48) Сынып жетекшісінің қызметі.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісімен тарбиешінің негізгі міндеттері.
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
3. Ата–аналар ұжымын құру.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары: тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық; хабарламалық. Міндеттер: ата- аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; ата – аналардың педагогикалық білім –біліктіліктерін арттыру,ата–аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.
Сынып жетекшісі және тәрбиешінің ата – аналармен қарым – қатынасының формаларының өзі екіге бөлінеді, дәстүрлі және дәстүрлі емес.
Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары: ата- аналар жиналысы; жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар; ұстаздың жеке ақыл-кеңесі, әңгімесі; оқушылардың үйін аралау; ата – аналар университеті; ашық есік күні.
Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары: тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме; ата-аналар оқуы; ата-аналар кеші; ата- аналар тренингі.
49) Мектеп жасында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – адамның әртүрлі ұлттар мен нәсілдердің өкілдеріне құрметпен қарауы, олардың мәдениетін, тарихын, ұлттық қадір-қасиетін құрметтеу. Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті адамдардың көпұлтты ортада құқықтық және моральдық-этникалық нормаларды жүзеге асыруын білдіреді. Оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынасы балалар арасындағы қарым-қатынас сипатының өзгеруіне ықпал етеді: енжарлық жойылады, жылылық пен адамгершілік қосылады; сыныптың бірігуі күрт артады; балалар бір-бірін және өздерін жақсы түсіне бастайды. Оқушылар басқаларға және өздеріне үлкен құрметпен қарайды; сонымен бірге өзін-өзі сынау да өседі: құрбыларымен жұмыс тәжірибесі бар бала өз қабілеттерін дәлірек бағалайды, өзін жақсы басқарады.
Әртүрлі ұлт өкілдерін шақырумен әңгімелеу, әңгімелесу, оқу, сахналау, ертегілерді талқылау, диафильмдер, фильмдер көру, ұлттық мәдениеттер фестивалі сабақтары, сабақтар-КВН, викториналар, аукциондар өткізу, ұлттық қонақ бөлмелерін ұйымдастыру және т.б. - бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу тәжірибесінде қолдануға болатын жұмыс түрлері. Жұмыс түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және мұғалімнен де, студенттерден де әртүрлі дайындықты талап етеді.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу барысында келесі міндеттерді шешу қажет:
- оқушының өзін белгілі бір халықтың, белгілі бір ұлттық мәдениеттің өкілі ретінде тануға мүмкіндік беру;
- оқушыға белгілі бір мәдениет пен тарихи қауымдастық аясында өзін шығармашылық тұлға және саналы азамат ретінде жүзеге асыруға көмектесу;
- оқушыға басқа мәдениеттермен тең дәрежеде диалогқа түсу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |