Түйсік жөніндегі көзқарастар. Түйсіктер адамға қоршаған ортамен өзіне тән сигналдарды қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды тереңірек дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Көптеген тұжырымдар философия тарихында күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы емес, табиғаттан берілген , сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл ой қабілетіміз, - деп ойлаған. Рационализм философиясының негізіне алынған бұндай көзқарастың мәні : психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, санамен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндірілмейтін қасиеті. Идеалистік тұжырымдаманы қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келді.
Бұл көзқарасты кезінде философ идеалист (Д.Беркли, Д.Юм, Э.Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г.Гельмгольц) «сезім мүшелерінің ерекше энергиясы» деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (құлақ, көз, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны – сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пікір жатыр.Бұған идеалисттердің келтіретін дәлелі : көзге қандай әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлі ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қлошаған дүниенің объективті әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін бейнелейтін өзінің субъективті кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдады. Бұл сезім көзі- түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.
Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объективті бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі ретінде объективті болмыстағы материя қозғалысының формаларын қабылдайтын органдардың дыбыстық тербелістерге жауп қатушы тері рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электро – магниттік толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясы мен қатынас жасамай, сыртқы энергияны қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді.