Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Педагогика және психология кафедрасы
1 курс студенттеріне «Психология және адам дамуы» пәнінен тест сұрақтары
І-нұсқа
1. Адамның жоғары сезімдерінің түрлері:
А) адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық;
В) стеникалық, астеникалық, нейтральды;
С) жағымды, жағымсыз, алебивалентті;
Д) эмоциалар, аффектер, стресс, көңіл күй;
Е) психикалық жағдайлар, махаббат, құмарлық.
2. Психологияда ауызша сөйлеудің қарапайым түрлері:
А) монолог;
В) пікір талас;
С) полемика;
Д) дәріс;
Е) әңгімелесу.
3. «Қабылдау» психикалық процестерге қатысты, ал «Темперамент» :
А) жүйке жүйесінің қасиеттеріне;
В) психикалық қасиеттеріне;
С) тұлғаға;
Д) психикалық процестерге ;
Е) қарым - қатынасқа.
4. «Үғым», «пікір», «ой қорытындысы» - бұлар :
А) ойлау операциялары;
В)ойлау формалары;
С) ойлау түрлері;
Д) ақыл – ой қасиеттері;
Е) ойлау ерекшеліктері.
5. «Адаптация» түйсікке қатысты, ал «апперцепция»:
А) ойлауға;
В) сезімге;
С)қабылдауға;
Д) зейінге;
Е) сөйлесуге.
6. Бір тітіркендіргіштің әсерінен бірнеше сезім мүшесінде түйсіктің пайда болуы:
А) адаптация (бейімделу);
В) сенсибилизация;
С) синестезия;
Д) сезімталдық;
Е) әрекеттен кейінгі құбылыс.
7. Қабылдаудың заттылығы – бұл ең алдымен:
А) заттың қоршаған ортаға қатысты объективтіленуі;
В) шындықтағы құбылыстардың құрылымы;
С) көру бейнесінің қалыптасуы;
Д) заттардың жеке қасиеттерін бейнелеуі;
Е) шындықтағы заттарды бұрмалап қабылдау.
8. Қабылдаудың физиологиялық негізін құрайды:
А) рецепторлы жүйелер;
В) ганглиоздық жүйе;
С) ішкі талдағыштар мен анализатор аралық байланыстар жүйесі;
Д) үлкен жарты шарлар аймақтары ;
Е) уақытша жүйкелік байланыстар.
9.Төменде берілген зейін ұғымдарының қайсысы қате?
А) көлемі;
В) бөлінуі;
С) ауысуы;
Д) кеңдігі;
Е) тұрақтылығы.
10. Алдыңғы алынған ақпараттармен байланыстыру арқылы ақпаратты бекіту не деп аталады?
А) еске түсіру;
В) қайта жаңғырту;
С) есте қалдыру;
Д) еске алу;
Е) есте сақтау.
11. Қазіргі заманғы психология адамдардың темперамент бойынша жеке ерекшеліктерін қалайша түсіндіреді:
А) қан тамырларының жуандығы және серпімділігімен, сондай – ақ кеңдігімен;
В) мидың ерекшеліктерімен және жоғарғы жүйке қасиеттерімен;
С) ағзадағы лимфа, қан, қара және сары өт тәрізді сұйықтықтардың сандық қатынасымен;
Д) қанның жеке ерекшеліктерімен;
Е) дене бітім, жалпы дене конституциясымен.
12. «Ой қорытындысы» ойлауға қатысты, ал «аффектер»:
А) эмоцияға;
В) құмарлыққа;
С) сезімдерге;
Д) көңіл - күйге;
Е) қайғыға.
13. Ойлау процестерінің бастамасы - бұл :
А) ойлау операциялары;
В) силлогизмдер, пікір және ұғым;
С) ойлау қасиеттері;
Д) перцептивті жүйелер;
Е) проблемалық жағдайлар.
14. Қайсысы психикалық процесс :
А) ойлау;
В) эмоция;
С) сезім;
Д) қабілет;
Е) темперамент.
15. Төменде берілген зейін түрлерінің классификациясының қайсысы дұрыс:
А) ырықсыз, ырықты;
В) ырықсыз, ырықты, үйреншікті;
С) шынайы, жалған, шашыраңқы;
Д) шынай, ырықты, жалған;
Е) жалған, ырықсыз, ырықты.
16. Естің негізгі түрлері:
А) бейнелік, қимыл – қозғалыс, сөздік, эмоциялық;
В) көру есту, қимыл – қозғалыс, механикалық;
С) қысқамерзімді, оперативті, ұзақ мерзімді, ырықты;
Д) ырықсыз, ырықты, эмоциялық оперативті;
Е) генотипті, импрингтинг өмірлік.
17. Ойлауды зерттеуде жетекші:
А) кибернетика;
В) формалды логика;
С) тұлға психологиясы;
Д) іс -әрекет психологиясы;
Е) танымдық процестер психологиясы.
18. Топтық құбылыстарды зерттеу үшін «социометрия» әдісін ұсынған психолог кім?
А) К. Левин;
В) Э. Фромм;
С) Дж. Морено;
Д) Б. Г. Ананьев;
Е) Р. Кеттэлх.
19. Басқа психикалық процестермен салыстырғанда, ойлау процестерінің басты артықшылығы неде?
А) оның шексіздігінде;
В) құрылымның күрделігінде;
С) оның қасиеттерін анықтау жолының қиындығында;
Д) өз нәтижелерінің берілуінде;
Е) қоршаған ортамен тікелей байланыстың болмауында.
20. Бір уақытта қабылданатын объектілердің саны - бұл:
А) зейіннің шоғырлануы;
В) зейіннің тұрақтылығы;
С) зейіннің ауысуы;
Д) зейіннің көлемі;
Е) зейіннің бөлінуі.
21. Белгілі бір нәрсеге аса күшті шоғырланып кетуінде көрінетін зейіннің бұзылысы:
А) интерттілік;
В) шектен тыс қозғалыстық;
С) шашыраңқылық;
Д) қозғалғыштық;
Е) толқу.
22. Психология ғылымының дамуы неше этаптан тұрады:
А) 3;
В) 4;
С) 5;
D) 6;
Е) 7.
23. Бала дамуын зерттейтін психология ғылымының саласы:
А) медициналық психология;
В) заң психологиясы;
С) жас ерекшелік психологиясы;
Д) спорт психологиясы;
Е) жалпы психология.
24. Сәбилік шаққа тән негізгі ерекшеліктерді атаңыз:
А) еңбектеуі, айқайы, гуілдеуі;
В) тік жүруі, сөйлеуі, заттық әрекет;
С) тік жүруі, жармасуы, заттық әрекет;
Д) сөйлеуі, естуі, жармасуы;
Е) тік жүруі мен сөйлеуі
25. Сана - тән:
А)тек адамға;
В) адамға, құстарға;
С) адамға, жануарларға;
Д) адамға, балықтарға;
Е) барлық тірі ағзаға.
26. Темперамент табиғатын Гипократ қалай түсіндірді?
А) қан тамырларының жуандығы және серпілдігімен, сондай – ақ кеңдігімен;
В) мидың ерекшеліктерімен және жоғарғы жүйке қасиеттерімен;
С)ағзадағы лимфа, қан, қара және сары өт тәрізді сұйықтықтардың сандық қатынасымен;
Д) қанның жеке ерекшеліктерінен;
Е) дене бітім, жалпы дене конституциясымен.
27. Кеңпейілділік, жомарттық, секемшілдік сияқты мінез сипаттары мынаған байланысты көрініс береді:
А) тұлғаның жеке бас көрінісіне қатысты;
В) еріктік көрінісіне қатысты;
С) эмоциялық көрінісіне қатысты;
Д) танымдық көрінісіне қатысты;
Е) психикалық процестеріне қатысты.
28. Адамның іс - әрекеті мен мінез – құлқын түсіндіреді:
А) бағыттылық;
В) мінез акцентуациясы;
С) ерік - жігер;
Д) ақыл – ой ерекшеліктері;
Е) қабілеттер.
29. Адам қабілеттерінің себепшісі:
А) мінез қырлары;
В) темперамент типтері;
С) тұлғаның еріктік сапалары;
Д) нышандар;
Е) танымдық процестер.
30. Үш жастағы баланың сөздік қоры:
А) 3000-4000 сөз;
В) 800 сөз;
С) 1000-1500 сөз;
Д) 2000-2500 сөз;
Е) 2500-3000 сөз.
31. Заттарды, бейнелерді, түстер мен дыбыстарды т.б. есте жақсы сақтау, бұл естің қай түрі?
А) көрнекі – бейнелік ес;
В) сөз – логикалық ес;
С) эмоциялық ес;
Д) қимыл-қозғалыс есі;
Е) ұзақ мерзімді ес.
32. Темперамент пен мінездің байланысы мынада:
А) темперамент негізінде мінез жатады;
В) мінездің негізінде темперамент жатады;
С) мінез бен темперамент тұлғалық биологиялық негізі;
Д) мінез бен темперамент адам қатынасы анықтайды;
Е) мінез бен адамның қабілетін анықтайды.
33. Төменде берілгеннің қайсысы топтың бірлігін көрсетеді :
А) тәуелділік;
В) ұнатпау;
С) ұнату;
Д) ұйымшылдық;
Е) эмоциялық күй;
34. Баланың үлкендермен қарым-қатынасы туғаннан 1 жасқа дейінгі аралығындағы өзара байланыстылық не деп аталады?
А. эмоционалды-тікелей қарым-қатынас;
В. затты-манипулярлы қызмет;
С. Сюжетті-ролді ойын қарым-қатынасы;
Д. оқу-танымдық әрекет;
Е. кәсіби-жекедаралық қарым-қатынас
35. Гуманистік бағыт:
А) детерминистік сипатта;
В) индивидтің потенциалды мүмкіншіліктерін арттыруға болады;
С) мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған;
Д) адамдар арасындағы қарым – қатынасты негізге алады;
Е) адамның қабілетін анықтайды.
36. Басқа адамдардың психологиялық жағдайын терең түсініп, сол адаммен:
А) қайырымдылық;
В) ашықтық;
С) конфронтация;
Д) эмпатия;
Е) аутенттілік.
37. Біздің эмоцияларымыздың қарқындылығы мына нәрсеге байланысты емес:
А) сол жағдайды қабылдауымызға;
В) сергектік деңгейіне;
С) алынған ақпаратты талдауға;
Д) қажеттілігімізге;
Е) қайырымдылыққа.
38. Жағымсыз эмоциялар ақпараттың:
А) көптігінен пайда болады;
В) жеткіліксіздігінен пайда болады;
С) жеткіліктілігінен пайда болады;
Д) біршама жеткіліксіздігінен;
Е) біршама көптігінен.
39. Стресс байланысты :
А) ағза қорының тозуына;
В) күтпеген және қиын жағдайға;
С) тәуекелге барумен;
Д) ағзаның бейімділігіне;
Е) қиыншылықты жеңуге.
40. Ғылыми әдіс:
А) рационалистік;
В)болжамдарды тексеруден тұрады;
С) субъективті;
Д) негізді;
Е) қиыншылықты жеңеді.
41.Психикалық процесті көрсетіңіз:
А) ойлау;
В) сана;
С) мінез;
Д) эмоция;
Е) темперамент.
42. Дарындылық - бұл:
А) бірнеше қабілеттердің жиынтығы;
В) керемет жетістіктерге жеткізетін бірегей қабілеттер;
С) нақты бір іс - әрекет түрлеріне деген жоғарғы қабілеттілік;
Д) жан - жақтылық;
Е) барлық істерді сәтті аяқтауға көмектесетін талант.
43. Табиғи қабілеттер - бұлар:
А) тума нышандар негізінде пайда болады;
В) қоғамдық ортада өмір сүру мен дамуды қамтамасыз ететін тарихи – дағдылық ерекшеліктер;
С) түрлі іс - әрекеттер саласындағы адамның жетістікке жету қабілеттері;
Д) нақты бір іс - әрекет түрлеріне деген жоғарғы қабілеттілік;
Е) әлеуметтік ортаға деген бейімделу ерекшелігі.
44. Адамдардың ерекше қабілеттері бөлінеді:
А) жалпы;
В) теориялық;
С) оқу;
Д) қарым – қатынасты жасауға деген қабілеттілік;
Е) арнайы.
45. Жеке табиғи негізді құрайтын, жүйке – жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері:
А) дарындылық;
В) данышпандық;
С)нышандар;
Д) қабілеттер;
Е) талант.
46. Адамның білім алып, іскерлік, дағды қалыптастыру және де әр түрлі іс - әрекетті жүзеге асыру үшін қажет жеке – дара ерекшелігі:
А) темперамент;
В) мінез;
С) қабілет;
Д) ерік;
Е) эмоция.
47. Сезгіштіктің артуы:
А) контраст;
В) сенсибилизация;
С) адаптация;
Д) синестезия;
Е) ассоциация.
48. Түйсік дегеніміз:
А) қоршаған ортадағы заттардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерінің көмегімен мида бейнеленуі;
В) қоршаған ортадағы заттардың сезім мүшелерінің қай мида тұтастай бейнеленуі;
С) адамның өмірі мен іс - әрекетінің ерекшеліктерінің есте қалуы, есте сақталуы және жаңғыртылуы;
Д) қоршаған ортадағы заттардың өзара байланысын адамның жалпы және жанама бейнеленуі қоршаған ортадағы;
Е) қоршаған ортадағы заттардың бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеу.
49. Статикалық түйсіктің рецепторы орналасқан:
А) ішкі құлақта;
В) бұлшық ет, сіңірлерде;
С) вестибулярлық аппаратта;
Д) мұрын қуысында;
Е) ішкі ағзаларда.
50. Үнемі әсер ететін тітіркендіргішке сезгіштіктің үйренуі:
А) апперцепция;
В)адаптация;
С) сенсибилизация;
Д) синестезия;
Е) контраст.
Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді. №4 хаттама. 16.11.2015 ж.
Кафедра меңгерушісі: Избасарова Ф.Д.
Құрастырған, аға оқытушы: Жапарова Г.С.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Педагогика және психология кафедрасы
1 курс студенттеріне «Психология және адам дамуы» пәнінен тест сұрақтары
ІІ-нұсқа
1. Жасөспірімдік және бозбалалық жаста өзіндік сапаның қай компоненті көп мәнге ие болады?
А) өзінің мен-ін ұғыну;
В) әлеуметтік өнегелік жүйесін;
С) өзінің психикалық қасиеттерін;
Д) ықтиярлық;
Е) өзінің логикалық ойлауын.
2. Бір тітіркендіргіштің әсерінен бірнеше сезім мүшелерінде түйсік пайда болуы:
А) адаптация;
В) синестезия;
С) сенсибилизация;
Д) контраст;
Е) сезгіштік.
3. Адамның көңіл – күйін құрайтын түйсік:
А) иіс;
В) сипап сезу;
С) тері;
Д) органикалық;
Е) кинетикалық.
4. Вибрациялық түйсіктің рецепторы орналасқан:
А) мұрын қуысында;
В) теріде;
С) тілде;
Д) ішкі құлақта;
Е) тарлы қабықта.
5. Сөздік дыбыстарды ажырату:
А) музыкалық;
В) шулық;
С) фонетикалық;
Д) эмоциялық;
Е) вибрациялық.
6. Қабылдаудың негізгі қасиеті:
А) ауысу;
В) абстрактылау;
С) көлем;
Д) заттылық;
Е)ауысу.
7. Құбылыстардың ұзақтылығы мен бірізділігін бейнелеу:
А) уақытты қабылдау;
В) кеңістікті қабылдау;
С) көлемді қабылдау;
Д) түрді қабылдау;
Е) шаманы қабылдау.
8. Қабылдаудың адамның өмір тәжірибесіне байланыстылығы:
А) иллюзия;
В) галлюцинация;
С) адаптация;
Д) апперцепция;
Е) тұрақтылық.
9. Бір рет болған жағдайды жалпы заңдылық деп бейнелеу:
А) мағыналық;
В) жалпылау;
С) заттылық;
Д) апперцепция;
Е) тұрақтылық.
10. Психология пәні:
А) жан;
В) сана;
С) әрекет;
Д) психика;
Е) мінез.
11. Қабылдау мына нәрсемен байланысты емес:
А) заттарды танумен;
В) заттар мен құбылыстарды түсінумен;
С) заттар мен құбылыстарды белгілі – бір категорияға жатқызумен;
Д) заттар мен құбылыстарды терең мағыналаумен;
Е) заттар мен құбылыстарды есте сақтаумен.
12. Белгілі – бір мәселені шешу үшін арнайы ұйымдастырылған қабылдау:
А) апперцепция;
В) зейін;
С) бақылау;
Д) нұсқау;
Е) мотивация.
13. Нақты бір объектіні түсіну және сапалау:
А) жалпылау;
В) тұтастылық;
С) заттылық;
Д) мағыналық;
Е) тұрақтылық.
14. Заттардың кеңістіктегі бағыты мен жылдамдығын бейнелеу:
А) уақытты қабылдау;
В) кеңістікті қабылдау;
С) қозғалысты қабылдау;
Д) көлемді қабылдау;
Е) пішінді қабылдау.
15. Бақылаудың нәтижелігі мына нәрсеге байланысты емес:
А) бақылатын объект туралы білетін ақпаратқа;
В) қойылған мақсаттың нақтылығына;
С) бірізділігіне;
Д) жүйелігіне;
Е) бақылаушының материалдық жағдайына.
16.Түйсіктің қай заңдылығы ұзақ уақыт бойы әсер етіп тұрған жағымсыз иіс біраздан соң сезілмейді:
А) синестезия;
В) сенсибилизация;
С) адаптация;
Д) контраст;
Е) түйсіктің табалдырығы.
17. Зейін - бұл:
А) ұзақ уақыт қарап тұра алу;
В) объектіге сананы бағыттау;
С) сабақта студенттің тыныш отыру;
Д) сабақта студенттің шаршамауы;
Е) бір уақыт бірнеше істі атқара алу.
18. Қимыл – қозғалыс есі:
А) кеше барған жеріңді еске түсіруге көмектеседі;
В) күшті күйзелістерді есте сақтау;
С) қозғалыстарды еске сақтау;
Д) бейнелерді еске сақтау;
Е) сөздер мен бейнелерді еске түсіруге көмектеседі.
19. Аэрошана, танк – амфибия, дирижабль, экскаватор, тролейбус және құрастырғанда қиялдың қай тәсілі қолданылған:
А) құрастыру;
В) екпін түсіру;
С) агглютинация;
Д) типтік бейне жасау;
Е) қиыстыру.
20. Еріктік күштің қарқындылығы неге байланысты емес?
А) тұлғаның дүниетанымына;
В) адамгершілігіне;
С) мақсаттың қоғамдық маңыздылығына;
Д) іс - әрекетке деген адамның қатынасына;
Е) көпшілдікке.
21. Екі факторлы конвергенция теориясының негізін салушы:
А) Дж.Уотсон;
В) Ч.Дарвин;
С) З.Фрейд;
Д) Ж.Пиаже;
Е) В.Штерн.
22. Күрделі еріктік әрекетке тән:
А) мотивтер күресі мен таңдау;
В) мақсатты саналы түрде сезіну және оған жетуге ұмтылу;
С) мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну;
Д) мүмкіндіктерді терістейтін және қолдайтын мотивтердің болуы;
Е) нақты әрекет ету.
23. Еріксіздік - бұл:
А) амнезия;
В) астения;
С) абулия;
Д) афазия;
Е) адаптация.
24. Жан Пиаженің даму теориясын жалғастырушы ғалымдар:
А) Паскуле-Леон, Р.Кейс;
В) Дж.Боулби, М.Энсберд;
С) Фромм, Эриксон;
Д) Кроний, Р.Кейс;
Е) Выготский, Скиннер.
25. Тұлғаның алдына қойған мақсатына байланысты ұзақ уақыт өз әрекетін бағыттап және бақылап отыруынан көрінетін еріктік қасиеттері:
А) мақсатқа бағыттылық пен;
В) шешімге келгіштікпен;
С) табандылықпен;
Д) өз бетіншелікпен;
Е) өзін - өзі билей алумен.
26. Ерік -бұл:
А) ми қызметімен байланысы жоқ, рухани күш;
В) адамның өз әрекетін саналы түрде реттеуі;
С) адамның өз іс - әрекетінде еркін болып нені қаласа соны жасауы;
Д) мотивациялар жиынтығы;
Е) ішкі мотивтер.
27. Темперамент типтерінің қайсысы әлсіз:
А) холерик;
В) сангвиник;
С) флегматик;
Д) меланхолик;
Е) аралас.
28. Аса қызыққыш. Көбінесе әлі жетпейтін жұмысқа ұмтылады. Қозғалғыш, кез – келген уақытта орнынан атып тұру, кез – келген бағытта «ұшып» кетуге әзір. Ашуланғыш, сабақты дұрыс әрі тез ұғып алады, бірақ асығыстығынан қате жауап береді. Күліп отырып, тез ашулануы мүмкін және керісінше:
А) холерик;
В) сангвиник;
С) флегматик;
Д) меланхолик;
Е) аралас.
29. Өте әсершіл. Аз ғана жағымсыз нәрсе оны қинап, болмайтын жағдайға жылайды, өкпелегіш, өкпесін уақыт ұмытпай, соған күйзеледі. Арманшыл. Барлық ережелерге бағынады, өз күшіне сенбейді:
А) холерик;
В) сангвиник;
С) флегматик;
Д) меланхолик;
Е) аралас.
30. Өте қозғалғыш, жаңаға жылдам қызығып, тез суынады. Көбіне көңілді сергек. Кейде ренжіп, тіпті жылайды, бірақ онысы ұзаққа бармайды. Мимикасы бай. Адамдармен тез тіл табысып, жаңа ортаға тез бейімделеді:
А) холерик;
В) сангвиник;
С) флегматик;
Д) меланхолик;
Е) аралас.
31. Зейіннің тұрақтылығы мына нәрсеге байланысты:
А) назар аударатын объект ерекшеліктеріне;
В) тітіркендіргіш әсерінің ұзақтығына;
С) жүйке жүйесінің типтеріне;
Д) орындалатын тапсырманың маңыздылығына;
Е) өзгеріп отыратын жағдайда тез және дұрыс бағдарлай алу.
32. Мінездің жеке ерекшеліктерінің аса күшті дамып басқа адамдармен қарым – қатынастың бұзылуы:
А) амбиваленттілік;
В) апперцепция;
С) акцентуация;
Д) ассоциация;
Е) галлюцинация.
33. Арнайы жағдай туғызу арқылы әсер ететін зерттеу әдісі:
А) бақылау;
В) әңгіме;
С) интроспекция;
Д) эксперимент;
Е) тест.
34. Адамның қашан да бір қабылдаған шешімінен бас тартуында көрінетін ойлаудың тежелуі:
А) икемділік;
В) ригидтілік;
С) интроверсия;
Д) рефлексия;
Е) эмпатия.
35. Алғашқы психологиялық эксперименталды лаборатория ашқан кім?
А) Эббингауз;
В) Вундт;
С) Фрейд;
Д) Ананьев;
Е) Павлов.
36. Студенттің сөзі жай, эмоциясы кедей, бірақ мазмұнды. Ол аса көп қозғалмайды, тез жанданып, қызбаланбайды. Қызығушылықтары бір жақты :
А) холерик;
В) сангвиник;
С) меланхолик;
Д) флегматик;
Е) амбиверт.
37. Қарым – қатынастың перцептивті жағы мына нәрседен көрінеді:
А) жақсы көру мен жек көруден;
В) қарым – қатынас жасаудағы 1 – адамның 2- адамды қабылдауы;
С) қарым – қатынас деңгейінде;
Д) бірлескен іс - әрекетті жүзеге асырудан;
Е) ақпарат алмасудан.
38. Әрекетті орындау әдісі:
А) мақсат;
В) міндет;
С) функция;
Д) ереже;
Е) амал.
39. Екінші сигналдық жүйеге жатады:
А) түйсік;
В) қажеттілік;
С) ойлау;
Д) қабылдау;
Е) сөйлеу.
40. Тұлғаның психикасының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым:
А) этика;
В) педагогика;
С) психология;
Д) әлеуметтану;
Е) философия.
