зерттеудің тақырыбы мен мәселесін айқындау,

ә) зерттеудің пәні мен объектісін анықтау.

б) зерттеудің міндеттері мен жорамалдарын анықтау.

Пән зерттеулерінің шегін анықтау кезінде төмендегілерді ескеру керек: 1) зерттеудің мақсаты мен міндеттерін; 2) зерттеу объектісін; 3) эксперименттің материалдық және уақыт мүмкіншіліктерін; 4) жеке түсініктемелік теорияда көрсетілген мәселені ғылыми өңдеудің нәтижелерін.

ІІ – зерттеудің әдістемелік кезеңі. Бұл кезеңде эксперименттің әдістемесі мен эксрперименттік жоба жасалады. Эксперимент әдістемесі зерттеу тақырыбын эксперименттік жағдайдың айналымалысы ретінде көрсетуі керек. Экспериментте екі айнымалы болады: тәуелді және тәуелсіз.

2. Эксперимент жасаушы өзгертетін фактор тәуелсіз; өзгерісін тәуелсіз айнымалы тудыратын фактор тәуелді айнымалы деп аталады.

Эксперимент жобасы мыналарды сипаттайды: 1) эксперимент бағдарламасын құруы; 2) эксперименттік мәліметтерді өңдеудің математикалық жобасы.

ІІІ – эксперименттік кезең. Бұл кезеңде эксперименттік жағдайға, бақылауға, эксперимент жүрісін басқаруға, сыналушының реакциясын өзгертуге байланысты тәжірибелер тікелей жасалады.

ІV – аналитикалық кезең. Бұл кезеңде нәтижелерді сандық талдау, алынған айғақтарды ғылыми жинақтау, жаңа ғылыми жорамалдарды және тәжірибелік нұсқауларды қалыптастыру жүзеге асырылады.

Эксперимент психология әдісі ретінде психофихика мен психофизиология саласында пайда болып, психологияда кең таралды. Эксперименттің қолданылуы қарапайым түйсік үрдістерінен бастап жоғары психикалық үрдістерге дейін таралды. Эксперимент сипаты да өзгерді: жеке физикалық тітіркендіргіш пен оған сәйкес психикалық үрдістің қатынасын зерттеуден нақты объективтік жағдайлардағы психикалық үрдістердің өздерінің жүру заңдылықтарын зерттеуге ауысты.

Эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы болып, орыс ғалымы А.ф. Лазурский ұсынған, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы –зерттеулердің эксперименттігін жағдайдық ақиқатпен қйылыстыру. Бұл әдістің мәні ынада. Зерттелетін әрекет жағдайларында эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Психолдогиялық-педогогикалық зерттеулердің мәселелерін шешетін табиғи экспериментті психологиялық-педагогикалық эксперимент деп атайды.

3.Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі эксперимент, қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперимент психикалық жаңа құрылымдардың психологиялықпедагогикалық амалдардың қалыптасуының жобасы мен моделінің мазмұныны және оларды қалыптастыру жолдарын болжайды. Балалармен оқу танымдық жұмыс жасау үрдісі кезіндегі сәйкес психикалық жаңа құрылымдардың шығу заңдылықтары мен шарттары зерттеледі. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В. Давыдов. Қалыптастырушы эксперимент – балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі. Соынмен қатар ол зерттелушіге зерттеушінің белсенді әсер етуі арқылы баланың психикасында өзгеріс ендіру әдісі болып табылады. Ол эксперимент пайда болған құбылыстарды тізіп қана қоймай арнайы ситуациялардың ұйымдастырылуы нәтижесінде заңдылықтарды ашып, миханизмін, динамикасын, психологиялық даму тенденциясын, тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтан да психологияда бұл эксперимент түрі жағдайды анықтауға, принциптерді, баланың тұлғалық даму жолын анықтап оқу –тәрбие процеснің тиімді әдістері арқылы жетілдіруді көздейді. Қалыптастырушы эксперименттің синонимі болып тәрбиелеуші, үйретуші, генетикалық- моделдеуші, психиканы белсенді дамытушы, жаңадан құрастырушы жатады.

Жеке адамның ұзақ уақыт бойынша бақылау ауру тарихы болып табылады.

Бұл жұмыс клиникалық медцина диагностика анықтауда психологиялық мәселені жағдайында жүргізіледі. Бұл әдіс ауру тарихында психологиялық ид ауытқушылығы бар және проблемалық ауру бар пациентардың орлардың өмір тарихы диогнозын анықтауда және диогнозда психологиялық теорияны жүзеге асаырады.

