3. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау және есепке алу. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары – педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Жоспар мынандай педагогикалық талаптарға жауап беруі керек:
жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;
сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының, әдістерініің әр түрлі болуы;
3) оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін, дәйектілігін қамтамасыз ету.
4) жоспардың нақты болуы;
5) жұмысты келісіп жоспарлау;
Сынып жетекшісінің жоспары мынандай бөлімдерден тұрады:
1) сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер;
2) сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары;
3) тәрбие міндеттері;
4) сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс;
5) ата – аналармен жұмыс;