41. Оперативтік ес - бұл:
А) материалды терең түсінбей қайталауға негізделген ес;
В) арнайы мақсат лайық есте сақтауға негізделген ес;
С) белгілі бір іс - әрекетті орындауда көрінетін ес;
Д) мағыналық байланыстарды орнатуға негізделген естің түрі;
Е) арнайы мақсатсыз есте сақтау.
42. Естің тиімділігі мына нәрсеге байланысты емес:
А) адамның сол іс - әрекетке қатынасына;
В) есте сақтау әрекетінің аяқталу деңгейіне;
С) эмоциялық көңіл - күйге;
Д) адамның қызығушылықтарына;
Е) арнайы мақсатсыз есте сақтау.
43. Ұзақ мерзімді ес:
А) тұлғаның жеке ерекшеліктеріне байланысты;
В) көлемі шектеулі;
С) шексіз ұзақтылығымен ерекшелінеді;
Д) қарт адамдарда дамыған;
Е) жас балаларда дамыған.
44. Ұғымды қалыптастырудың алғашқы кезеңі:
А) талдауда;
В) жалпылауда;
С) синтездеуде;
Д) абстракциялауда;
Е) ой қортындысында.
45. Ойлау - бұл:
А) бүтінді бөлшектеу деп көрінетін ойлау операциясы;
В) заттар мен құбылыстарды жалпы және мәнді белгілеріне қарай ойша біріктіру;
С) заттарды тікелей қабылдауға негізделген іс - әрекет түрі;
Д) кейбір проблемаларды шешуді арада ұғыну;
Е) танылатын объектілердің арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды неғұрлым жалпы және жанама бейнелейтін психикалық процесс.
46. Объектіге зейіннің шоғырлану деңгейі - бұл:
А) бөліну;
В) тұрақтылық;
С) концентрация;
Д) көлем;
Е) ауысу.
47. Адамның бұрынғы өз тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа образдар жасауы:
А) зейін;
В) қиял;
С) ойлау;
Д) ес;
Е) қабылдау.
48. Контактілі түйсікке жатпайды:
А) тері;
В) кинестетикалық;
С) органикалық;
Д) дәм;
Е) иіс сезу.
49. Енжар, ойшыл, сенімді, сабырлы, бірқалыпты, өмірді сүйетін - бұл:
А) меланхолик;
В) сангвиник;
С) холерик;
Д) флегматик;
Е) аралас.
50. Фонетикалық есту дегеніміз –
А) әркімнің қабылдауына қарай өз тіліне бейімделуі;
В) ата-анасының сөзіне бейімделе сөйлеуі;
С) баланың өз ойын айтуы;
Д) құрбысымен сөйлеуі;
Е) ортаға бейімделе сөйлеуі.
Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді. №4 хаттама. 16.11.2015 ж
Кафедра меңгерушісі: Избасарова Ф.Д.
Құрастырған, аға оқытушы: Жапарова Г.С.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Педагогика және психология кафедрасы
1 курс студенттеріне «Психология және адам дамуы» пәнінен тест сұрақтары
ІІІ-нұсқа
1. Көңіл – күйі тез бұзылады, мазасыз салмақты, тыныш, көпшіл емес, сезімтал, пессимист -бұл:
А. флегматик;
В. меланхолик;
С. сангвиник;
Д. холерик;
Е. аралас.
2. Белсенді, көпшіл, сөзшең, уайым – қайғысыз, ашық, өмір сүйгіш - бұл:
А. флегматик;
В. меланхолик;
С. холерик;
г) сангвиник;
д) аралас.
3. Қабылдау - дегеніміз:
А. заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, мида жалпылама бейнеленуі;
В. адамның өмір тәжірибесінің есте қалу, есте сақтау, қайта жаңғырту арқылы бейнеленуі;
С. заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ете отыра мида жеке қасиеттерінің бейнеленуі;
Д. сананың бір объектіге ерекше бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі;
Е. заттардың бейнелерінің қайтадан жаңғыртылып, өңделіп бейнеленуі.
4. Еріксіз зейіннің негізгі қызметі:
А. өзгеріп тұратын жағдайда, адамның өміріне қауіп төндіретін заттарды бөліп алу;
В. естен керекті мәліметтерді таңдап алуды басқару;
С. қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында неғұрлым ашық және қызықты объектілерді бөліп алу;
Д. қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тез және дұрыс бағдарлай алу;
Е. бір мезгілде бірнеше объектіге саналы бағыттай алу.
5. Зейіннің ауысуы - бұл:
А. күшті тітіркендіргішке сананы еріксіз ауыстыру;
В. қабылдау аумағында пайда болған әр жаңа объектіге сананы ауыстыру;
С. белсенді зейінді ұзақ уақыт сақтай алу;
Д. адамның бір әрекеттен екінші әрекетке әдейі ауысуы;
Е. ұзақ уақыт сананы бір объектіге бағыттай алу .
6. Қабылдаудың негізгі қасиеті:
А. бөлінуі;
В. абстрактылау;
С. көлем;
Д. тұтастық;
Е. ауысуы.
7. Затты-манипулятивті әрекет қай жас аралығын қамтиды?
А) туғаннан 1 жасқа дейінгі;
В) 1 жастан 3 жасқа дейінгі;
С) 3 жастан 6 жасқа дейінгі;
Д) 6 жастан 9 жасқа дейінгі;
Е) 9 жастан 12 жасқа дейінгі.
8. Жаңа мәліметті бұрыннан белгілі біліммен байланыстыру арқылы бекітуге бағытталған ес процесі:
А. тану;
В. ұмыту;
С. қайта жаңғырту;
Д. есте қалдыру;
Е. есте сақтау.
9. Синестезия дегеніміз:
А. бір түйсіктің әсерінен екінші түйсіктің пайда болуы;
В. түйсік пайда болатын тітіркендіргіштің ең төменгі қуаты;
С. бір анализаторлық жүйенің әсерінен екіншісінің сезгіштігінің өзгеруі;
Д. сезгіштіктің тұрақты әсер ететін тітіркендіргішке үйренуі;
Е. түйсіктің интенсивтілігі мен сапасының алдыңғы немесе қазіргі сәттегі тітіркендіргіштің әсерінен өзгеруі.
10. Апперцепция дегеніміз:
А. тұтастық;
В. өмір тәжірибесі;
С. ойлау мен сөйлеу;
Д. бірізділік;
Е. таңдамалылық.
11. Мақсатқа жету барысында тутын объективті кедергілер туғызатын адамның қалпы:
А. стресс;
В. эмоция;
С. көңіл - күй;
Д. аффект;
Е. фрустрация.
12. Өз басындағы сезім, құштарлық, құмарлықты санасыз түрде басқаға таңудан көрінетін психологиялық қорғаныс құралы:
А. ауыстыру;
В. рационализация
С. жоққа шығару;
Д. ығыстыру;
Е. идентификация.
13. Жан Пиаже бойынша баланың интеллектуалды дамуы неше стадиядан тұрады?
А. 4
В. 3
С. 5
Д. 6
Е. 2
14. Тұлға құрылымына жатпайды;
А. қабілет;
В. бағыттылық;
С. мінез - құлық;
Д. темперамент;
Е. материалдық жағдай.
15. Сөздік коммуникация қолданылады:
А. көз контактысын;
В. проксемика;
С. тіл;
Д. мимика;
Е. қимыл.
16. Бірін – бірі қарым – қатынас бойынша серік деп қабылдау - :
А. интеракция;
В. перцепция;
С. коммуникация;
Д. аддикция;
Е. ассоциация.
17.Тиімді коммуникацияның себебі:
А. адамдар арасындағы жаман қарым - қатынас;
В. фактіге немқұрайлы қарау;
С. сөйлеу барысында жіберілген қателер;
Д. стереотиптер, басқа адамдар жайлы қарапайым пікірлер;
Е. адамға деген ықылыс, зейін, қызығушылық.
18.Қарапайым еріктік әрекетке тән емес:
А. мотивтер арпалысы және таңдау жасау;
В. мақсатты түсіну және оған жетуге ұмтылу;
С. мақсатқа жетудің бірқатар жолын қарастыру;
Д. мүмкіншілікті қоштайтын немесе қарсылайтын мотивтерді анықтау;
Е. мақсаттың анықтылығы.
19. Есте сақтайтынды бұрыннан белгілімен байланыстыру - :
А. адаптация;
В. агглютинация;
С. классификация;
Д. ассоциация;
Е. апперцепция.
20. Бүтінді бөлшектеу :
А. талдау;
В. топтау;
С. салыстыру;
Д. синтез;
Е. жүйелеу.
21. Қысқа мерзімде буырқанып тез өтетін эмоция:
А. фрустрация;
В. аффект;
С. көңіл -күй;
Д. депрессия;
Е. стресс.
22. Психикалық процеске жатады:
А. ерік;
В. ес;
С. мінез;
Д. темперамент;
Е. қабілет.
23.Талдағыштардың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде сезгіштіктің артуы:
А. галлюцинация;
В. сенсибилизация;
С. адаптация;
Д. синестезия;
Е. иллюзия.
24. Шындықтағы заттарды бұрмалап, теріс қабылдау:
А. галлюцинация;
В. агглютинация;
С. апперцепция;
Д. екпін түсіру;
Е. иллюзия.
25. Бір немесе бірнеше пікірден туатын жаңа пікір:
А. индукция;
В. дедукция;
С. пікір;
Д. ұғым;
Е. ой қортындысы.
26. Бір – біріне ұқсамайтын заттардың бөлшектерін біріктіру:
А. галлюцинация;
В. екпін түсіру;
С. типтік бейне жасау;
Д. қиыстыру;
Е. агглютинация.
27. Қай концепцияда тұлға биологиялық даралық ретінде қоғамның өзіне әсерін сезініп, мінез – құлқы биологиялық құштарлық пен құмарлықпен анықталады деп қарастырылады?
А. гештальт психологиясы;
В. психоанализ;
С. гуманистік психология;
Д. бихевиоризм;
Е.конитивті психология.
28. Психологияның дүниеге келген жері:
А. Үндістан;
В. Қытай;
С. Грекия;
Д. Рим;
Е. Парсы.
29. Қай ғасырда психология дербес ғылым болды:
А. 18 ғ;
В. 17 ғ;
С. 19 ғ II ж;
Д. 19ғ I ж;
Е. 20 ғ.
30.Темпераменттің қай типі жүйке жүйесінің әлсіз типіне жатады:
А. флегматик;
В. сангвиник;
С. меланхолик;
Д. холерик;
Е. аралас.
31. Заттар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табу, бұл - :
А. жалпылау;
В. абстрактылау;
С. анализ;
Д. салыстыру;
Е. нақтылау.
32. Заттарды бөлшектеп, оның маңызды белгілерін бөліп алу, бұл - :
А. классификация;
В. абстрактылау;
С. анализ;
Д. жүйелеу;
Е. нақтылау.
33. Абстрактылы – логикалық ойлау, бұл - :
А. заттармен әрекет;
В. нақты бейнелермен ойлау;
С. ұғым және пікірлермен ойлау;
Д. заттар туралы білім;
Е. жеке пікірден шыққан қортынды.
34. Естің физиологиялық негізі:
А. жүйке байланыстарының пайда болуы;
В. жүйке байланыстарының қозуы;
С. жүйке байланыстарының бекуі;
Д. жүйке байланыстарының тежелуі;
Е. уақытша жүйкелік байланыстар.
35. Адамның өз жолы болмауынан қатты күйзелуі:
А. эйфория;
В. эмпатия;
С. фрустрация;
Д. нысан;
Е. үрейлену.
36. Танымдық іс-әрекет барысында пайда болатын сезімдер:
А) эстетикалық;
В) интелекттуалдық;
С) адамгершілік;
Д) проксемикалық;
Е) фрустрация.
37. Қабылдаудың физиологиялық негізі:
А) анализаторлардың бірлескен қызметі;
В) уақытша жүйкелік байланыстар;
С) динамикалық стереотип;
Д) шартты рефлекстер;
Е) күшті тітіркендіргіштер.
38. Адамның басқа адамдарға немесе жануарларға көмекке келуі:
А) эмпатия;
В) альтруизм;
С) махаббат;
Д) достық;
Е) симпатия.
39. Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын табуға бағытталған ой операциясы:
А) талдау;
В) біріктіру;
С) жалпылау;
Д) топтау;
Е) салыстыру.
40. Заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты орнату:
А) ұғым;
В) ой қортындысы;
С) пікір;
Д) индукция;
Е) дедукция.
41. Есту түйсігінің сезгіштігінің абсалютті төменгі табалдырығы:
А) 16 гц;
В) 18 гц;
С) 20 гц;
Д) 22гц;
Е) 24 гц.
42. Ұғым дегеніміз - :
А) заттар мен құбылыстардың байланысы;
В) заттар мен құбылыстардың маңызды қасиеттері туралы ой;
С) жеке пікірден жалпыға қарай жүру;
Д) жеке пікірден жекеге қарай жүру;
Е) басқа пікірлерден жаңа пікір шығару.
43. Алдыңғы әсер етуші тітіркендіргіштің әсерінен түйсіктің интенсивтілігі мен сапасының өзгеруі:
А) контраст;
В) синестезия;
С) сенсибилизация;
Д) адаптация;
Е) иллюзия.
44. Адамның кеңістікте орналасу қалпын білдіретін түйсік:
А) интроцептивті;
В) экстероцептивтів;
С) проприоцептивті;
Д) контактылы;
Е) дистанты.
45. Адамның ішкі ағзаларының қалпын білдіретін түйсіктер:
А) интроцептивті;
В) экстероцептивті;
С) проприоцептивті;
Д) контактылы;
Е) дистанты.
46. Түйсіктің негізгі заңдылығы:
А) заттылық;
В) константтылық;
С) сенсибилизация
Д) проблемалық;
Е) жалпылық.
47. Сананың белгілі объектіге бағытталуы:
А) ерік;
В) зейін;
С) түйсік;
Д) қабылдау;
Е) қиял.
48. Басқа адамға тән қасиеттерді санасыз түрде өзіне таңу :
А) проекция;
В) идентификация;
С) изоляция;
Д) ауыстыру;
Е) ығыстыру.
49. З. Фрейдтің ілімі:
А) бихевиоризм;
В) гештальт психологиясы;
С) психоанализ;
Д) өріс теориясы;
Е) когнитивті психологиясы.
50. Әрекетті қолы жетпейтін объектіден қолы жететінге ауыстыру :
А) проекция;
В) идентификация;
С) рационализация;
Д) ауыстыру;
Е) ығыстыру.
Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді. № 4 хаттама. 16.11.2015 ж.
Кафедра меңгерушісі: Избасарова Ф.Д.
Құрастырған, аға оқытушы: Жапарова Г.С.
Достарыңызбен бөлісу: |