Қазіргі ғылымдар құрылымындағы психология . Антикалық философиясы идеалисттік және материялық ойлар. Психологиялық білімдердің ежелгі тарихы бар. Психологиялық білімнің жинақталуы адамның жан әлемімен мінез-құлқы туралы білімді қажет ететін адам іс-әрекетінің барлық сфералары мен әртүрлі ғалымдарды жүрді. Ежелден бастап жан туралы білімдер діни көзқарастармен байланысты болған.
Ең алғаш жан туралы білімдер жүйесі Ежелгі Шығыс (Қытай, Үндістан, Египет) елдерінде, Ежелгі Греция және Ежелгі Рилус пайда болған. Ежелгі философтар “жан” түсінігімен өмір сүру, тыныс алу, тану себептерін түсіндірді. Қытай, Үндістанның медициналық жазбаларының қызықты психологиялық бақылаулары мен қорытындылары мазмұндалды; үнді философиялық мектептерінде терең психологиялық ой-толғаныстар табылды.
Ежелгі Греция елінде психологиялық құбылыстардың бейнеленуі Гераклит, Демокрит, Анаксагор, Гиппократ, Сократ, Платон және Аристотель сияқты философтармен берілді.
Гераклит іліміне сәйкес (530-470 б.з.д.) барлық заттар – оттың мәні. Ағзадағы отты бастау бұл жан яғни психея. Жан Гераклиттің ойынша дымқылдан пайда болады. Дымқылды күйге қайта оралып ол жойылады.
Демокрит (460-370 б.з.д.)- жан оттың атомдарынан тұратын шар тәрізді, жеңіл материялдық зат деп ойлады. Демокрит өмірдің барлық құбылыстарын физикалық, механикалық себептермен түсіндіруге тырысты.
Анаксагор (500-428 б.з.д.)-әлемді сан жетпес әртүрлі бөлшектерден тұрады деп есептеген. Олардың қозғалысы ақылдың арқасында грек философиясының басты категорияларының бірі болды.
Гиппократ (460-377 б.з.д.)-есімімен әдетте темперамент және оның түрлері туралы іліммімен байланысты. Ол ағзадағы 4 түрлі сұйықтықтың болуымен қан, сары өт, қара өт, шырынмен түсіндірді. Олардың негізінде 4 темперамент түрі бөлінді: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.
Ежелгі Грецияның ұлы ойшылдарының бірі (470-399 б.з.д.) Сократ болды. Сократ іс-әрекетінің мәні сұрақ қою арқылы жауап табуға көмектесу болды. Сократтың девизі:”Өзіңді таны” яғни өзіңнің қылықтарыңды, адамгершілік бағалау, норма т.б. талдай білу. Бұл адамның өз жанын түсінудің жаңа жолын әкелді. Б.з.д. IV ғ. ұлы ежелгі ойшылдары Платон және Аристотель.
Платон (428-348 б.з.д.) өз еңбектерінде жанды зерттеуге көп көңіл бөлді. Жан құбылыстарының топтастырылуын көрсетті. Таным процестерін зерттей отырып Платон түйсік, ес, ойлау процестері туралы айтты. Ол ішкі сөйлеу және танымпроцесінде ойлау белсенділігін ашты. Платонның негізгі идеялары оның “Федон” атты еңбегінде жазылды.
Аристотель Платонның оқушысы (384-322 б.з.д.) бірақ оның теорияларын жоққа шығарды. Оның ойынша шын әлем қалай қабылданады дәл солай идеялардан тұрмайды. Оның іліміне сәйкес әлем ұсақ бөлінбейтін көптеген бөлшектерден тұрады-атомдардан. Олардың ішіндегі әлдеқайда ұсақ және қозғалғыштары жан атомдары. Аристотельдің “жан туралы” трактаты ең бірінші психологиялық шығарма болып табылады. Аристотельдің ойынша жан-бұл тірі денені ұйымдастыру тәсілі. Жан барлық тірі ағзаларға тән деп есептелді.
Аристотель алғаш 5 негізгі сезімдерге ғылыми түсінік берді: көру, есту, сипап-сезу, дәм сезу және иіс сезу. Сонымен қатар жан құбылыстарына алғаш жүйелі түсінік берді.
Ежелгі Римнің ұлы философтары Лукреций (94-55 б.з.д. animus “жан”) терминін алғаш қолданды. Animus-бұл “жанның жаны”. Лукреций бойынша жан материяның бір түрі бола тұра белсенді, өзіне денені бағындырады. Гален (129-194 б.з.д.)-рим дәрігері жүйке жүйесінің әрекетін талдауда “пневма” түсінігін қолданды. Галеннің психологиялық құбылыстарды түсіндіруінде қазіргі “сана” түсінігіне жақын түсініктер бар.
Бихевиоризм мінез-құлық туралы ғылым ретінде. Бихевиоризм – (от англ. Behavior - поведения) ХХ ғ ірі психологиялық бағыт. Оның негізін салған америка психологы Дж. Уотсон, «Психология – бихевиористтің көзқарасы бойынша» еңбегінде көрсетілді..
Бихевиоризм индивидтің тәртібі тумысынан және өлгенге деп санайды. Адамның тәртібіне организмінің барлық сыртқы байқалатын реакцияларын жатқызамыз.
Бихевиоризм - ХХ ғ американ психологының басты бағыты. Психологияның мақсаты сананы зерттеу емес, мінез-құлықты зерттеу деп есептелінді. Бихевиоризмнің негізінде адам мен хайуанаттың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмнің беретін (сөз, эмоция арқ) жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр.ХІХ – ХХ ғ арасында Бихевиоризм хайуанаттың психикасын эксперименттік зерттеудің тікелей әсер етуінен пайда болды. Мұнда адамның психикасын зерттелген кезде қолданылатчын өзін-өзі бақылау тәсілі пайдаланылмағандықтан барып эксперимент жасау методикасы туды. Бұл методикасын бұлар адамынңм психикасын зерттеуге қолданды. Бихевиоризмнің жалпы методологилық алғы шарты позятивизмнің философиялық принцптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек тікелей бақылау жүргізіп отырған заттың баяндауы тиіс, ал бақылауды тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, Бихевиоризмнің психология сананы емес, мінез-құлықты зерттеу керек деген негізгі тезис шығады. Бихевиористтер сана деп адамның тек басынан кешкен кездегі пайда болатын субъективті мағлұматтардың жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтіп психиканың материялдық субстратын зерттелетін мидың физиологиясына қарсы шығады. Бихевиоризмнің атасы -Торндайк. Ал оның программасын жасап , бихевиоризм терминін енгізген – Дж. Уотсон. Бихевиоризмның ғылыми қалыптасуына Бехтерев пен Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 20 ж.ж бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жетті. Негізгі идеялары мен зерттеу методикасын олар антропология, социология, педагогикада дәстүрінің маңыздылығын атап көрсетеді. Яғни ашқан «перцепция заңының» сезімдік және логикалық танымның бір тұтастығын тануда зор мәні бар. Соғыстан кейінгі кезде бихевиоризм дәстүрі машинамен аударма жасау, программалап оқыту жөніндегі зерттеулерде дамытылды. Бихевиоризмның психиканы объективтік тұрғыдан зерттеулерге бет бұруы, эксперимент, жаңа методымен жасауы – пайдалы жағы. Бірақта кеңес және шетел психологтары бихевиоризмді сана, ойлау, ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологиядан шығарып тасталғаны үшін, психиканың әлеуметтік жағын ескермегені үшін қатты сынға алды.
Кеңес Одағындағы психологияның пайда болуы және дамуы. Кеңес дәуіріндегі психологияның даму тарихы оның әртүрлі идеялар тұрғысынан дамығандығына куәгер болады. Бұл жерде И.П.Павловты, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, Д.Н. Узнадзе ні айтып өтуге болады. 1923 жылға кейін Кеңес елдерінде 13 ғылыми институттар есептелінеді. Еңбек әрекеттері зерттелініп жаңа әдістері пайда болды. (Н.А. Бернштейін, К.Х. Кекчаев т.б) 20 ж ж А.А Бернштейн (1986-1966) еңбек процесіндегі қозғалыстарды зерттеудің биомеханикалық бағдарламасын ұсынды. Оның нәтижесінде алынған фактілер мидың қозғалыстарды басқару мәселесін түсіндірді. Сөйтіп қозғалыс биомеханикаық құрылысы психологияның ғылыми ретінде дамуына маңызды әсер етті.
Зерттеу әдістері мен тәсілдерін өңдеуі Кеңес психотехникасы әлеуметтік қолданбалы психология қатарында дамыды.
Дәл осы кезде 20 ж.ж бас кезінде Кеңес психотехникасын шетелдерде зерттеуден бөліп қарау мәселесі туындайды. Психотехниканың классикалық сипаты туралы ойлар айтылады.
Ресейдегі педологиялық қозғалыстың бастауы 1904 ж А.Б. Нечаевтың эксперименталдық педагогикалық психология лабораториясының ашылуына байланысты. В.М. Бехтерев көзқарасының дамуында объективтік психологиядан рефлексологияға көшу басталды. 1925 ж.ж. В. А.Вагнер Ресейдегі салыстырмалы психологияның негізін салды. И.П.Павловтың рефлекстер теориясы одан әрі дамыды; 1923 ж оның негізгі еңбегі – «20 жылдық тәжірибе» еңбегі жарық көрді. И.П.Павловтың шартсыз рефлекстер туралы ілімі Ресейдегі жаратылыстық – ғылыми психологияның дамуының маңызды факторына айналды. »
1923 ж ұлы физолог А.А. Ухтомский доминанта туралы ілімін ұсынды. Ол орталық жүйеге жүйесінің қалыпты іс әрекеті өзгергіш ортада қозудың басыңқы ошақтарының пайда болатындығын анықтады. Басыңқы қозу ошағын доминанта терминімен белгіледі. Доминантына Ухтомский функционалды орган деп атады.
Ухтомский зерттеулеріндегі мәселелер адамның физиологиялық дүниетангымының мәселелерімен байланысты. Ухтомскийдің функционалдық органдар туралы түсінігі А.Н. Леонтьев, П.К:Анохин концепцияларында әрі қарай дамыды.
20 ж.ж мінеқұлық психологиясы идеяларын П.П Блонский ұсынды. П.П. Блонский еңбектері жоғары философиялық мәдениетімен ерекшеленді.
1920 ж «Ғылыми реформасы» еңбектерінде психологияның міндеттерінің туралы ғылым екенін жазды. Ол интроспекциялық психологияны сынға алды.
Кейін өз әрекетінде Блонский бұл мін-ң туралы идеялардан алшақтады.
Кеңес психологияғ,а мін-ң бағытын өңдеуде 20 ж.ж Бехтеревтің рефлексологиясымен Корнилов реактологиясы үлкен орын алды. Константин Николаевич Корнилов 1921 ж диалектикалық материализмге сүйеніп, реактология бағдарламасын ұсынды. Оның міндетті биосоциалдытітіркендіргіштерге адам реакциясының жиынтығы ретінде мінез-құлық зерттеу болды.
Дмитрий Николаевич Узнадзе Грузиядағы Кеңес психологилық орталығын ашқан, гузин психологиялық мектебінің негізін салушы.
Шетел психологиясының әртүрлі концепцияларында Узнадзе /интроспекция, Вюрцбург мектебі, бихевиоризм, / жалпы негізді көрді, оны «Дәстүрлі психологияның догматикалық алғышарттары» деп атады.
Л.С. Выготский Кеңес психологясының негізін салушылардың бірі, ол ғылымның әдіснамалық негіздерін өңдеуге үлкен үлес қосты. Психологядағы мәдени-тарихи концепцияны ойлап тапты.
Бұл концепция одан әрі қарай Леонтьев, Лурия, Гальперин, Эльконин еңбектерінде дамыды.
Выготскийдың барлық зерттеулерінде балалардың ересектермен қарым-қатынасы психологиялық дамудың маңызды шарты ретінде анықталды. Қарым-қатынас сөздің көмегімен болатындықтан, сөйлеу процесі орталық орынды алады. Выготскийден бастап Кеңес психологиясында іс-әрекет туралы ілім өңделе басталды.