Дәрігерлер ауруды өмірлерінде не болғанын анықтау олардың өткен өмірін еске түсіру арқылы олардың жақсы танитын адамның таныстар арқылы автобиография және география құжаттар кез-келген информация психологиялық тестілеу арқылы анықтаған жағдай пайдаланады.

Дәрігер оның қазіргі және өткен өміріндегі өткен қиындықтар анықтау үшін қолданыды.

Ауру тарихын білу дәрігердің пациентпен жұмыс жасауда үлкен роль атқарады.Клиникалық ойлау мақсаты жүзеге асады.

Мыс: Фрейдтік психодинамикалық теориясы жекелеген клиникалық жағдай анықталады. Фрейд және олардың психоаналитик әріптестері жылдар бойынша терең әртүрлі жағдайды зерттеді. Мыс: Ерте балалық шақты еске алу түс көру фантазия денелік аурулар көреалмаушылық.

Фрейд клиникалық жағдай анықтағанда адамның жеке өмірін сонымен қатар теориялық жағдай зерттеді. Осыған сәйкес Марл Роджерс адамның феномикалық зерттеуде клиникалық ауру тарихына көп арқа сүйеді.

Мыс: 15 өлім жазасына кесілген адамның ауру тарихы алуға болады.

Олардың барлық кондидатуралары барлығы тәжірибе жасауға алынған.

Олардың бір таңғарларлық жағдай 15 адам барлығында миынан ауыр жарақат алғандығы анықталды.

Гарвардтың психологиялық клиникасында Генер-мюри жүргізген топ адамдары өмірінде жүргізген әдістерді көрсетті. Гарвардский персоналагия деп аталған тәжірибе ер адамдармен колледж студенттер арасында жүргізді. Олардың мақсаты конфликті бағалау және іс-әрекет анықтау болды.

Эксперимент әдісін жүргізу барасында себепті-ізденушілік қарым-қатынас байланысын қалыптастыру басты тәсіл болып табылды. Сол себепті эксперимент

әдісін тұлғаны зерттеуде, ортақ сұрақты меңгеруде таптырмайтын стратегиялық әдіс болып есептеледі. Эксперимент әдісін түсіну кілті және (айырма) олардың басты айырмашылық клиникалық жағдайларды зерттеу арқылы және корреляциялық әдіс мынадан көрінеді: біріншіден зерттеуші алғашқы сәттен бәрін меңгеріп алуы керек және басқа керекті қызықтыратын әсерлерді байқау.

Тәуелсіз өзгеру- бұл жағдай зерттеуші жедел түрде өзгертуі оның өзгеруінің басқа көріністе әсерін бағалау үшін

Тәуелділік өзгеру –бұл суьбектнің кез-келген тәртібін, бақылау немесе мөлшерлеу тәуелсіз өзгеру іс-әрекетіне жауап ретінде әсере етеді.

Тәуелділік өзгеру, тәуелсіз өзгертудің функциясы болып табылады.

Эксперименталды әдістің логикасы қарапайым, іс жүзінде бұл процестің жүруі күрделі. Жақсы ұйымдастырылған эксперимент көптеген факторларды есепке алып жүргізіледі, алатын нәтежесінің дәлдігі мен ғылымилығы әсер етеді. Тәжірибе көрсеткендесі, барлық өзгерулер мен жасалған жағдайлар біздің зерттеулерімізгн қандай да бір күшті әсер береді. Эксперимент барысында бір қалыпты байланыс деңгейін сақтау керек. Эксперимент әдісінің көп қолданылатын түрі обьектіні әртүрлі ( эксперимент) күтпеген экспериментталды жағдайға енгізу немесе топқа қосу.

Күтпеген топқа болу – барлық обьект (тең мүмкін) кез-келген жағдайға немесе топқа жүргізілетін эксперимент кезінде тең мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда зерттеуші зерттеушінің барлық мінез-құлқын анық білетіне сенімді болуы керек, жүргізілетін эксперименттің жүзеге асуы саған байланысты ( жақсы интелектісі т.б.) топқа болу кезінде тең мүмкіндік беріледі.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Психологиялық эксперимент дегеніміз не?

  2. анықтау қалай жүзеге асады?

  3. Пилотажды, диогностикалық, қалыптастырушы эксперимент қалай жүреді?

Әдебиеттер:

1. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология . Учебное пособие .М , 2004 33-45б.

2. СобчикЛ.Н. Методы психологической диогностики М.,1990.

3. Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. М., 1980.

4. Хармон Г.Современный факторный анализ .М, 1972

5. Шмелев А.Г. Введение в экспериментальную психосемантику .М,1983г


14 Дәріс.

Тақырып:Тұлғалық фактордың экспериментальды зерттеулерге әсері.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Экспериментальды қарым-қатынас.

  2. Экспериментатор; оның тұлғасы және іс-әрекеті.

  3. Зерттелуші: оның эксперименттегі әрекеті.

  4. Зерттелуші тұлғасы және эксперименттегі психологиялық ситуация.

Мақсаты: Экспериментальды қарым-қатынас, экспериментатор; оның тұлғасы және іс-әрекеті, зерттелуші: оның эксперименттегі әрекеті. зерттелуші тұлғасы және эксперименттегі психологиялық ситуация жөніндегі білімдермен студенттерді қаруландыру.

1. Классикалық ғылыми шынайы эксперимент нормативті позицияда теориялық түрде қарастырылады: егер экспериментальды ситуациядан зерттеушіні жойып, автоматқа айырбастау мүмкін болса , онда эксперимент идалдыға сәйкес келер еді.

Өкінішке немесе бақытқа орай, адам психологиясы бұны жасау мүмкін емес дисциплинаға жатады.Ізінше, психолог мынаны ескеруге тиісті: кез-келген экспериментатор соның ішінде ол өзі –адам және адамдық оған да тән. Бірінші кезекте қателіктер, яғни эксперимент нормасынан ырықсыз ауытқуы. Қателіктермен іс шектелмейді –оларды кейде тузеуге болады. Басқа іс –эксперименталды ситуацияның жүру барысына әсер ететіні және іс-әрекетінің санасыз психикалық регуляция ізі болып табылатын экспериментатор әрекетінің тұрақты тенденциясы.

Эксперимент, соның ішінде психолог физикалық кез-келген басқа зерттеуші арқылы кері өңделуі тиіс. Сондықтан оның жүргізілу схемасы (эксперимент нормасы) максималды түрде обьектелеуге тиіс, яғни өңделу нәтижесі профессионалды экспериментатор әрекеттеріне ішкі жағдай немесе оқиғаға тәуелді болмауы керек.

Іскерлік тұрғысы позициясынан эксперимент- зерттелушінің психикалық ерекшеліктерін анықтау үшін. Оның іскерлік шарттарын өзгерте отырып зерттелушіге әсер ететін экспериментатор әрекеттері.Эксперимент процедурасы экспериментатордың белсенділік деңгейінің дәлелі қызмет атқарады: ол зерттелушінің жұмысын ұйымдастырады, оған тапсырма береді, нәтижелерді бағалайды , эксперимент шарттарын түрлендіреді, зертелушінің әрекетін және оның іс-әрекетінің нәтижесін тексеріп отырады.

2.Әлеуметтік психологиялық көз-қарас бойынша экспериментатор жетекшінің, мұғалімнің , оның инициаторларының рольін атқарады, зертелушіні орындаушы,оқушы,бағынушы қызметін атқарады.

Эксперимент схемасы , егер оны экспериментатор әрекеті ретінде қарастырса, необихевиоризм модельіне сәйкес келеді:стимул-аралық үзіліс –реакция. Экспериментатор зерттелушіге тапсырма береді, зерттелуші (аралық үзіліс) оларды орындайды. Егер зерттелуші өз гипотезасысының дәлдігіне, орындалуына қызығушылық білдірсе , онда ол сыналушының «гипотеза мен жұмыстануына» қол жеткізе отырып , тек эксперименталды топқа күшейтілген шарттар жасай отырып, эксперимент барысына және мәліметтер интерпретациясына күйзеліс енгізеді. Экспериментатордың мұндай әрекеттері-артефактардың көзі. Америкалық психолог Р.Розенталь бұл көріністі грек мифологиясының кейіпкері Пигмалионың құрметіне « Пигмалион эффекетісі» деп атайды.(Мүсінші Пигмалион әсем қыз Галатейдің мүсінін жасайды.Оның сұлу болғаны сонша, Пигмалион Галетиаға ғашық болып қалады және құдайдан мүсінді тірілтуді жалбарынып сұрайды. Құдайлар оның сұрауын қабыл алып,қыз тіріледі).

Теорияның нақтыланғандығына қызығушылық білдірген зертеуші, оның нақтылануына өндіріссіз әрекет етеді.Бұл эфектіні қадағалауға болады. Бұл үшін зерттеудің жүргізілуіне оның мақсатымен гипотезасын білмейтін ассистент экспериментаторды тарту керек. Толыққанды қадағалау –эксперимент авторының гипотезасына сыни қатынас жасайтын басқа зерттеушінің нәтижелерді тексеруі. Бірақ бұл жағдайдада біз артефактылардан қорғансызбыз, өйткені қадағалаушыларда эксперимент авторы сияқты күнәхар адамдар.

Басты проблема-экспериментаторлар мотивациясының айырмашылығы.Тіпті егер олардың бәрі жаңаны тануға ұмтылсада, олардың тану жолдары , құралдары, мақсаттары әртүрлі.Сонымен бірге зерттелушілер жиі этно мәдени ортаға жатады.

Сонымен қатар барлық экспериментаторлар «идеалды зерттелушіні» армандады. «Идеалды зерттелуші» психологиялық сапаға сәйкес қасиеттерді иемденуі керек:тәртіпті, жинақы, экспериментатормен бірге әрекет істеуге ұмтылғыш:жұмыскер,достыққа ұмтылғыш, агрессивті емес және негативизмнен айрылған болуы тиіс.»Идеалды зерттелуші моделі» әлеуметтік-психологиялық көзқарас жағынан толығымен идеалды бағынушы және идеалды оқушы моделіне сәйкес келуі керек.

Ақылды экспериментатор бұл арманның орындалмайтынын түсінеді.Егерде зерттелушінің мінез-құлқы зерттеуші күтпеген жерден экспериментте ауытқығанын байқаса, онда ол зерттелушіге дұшпандық әлде жек көру сезімін тудыруы мүмкін.

Пигмалион эффектісінің нақты көрінуі қалай ?

Экспериментатордың күтуі зерттелушінің мінез- құлқын модифицирлейтін санасыз әрекетке алып келуі мүмкін.Зерттеуші тұлғасының зертеу барысына әсеріне байланысты проблемасы бойынша белгілі специалист Розенталь, мынаны анықтады, эксперимент нәтежесінде экспериментатордың белгілі бір әсері мынада бейнеленді:оқытудағы эксперименттерде, қабілет диогностикасында, психофизикалық зксперименттерде реакция уақытын анықтауда, проективті тесттарды жүргізу кезінде (Роршах тесті),еңбек ісінің лабораториялық зерттеулерінде, әлеуметтік перцепцианы зерттеу кезінде.

Эксперимнтатордың күтуі сынаушыға қандай жолмен беріледі?

Әсер етудің көзі санасыз установкалар болғандықтан, санасыз қалыпқа келетін экспериментатор іс-әрекетінің параметрлерінде көрініс табады. Бұл бірінші кезекте мимика және понтамимика (бас үзеу,жымию).Екінші басты рольде сыналушыға әсер етудің «паралингвистикалық» сөдік түрі , соның ішінде:инструкцияны оқу кезіндегі интонация, эмоцияналды тон , экспрессия және т.б.Жануарларға эксперимент кезінде экспериментатор оларға деген қарым – қатынасын санасыз түрде өзгертуі мүмкін.

Экспериментатордың экспериментке дейінгі әсері ерекше күщті: сыналушының вербовкасы кезінде: бірінші әңгімелесуде, инструкцияны оқу кезінде. Эксперименттің жүру барысында,эксперимнтатордың сыналушыға деген назары маңызды орын алады.Эксперименталды зерттеудің мәліметі бойынша бұл зейін сыналушының іскерлігінің продуктивтілігін жоғарылатады.

Дәл осы « бірінші әсер эффектісі» жасалған образға сәйкес келмейтін барлық келер информация кездейсоқ болып қаралуы мүмкін екені белгілі.

Экспеиментатордың күтуі эксперимент нәтижесін жазған оның жазбаларында айтылады.Эксперимент нәтижесін жазу барысында жіберілген зерттеушінің қателіктерінің қарым –қатынасқа әсерін Кеннеди және Упхофф талдаған.Эксперимент « телепатия феноменін» зерттеуге арналған. Телепатияға сенетін және сенбейтін саны бірдей 2 топ адамдар іріктелінген.Олардан сыналушының басқа сынаушысы жасаған «телепатиялық жолдауының мазмұнын анықтауға деген талпыныстарының нәтижесін жазып алуды сұрайды.

Телепатияға сенгендер анықтады-ң санын орташа 63% көбейткен , ал сенбегендер оны 67% азайтқан.

Розенталь күтудің эксперимент нәтижесі фиксациясына әсері мәселесі бойынша 21 жұмысты анализдеген.Нәтижені жазудағы қателіктердің 60% эксперименталды гипотезаны нақтылауға талпыныспен шартталған.Басқа обзорда да осы факт бекітілген.Күту дің әсері адамдар әрекетінің нәтижелерінің фиксациясында ғана көрінбейді, жануарларға жасалынатын эксперименттерде де көрінеді.

Розенталь келесі зерттеуді жүргізеді. Он бірнеше экспериментаторлардан эксперимент барысындағы крысалардың іс-әрекетін фиксация жасауды сұрайды.Бір топта экспериментаторларға «ерекше ақылды крысалармен» жұмыс жасайсыңдар деп айтылды.Екінші топқа олардың крысалары « ерекше ақымақтар» екні айтылады . Негізінде барлық крысалар бір популяцияға жатады және мүмкіндіктері бойынша бөлінбейді.

Соңында крысаларға қойылған баға эксперимнтатор арқылы берілген установкаларға сәйкес келеді.

Л.Бергер экспериментатордың сыналушының іс-әрекет нәтижесін бағалауда жіберген қателіктердің мынадай типтерін көрсетті.

1.Өте жоғары нәтижелердің төмендеуі. Бұның себебі экспериментаторлардың сынаушылардың мәліметтерін өзінің жеке жетістіктеріне қосуға саналы түрде талпынуы болып табылды.Төмен нәтижелердің көтерілуіде осыған байланысты болуы мүмкін.Кез-келген жағдайда шеткі нәтижелер орташаға жақындайды сондықтан шкала қалыптасады және қысылады.

2.Шеткі бағалардан қашу (төмен және жоғары бағалардан). Бұнда да эффект – мәліметтердің орташадан жоғарыға топталуы.

3.Сынаушылардың бір өзіндгк қасиеттерінің немесе тапсырманың мәнділігінің сериядан жоғарлануы. Осы установка призмасы арқылы тұлға және тапсырманың бағасы шығарылады.

4. Аналогиялық жағдай тапсырмаға ерекше назар аударылғанда ,эффект қысқа уақытты.

5.Аналогиялық жағдай, бірақ баға тұлғаның өзіндік қасиеттерінің қарама-қайшылығы немесе байланысы концепциясына негізделген.

6.Нақты сыналушымен эмоционалды байланыс жағдайының әсеріне негізделген қателіктер.

Пигмалион эффектісінің бары анық , бірақ ол қаншалықты маңызды? Әр түрлі айтылған ойлар бар .Соның ішінде үш көзқарас бойынша анықтап айтуға болады.

Біріншісі Розенталь универсалды фактілерінің әсер етулері , егер олар кездессоқ болғанда 7 есе көп деп тұжырымдайды .Біржағынан осы мәселеге арналған барлық жұмыстың 1/3 эксперемент нәтижесінде эксперементатордың әсері мәнділік денгейінде р=0.95 бекітілген .

Екіншісі. Т.Барбер және М.Сильвер бұл әсерді мәнсіз деп санайды және олардың ойынша психологиялық эксперементке экспериментатордың әсерінің көрінуін анықтауға арналған зерттеулер, жоспарлауда қателіктермен,статистикалық шамалардың дұрыс таңдалмауымен және эксперементі сауатсыз жүргізуімен жүзеге асқан .

Олар мынадай тұжырым жасайды: зерттеулерінің тек 29%-інде “Пигмалеон эфектісі” көрінеді, ал бұл процент Розенталь көрсеткеннен белгілі мөлшерде төмен .Үшіншісі . Барбердің көзқарасы бойынша : әсер ету бар болуы мүмкін ,бірақ ол нақты эксперементте қандай болатынын айта алмаймыз.

Бірақ зертеушілер кішкене нақтырақ тәуелділікті көрсетуге тырысады.

Эксперементатордың “бұрмаланған” ықпалының нәтижесі сұрағына жауаптың үш варианты мүмкін екенін тағы айта кетеміз.

1.Эксперементальды психологияның тіршілік етпейтін идеалы-эксперементатордың ықпалы жоқ әлде ол тіршілік етпейді . Гипотеза шындыққа аз жақын.

2.Эксперементатор тұлғасы әрдайым және әрқашан эксперемент нәтижесіне және жүру барысына ықпал етеді . Бұл жағдайда ықпалдық эффектісін өлшеудің систематикалық қателігі деп есептеуге болады.

3.Эксперемент типіне, эксперементатор тұлғасына, сынаушы тұлғасына қарай оның ықпалы әр түрлі көрінеді.

Осы немесе басқа шарада проблеманы ашатын көптеген зерттеулер бар. Негізгі фактілерді келтірейік.


  1. Нәтижеге тұлға типі және эксперементатор жағдайы әсер етеді: био әлеуметтік сапалар (жасы, жынысы,); психоәлеуметтік сапалар (үрей денгейі,әлеуметтік құптауға деген қажеттілік, агрессивтілік авторитарлық,интелект,әлеуметтік статус , досшылдық):

Зерттеуші жынысының эксперемент нәтижесіне және барысына ықпалы нақты анықталған. Көбіне кішкентай балалар әйел-эксперементаторлармен ықыласпен жұмыс жасайды,ересек сыналушылар ер экспериментаторлармен.

Сонымен бірге Эксперементке ер-эксперементатордың қатысуы сыналушыларды белсенді әрекетке итермелейді,ал әйел-эксперементаторлар”жан дүниесін ашуға”тілекті туғызады,ашық болуға ұмтылуы,сондықтанда сыналушының мінез- құлқы эмонационалды ашық көріне бастайды.

Ықпалдың нақты өлшемін дәл анықтау өте қиын. Көбіне басқа кезеңдердің әсерін алып тастау мүмкін емес:жас шамасының,статусының,т.б. Эксперементатордың жынысы әйелдерге және ерлерге,байларға және кедейлерге әртүрлі әсер етеді.

Он сыналушы біртиіпті тапсырманы орындап жатқанда маңызды болуы мүмкін және басқа эксперементтерде-мүлде маңызды болмауы мүмкін.Бір зерттеу барысында әдістер арсеналын кеңейту мүмкін емес.

3.Зерттеу пәні бойынша ерекшеленетін экспериментатордың экспериментке ықпалның көріну заңдылығы нақты ашылған (доставерно выявлено). Барлық зерттеулерді «әлеуметтік – биологиялық» шкала бойынша реттеуге болады: әлеуметтік психологиялық эксперименттен (жоғарғы шкала) психофизиологиялыққа дейін («төменгі» шкала). Психикалық шынайылықтың структуралық деңгейі қаншалықты жоғары болса, онда бұл ықпалда соншалықты маңыздырақ.

Экспериментатор тұлғасының тұлға психологиясы және әлеуметтік психология бойынша ықпалы максималды, және психофизиологиялық және психофизикалық эксперименттерде, перцепсия және сенсорика зерттеулерінде минималды. «Орташа» ықпал «ғаламдық» индивидуалдық процестерді зерттеуде байқалады - интелектіні, мотивацияны,шешім қабылдауды және т.б.

Экспериментатордың эксперимент нәтижесінде ықпалын қадағалаудың және есепке алудың қандай әдістерін ұсынуға болады?

Психологтардың шамамен 98% экспериментатордың ықпалын методологиялық проблема деп есептейді, бірақ есепке алу және қадағалау жұмысында оны лаборатория жарларының түсіне және жарқырауына , жақсы жихаздар санына қарағанда өз қамқорлыққа алады.

А.Анастази дұрыс жүргізілген көптеген зерттеулерде бұл факторлардың әсері практикалық түрде мүлде көрінбейді , және оны минимумға қарай жылжытуды ұсынады. Егер бұл болмаса , эксперимент шарттарын суреттеуде экспериментатордың ықпалын ескеру міндетті түрде қажет .

4. Эксперименттатор ықпалын қадағалау әдістерінің көбіне мына әдістері қолданылады және ұсынылады.

1.Зерттеу автоматизациясы.Экспериментатордың ықпалы вербовка кезінде және сыналушымен алғаш әңгімелескенде сақталады.

2.Экспериментатордың мақсатын білмейтін зерттеуге қатысуы (бұған дейінде талқыланған»екілік соқыр тәжірибе» ) Экспериментаторлар алғаш зерттеудің мақсаттары жайында ұсыныстар жасайды.Бұл ұсыныстардың ықпалын қадағалау қажет.

3.Экспериментатор ықпалының факторын элиминировать етуге мүмкіндік беретін жоспарлардың қолданылуын және бірнеше экспериментаторлардың қатысуы .Экспериментатордың ықпалы психологиялық эксперименттке кері әсер ететіндіктен, түгелдей шектетілмейді.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет