Педагогика факультетінің деканы


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет5/18
Дата18.05.2017
өлшемі3,06 Mb.
#16336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1 дәріс тақырыбы: Педагогиканың ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.



Жоспары:

      1. Педагогика жайында жалпы түсінік.

      2. Педагогика ғылымының обьектісі және пәні.

      3. Педагогика - тәрбие жайындағы ғылым.

1. Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.

Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбиелеуде белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының мазмұнын құрайды. Мысалы, қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнділігі ерекше: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шешесін көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш», «Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле» және т.б. Сонымен қатар, қазақ халқында ата-әже, әке-шеше тәрбиесімен бірге арнайы, дарынды адамдарда (белгілі ақын, жыршы, әнші, күйші, молда, емші, шебер адамдар) да тәрбиелену кең таралған.

Халық педагогикасының ролі қоғам, жанұя өмірінде де ерекше. Ол адамдармен қарым-қатынас орнатуға, әрекеттенуге, өзін-өзі жетілдіруге, ата-ананың парызын орындауға мүмкіндік береді.

Адамның еңбек іс-әрекетінің кеңеюіне байланысты тәрбие обьективті әлеуметтік қажеттілік ретінде пайда болып, ол халық педагогикасында көріне бастайды.

Педагогикалық ғылым оқыту мен тәрбиелеудің фактілерін жинақтайды, құбылыстар арасында себеп-салдарлы байланыстарды орнатады. Ол тек сипаттап қана қоймай, оқыту мен тәрбиелеу барысында адам дамуындағы өзгерістерді түсіндіреді, олардың неліктен пайда болатынына және қандай өзгерістер екендігіне сипаттама береді. Тұлғаны дамытуда педегогикалық процесті болжау және басқару үшін ғылыми білім қажет.

Педагогика ғылымын философиямен тығыз байланыстырады. Ол ежелгі Кытай, Үңдістан, Египет, Греция елдеріңде пайда болып, дамыған.

Тәрбиелеу жүйесін ежелгі грецияның философы Демокритпен (460-370ж. б.э.д.) байланыстырады. Ол барлық еңбектерінде тәрбиеге мән берген. 'Табиғат пен тәрбие егіз, тәрбие адамды құрастырады, адам табиғатты құрастырады".

Теориялық педагогиканы дамытқан ежелгі грек ойшылы Сократ (427-3476.з.д), Аристотель (384-322 б.з.д). Олар өздерінің құңды еңбектері және ойларымен тәрбиеге терең мән берген.

Орта ғасырда педагогиканы дамытушылардың қатарында шіркеу адамдары өз заманының философтар болған: Теруллиан (160-222), Августин (354-430) Аквинат (1225-1274) педагогика теориясына өз үлестерін қосқан. Педагогика ұзақ уақыт бойы философиямен бірге қарастырылды. Тек ХҮП ғ. ол философиядан ғылым ретіңде бөлінді. Педагогиканың философиядан дара ғылым ретіңде бөлініп шығуын чех ғалымы Ян Амос Коменскиймен байланыстырады (1592-1670). Оның алғашқы еңбегі "Ұлы дидактика" 1654ж. Амстердамда шықты. Бұл алғашқы ғылыми педагогикалық кітап больш саналады. Оның жазған ойлары мәнділігін осы күнге дейін жойған жоқ. Мысалы: оқыту формасы, әдістері, сынып-сабақ жүйесі педагогика теориясының негізі больп табылады.

Орыс педагогикасының негізін қалаушы К.Д.Ушинский больш табылады. Оның негізгі еңбектері: "Балалар әлемі", "Ана тілі', XXғасырда А.С.Макаренко бар: "Педагогикалық поэма". Ол тәрбиеші жұмысы өте қиын, жауапты қызмет деп айтқан.

Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Ш.Уәлиханов. Оның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Ол: "тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, түрмыс құруға үйретеді," - деді. Оның еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Шоқанның ағартушы-ғалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты - халқына қайткенде де білім беру, оқыту, оны дүние тануға жетелеу сондай-ақ бұл мәселелерді реформа арқылы іске асыру еді.

Аса көрнекті ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889). Ол бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, тәлімгер -ұстаз дайындауға арнаған. Оның негізгі еңбеіктері "Қазақ хрестоматиясы", "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы". Ы.Алтынсарин қазақ жастарына кәсіптік мамандық алуына зор үлесін қосты.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) шығармалары, қара сөздері педагогикалық ой-пікірге толы. Абайдың көзқарасындағы басты нысана "Атаның баласы болма, адамның баласы бол... Жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін».

«Караңғы қазақ елінің көгіне шығып күн болуды» көксетен ағартушы -педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) артына педагогикалық ой -пікірдің өлмес мұрасын қалдырды. Ол өмірді өзгеріуне, адам мінезін қалыптастыруға күш салып, "Ары тазаның жаны таза" деп түйіңдетен.

Ы.Алтынсариннің, Абайдың көптеген ізбасарлары А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Әлжанов, С.Қожахметов, К.Бержанов болашаққа бай қазынаның бетін ашып, лайықты мағлұматтар бергені сөзсіз.

Ш.Әлжанов педагогикалық психологияның мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ол педагогика мен психология мәселелерін сабақтастыра зерттеп, құнды ғылыми ұсыныс жасаған болатын.

Бұлардың барлығы педагогика ғылымына өз ой-пікірлерін қорыта келіп, қазақ даласына оқу-ағарту, тәлім-тәрбие беру мақсатында көптеген ізденіс-жұмыстарын жүргізген болатын.

Болашақта педагогика ғылымы әрмен қарай дамып, мол қазынаға ие болатыны сөзсіз.
2. Ғылым – білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.

Ғылыми зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.

Педагогиканы зерттеуде ғалымдар үш тұжырымдама тұрғысынан қарайды.

Бірінші тұжырымдама өкілдерінің айтуынша, педегогика- адам жайындағы білімнің пән аралық саласы. Бірақ бұнда педагогика дербес теориялық ғылым ретінде танылмайды.

Келесі ғылымдар педагогиканың қолданбалы ғылым ретіндегі ролін анықтайды. Онда педегогиканың басты функциясы білім беру мен тәрбиелеу салаларында пайда болатын міндеттерді шешуде басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған білімді сол жағдайларға бейімдеп қолдану болып табылады.

Бұл тұжырымдаманы жақтаушыларда педагогиканың өз пәнінің болуын, яғни жеке теориялық білімнің болуын жоққа шығарады. Педагогикадан басқа ғылымдар педагогикалық шындықты тұтастай және арнайы зерттеумен айналыспайды.

Үшінші тұжырымдама бойынша педагогика - жеке зерттеу обьектісі мен пәніне ие дербес ғылым.

Ғылымның обьектісі – бұл ғылым зерттейтін ақиқат шындықтың саласы.

Педегогика ғылымының обьектісі – білім беру (тәрбие). Сондықтан педагогиканың обьектісі ретінде адам индивидтің дамуын қамтамасыз ететін құбылыстарды білім беру деп атайды. Ол педагогика зерттейтін обьективті өмірдің бөлігі.

Білім беруді тек педагогика ғана емес, сонымен қатар философия, әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы өмірдегі мақсаты ,орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады.

Бұл ғылымдардың білім беруде, зерттеуде тигізер көмегі өте зор болғанмен, олардың біреуіде адам дамуымен өсуі, осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады.

Педагогиканың пәні – арнайы әлеуметтік институттарда (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Осы мағынада, педагогика-адам дамуының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.

Осы негізде педагогика педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын жасайды.

3. Педагогика ғылымына қазіргі кезеңге, жаңа техника, жаңа құрылыс, жаңа заман талабына сай өзгертуге болады жэне өзгерту керек деген пікір айтылып жүр. Бұл педагогиканы жаңа бағытта - адамды жан-жақты және жарасымды тәрбиелеу мақсатында - жаңа жолдар енгізу.

Педагогика ғылымы әуел бастан бала тәрбиесі деген ұғымды білдірсе, қазір ол бүкіл адамзат тәрбиесін өз міндетіне алып отыр. Тиімді тәсілдер, әдістер, танымдық жұмыстар қолданудың түпкі нәтижесі: адамға тәрбиенің мәнін, сәнін, мазмүнын түсіндіру және үйрету.

Қазіргі ізгілендіру және демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттерінің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істейтін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орындары дайындайды. тұжырымдамаларының маңызы өте зор. Олардың бірі - Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы, екіншісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес бекіткен "Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы".

Сонымен, халыққа білім беру жүйесіне еңбекті ғылыми ұйымдастыруды кеңінен енгізудің барынша мүмкіншілігі және қажеттілігі арта бермек.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. «Педагогика» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.

  2. Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?

  3. Педагогиканы ғылым және өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?

  4. Педагогиканың ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?

  5. Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?

  6. Педагогиканың тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.

  7. Берілген әдебиет тізімі бойынша «педагогика» ғылымын түсіндірудің кестесін құрыңыз. Есеп беру формасы: кесте.

  8. «Адамзат тарихында педагогикалық ойлардың дамуы» атты хронологиялық кесте құрыңыз.

2 дәріс тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.


Мақсаты: педагогиканың ұғымдық аппараты туралы ұғым беру; педагогика-

лық пәндердің мазмұнын ашып көрсету; педагогиканың басқа ғы-

лымдалмен байланысын көрсету.

Тірек ұғымдар: педагогиканың категориялары, категориялық аппарат, ұғым, тәрбие, білім беру, оқыту, жүйе.

Жоспар.

1. Педагогиканың ұғымдық аппараты.

2. Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.

3.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.


1. Педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық:

Пеяагогиканың болмыс ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Педагогикада "мадсат", "құрал", "тәсіл", "даму" және қалыптасу" сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғалымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға тоқталмай оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес қарастырамыз.

Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие. Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі больш табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.

Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркешеленіп, елеусіз қальш отыр.

Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырьш түсіңдіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, оңда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспас еді. "Тәрбие" термині әрдайым тар мағынада, "тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада "өмір тәрбиелейді" деп қолданьш келеді. Оның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.

Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие - көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық больш айналысады. Олай болса, тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік органың, мектеп пен ата - аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.

Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері -білім беру мен оқыту орындары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.



Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру - табиғат және қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінен жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеген. Казіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми - техникалық үдеудің құдіретті факторы больш отыр. Білім беру өте күрделі ұғым, педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіңдірудің әр турлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөніңде айтылса, оңда бастауыш, тоғыз жылдық, орта және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, оңда педагогикалық, ауылшаруашылық т.б. осы сияқты ғылымдар қолданылады. Ал, білім беру мамаңдыққа байланысты сөз егілсе, онда педагогикалық медициналық, ауыл шаруашылық т.б. осы сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдардың бір жағынан, бір - бірімен ұштасьш жататын табиғи байланысы болады. Халыққа білім беру негізі - жалпы орта білім. Жастардың орта және жоғары дәрежесі мамандыққа ие болу немесе өңдірісте нәтижелі еңбек етуі орта білім алуға байланысты.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері - соңдықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міңдеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірге қолданады.

Педагогика тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбилік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Мысалы, әдебиет сабағында шығарма кейіпкерлерінің патриоттық ерлігін мазмұңдау арқылы білім бере отырып, мұғалім оқушыларды қарсы өшпенділікке тәрбиелейді. Химия сабақтарыңда оқушылар химиялық заңдар, факторлар, теориялар жөніңде ғылымның негізі мен қаруланады. Халық шаруашылығының, маңызды салаларында химияны қолданумен танысады. Осыған орай, мұғалім оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгеңдік рухына тәрбиелеуге көмектеседі.

Педагогиканың негізгі ұғымдары деп тәрбие, білім беру, оқыту дедік қой, олар бір - біріне тәуелді, табиғи байланысып жұмыс жүргізеді. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралдары больш табылады.

2.Жүйе – элементтердің жиынтығы, олар белгілі бір тұтастық, бірлік құратын бір-бірімен қатынаста және байланыста болады.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. дербес бөліне бастады.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогикасы (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және жизиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшеліктерін зерттейді.

Кәсіби-техникалық, арнаулы орта, жоғары білім беру педагогикасы жұмысшы кадрларды кәсіби және әртүрлі деңгейде мамандарды даярлаудағы педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттейді.

Коррекциялық педагогика (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) дене дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеумен айналысады.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.

Салалық педагогика (жалпы, әскери, өндірістік,еңбекпен түзету, сауықтыру, педагогикалық, психологиялық ) түллі еңбек және өмір салаларында адамдарды тәрбиелеу, дамыту заңдылықтарын зерттейді.

Педагогика тарихы – адамзат тарихында педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.

4. Педагогика саласындағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытта болғандықтан педагогика гуманитарлық білімдер жүйесімен байланыста болады.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдер, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамыды.

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын түбегейлі зерттейді. Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология психикалық процесті және адамның дербес ерекшіліктерін, демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейді. Педагогика мен психология ғылымдарының зерттейтін объектісі - адам. Педагогикалық нақты мәселерді зерттеп, жинақтауға әлеуметтану ғылымының маңызы зор. Әлеуметтану ғылымы әлеуметтік ортаның ықпалын, арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Педагогиканың да, психологияның да табиғи ғылыми негізі физиология болып саналады. Ол негізгі нерв және психикалық процестері өтуінің педагогикалық мән-жайын неғұрылым терең зерттеу үшін негізі болып келеді. Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдаланады. Бұл күрделі машиналардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттейді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Мына ұғымдарға анықтама беріңіз: педагогикалық процесс, педагогикалық жүйе, тәрбие, оқыту, білім беру, даму, қалыптасу.

2. Білім берудің мәні неде?

3. Білім берудің әлеуметтік мәні неде?

4. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай формаларда өтеді?

5. Қазіргі педагогика ғылымының құрылымы қандай?

3 дәріс тақырыбы: Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Мақсаты: мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдасты-

руда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.



Тірек ұғымдар: әдіснама, әдіснамалық негіз.

Жоспар.

1. Педагогикалық зертеудің әдіснамалық негіздері.

2. Педагогиканың жаңа әдіснамасы

3. Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.


1. Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педпгогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.

Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылым әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.

Кез-келген әдіснама реттеуші, нормалаушы қызметін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (бейелеуші) және прескриптивті (нормалаушы) формаларда көрінеді.

Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу процесінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Прескриптивті әдіснама іс-әрекетті реттеуге бағытталған.

Әдіснамалық білім құрылымы 4 деңгейден тұрады:

1) Фиолсофиялық деңгейде ғылым танымның жалпы принциптері мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған.

2) Жалпығылымилық деңгей – бірнеше ғылыми пәндерде қолданылатын теориялық концепциялар.

3) Нақты-ғылымилық деңгейінде арнайы ғылымда қолданылатын зерттеу әдістерінің принциптері мен іс-шаралардың жиынтығы көрсетілген;

4)Технологиялық – зерттеу әдістемесі мен техникасы.

Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды. Бұнда философиялық деңгей әдіснамалық білімнің мазмұнды негізі ретінде танылады.


2. Білім берудің дамуы білім беру философиясының дамуы мен оның педагогикалық теория мен практикаға енгізілуіне тікелей бағынышты. Қазіргі европалық мектеп пен білім беру Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ф.Фребель, И.Г.Гербарт, Ф.А. Дистервег, Дж. Дьюи және т.б. классиктер түйіндеген философиялық және педагогикалық идеялардың әсерінен қалыптасқан. Олардың идеялары ХІХ-ХХғғ. Дамыған білім берудің классикалық моделі негізінде жатыр.

ХХғ. І-ші жартысында Қазақстан, сол кездегі Кеңес Одағы педагогикасында бүгінгі күні өз мәні мен маңызын жойып алған иеялар негіз ретінде танылды. Олар қазір сынға алынған. Осы идеялар ішінде білімді адам идеялының түсіндірмесі де бар. Білімді – бұл білімді білетін және қолдана алатын адам. Білімділік парадигма білім берудің мазмұнын ғылым негіздері жайындағы білім дегенге саяды. Оқу пәндерін құру тәсілі бұнда білімді біртіндеп жинақтау. Оқытудың басты формасы – сынып сабақ жүйесі.

1960-шы жылдан бастап отандық мәдениетке (басқа адамның пікірін түсінуі, есепке алу қажеттілігі,тұлғаны, оның құқын құрметтеу) диолог, ынтымақтастық, біріккен іс-әрекет енгізілді. Осыған байланысты классикалық білім беру жүйесі қоғам мен өндіріс талаптарына сәйкес келмей қалды. Жаңа педагогика мен білім беру процесін қайта құру үшін философиялық педагогикалық идеяларға қажеттілік туындайды.

Қазіргі педагогика ғылымының басты бағыты – оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Педагогика мен практиканың адамға, оны дамытуға, гуманистік дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы - өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканың әдіснамасы болып табылатын білім берудің гуманистік философиясын дайындау қажет.

Осыған сәйкес, педагогиканың әдіснамасы – бұл білім беру философиясының гуманистік мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.

3. Адам әрдайым болып жатқан құбылыстарды дүниетанымды бағалауға (саяси, құлықтық, эстетикалық және т.б.), міндет қоюға, шешімін іздеп, табуға, оны жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа,өзіне) көз-қарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және теориялық. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын аксиологиялық (грек. Axia - құндылық және logos - ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады, ол, бір жағынан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.

Аксиологиялық тұрғының мәні аксиологиялық принциптер жүйесі арқылы көрсетіледі:


  • Біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесінде олардың мәдени және этникалық ерекшеліктерін сақтай отырып, философиялық көз-қарастардың теңдігі;

  • Дәстүр мен шығармашылықтың бірмәнділігі принципі, өткен ғылым мен тәжірибені зерттеу мен қолдану және рухани баюдың мүмкіншілігінің қажеттілігін тану принципі.

  • Адамдардың экзистенциалдық теңдігі, принципі, құндылықтар жайындағы жарыссөздерден әлеуметтік мәдени прагматизмге көшу принципі.

Осы әдіснамаға сәйкес, педагогиканың гуманистік мәнін анықтау міндеті қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет