Түйсікті дамыту және қалыптастыру. Балаларда түйсіктер дүние келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Бұлар баланың дәм түйсігінің ерте дамитындығын көрсетеді. Баланың есту түйсігі де біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суғак толы болады да ештеңені естпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елемесе, оның саңырау болып қалуы ықтимал. Үш айлық бала анасының даусын тани бастайды. 2-3 айдан кейін бала жарыққа елеңдей бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсінуді жаңа туған нәрестелерден де байқауға болады. Заттың түсін айыру кейін пайда болады. 5 айлық бала алдымен заттың түріне, түсіне, , біртіндеп көлеміне, одан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы ,оның жүре бастауы – түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке барғаннан кейін балада түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипап сезу, қозғалыс.т.б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да қаласақ жетілдіруге болады. Адам егер алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және соған жетуге жаттығатын болса, оның түйсігі ойдағыдай дами түседі. Түйсік адамның іс-әрекетіне байланысты дамитындығын көптеген мамандықтардың тәжірибелері сипаттайды. Мәселен, ұшқыштың көзі өткір, көргіш болады, композиторлар мен шекарашылар естігіш, сақ құлақ болса, шарап жасаушылар мен тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері дәмді татып білуге шебер келеді. Мектеп оқушыларының түйсіктерін де жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін оқушылардың оқу әрекеті белсенді, шығармашылық, қызықты ұйымдастырылуы керек. Түйсіктің дамуына кері әсер ететін факторлар да бар :
бала партада дұрыс отыра алмайтын болса
отырғанда , жазғанда қисайып жазатын болса
оның көру қабілеті нашарлайды. Ана тілі, көркем жазу, ауызша сөйлеуге жаттығу балалардың фонематикалық (дыбыстардың айырмашылығын ести алу) түйсіктерді дамытады. Мәселен, төменгі класс оқушысы көпке дейін дыбыстарды бір-бірінен айыра алмайды, жазу дағдыларын бірден қалыптастыра алмайды. Көп қайталау нәтижесінде жаттығып, кейін айыра алатын болады.
Тексеру сұрақтары:
Синестезия дегенiмiз не?
Бiр iздi образдар дегенiмiз не?
Түйсiк қандай түрлерге бөлiнедi?
Көру түйсiгi, “үш түстi көру” теориясы дегенiмiз не?