Бірінші дәріс. Тақырып: Жалпы психология пәні, міндеттері және әдістері. Мақсаты: Психологияны ғылым ретінде таныстыру, психологияның әр түрлі құбылыстарын түсіндіру, олардың мәнін талдау.
Мазмұны: 1. Психология ғылым ретінде.
2. Адамтану жүйесіндегі негізгі түсініктер: индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, даралық.
3. Тұрмыстық және ғылыми психология.
Психология- психологиялық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның негізгі зерттейтін обьектісі-психика. Психика- бұл миға тән айнала қоршаған ортаны бейнелендіретін ерекше қасиет. Психологиялық құбылыстарға: түйсік, қабылдау, ойлау, мінез, темперамент т.б. жатады.
Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Психология термині грек сөзінен алынған. Психика-жан, логос-ілім. Жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді
Психология ғылым ретінде психологияның әр түрлі құбылыстарын зерттеу, түсіндіру, олардың мәнін талдау және болашаққа көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі заңдылықтарды ашып анықтайды.
Алғашқы психологтар, философтар олар идеялистер және материалистер болып бөлінді.
Материалистер-адамның жаны бар, бірақ ол мәңгі емес. Бұған: Демокрит, Әл-Фараби.
Идеалистер жан мәңгі, ол өлмейді деп тұжырымдады. Бұған Платон, Фома Аквинский т.б.
1879ж бастап психология эксперименталдық ғылымдарға айналды. Неміс психологы В.Вундт Лейпциг қалыптастыруда өз лабораториясын ашты. Бұл психологияның дамуының 2-ші кезеңіне жатады. Ал 1-ші кезеңі 2500жылға созылған Аристотель пікірлер тарихы.
Психологияның даму тарихы т.б Гипократ, Гомен, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Дидро, Вольф ғалымдарының есімдерімен байланысты.
Психологилық құбылыстардың топтастырылуы бойынша бір-бірімен тығыз байланысты 3 топқа бөлінеді. Олардың 1-і психологиялық процестер деп аталса,2-шілері психологиялық қалып, 3-шісі психологиялық қасиеттер деп аталады.
Психологиялық процестердің кейбір (түйсік, қабылдау,елес т.б.) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде көрінетін болса, енді біреулері (ойлау,қиял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгелерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен үздіксіз жасалып отыратын белсенді байланыстарды оның сезім, ерік процестері шешуші рол атқарады.
Психологиялық кейіп немесе қалып –адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт,зерігу, абыржу,сергектік,белсенділік т.б) тұрақты компоненттері.
Психологиялық қасиеттер- бір адамдарды 2-ші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктері. Бұған әрбір адамның мінезімен темпераменті , қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психологиялық қасиеттердің қалыптасуына адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас ерекшілік , мамандық ерекшеліктері.
Психологиялық процестер дегеніміз-сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.Адамтану жүйесіндегі негізгі түсініктер: индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, даралық.