«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 1 Нұсқа


«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары



бет7/17
Дата16.04.2022
өлшемі78,61 Kb.
#139599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
«Педагогика» п ні бойынша тест тапсырмалары 1 Н с а

«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары
7 Нұсқа

1. Cабақ құрылымы тәуелді:


A) Сабақ түрінен.
B) Оқыту әдістерінен.
C) Оқыту құралдарынан.
D) Дидактикалық принциптерден.
E) Білім беру мазмұнынан.
2. Оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтау, оқыту процесіне түзету енгізу, әрі қарай оқытуды жоспарлау, үлгермеушілікті жоюға бағытталған ұсыныстар:
A) Оқытудағы диагностика.
B) Білімді бекіту жетілдіру міндеттері.
C) Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру міндеттері.
D) Білімді қорыту міндеттері.
E) Білімді жүйелеу.
3. Білім беру мекемесінің іс-әрекетін, құрылымын анықтайтын ережелер жиынтығы:
A) Устав.
B) Білім беру туралы заң.
C) Конституция.
D) Білім беру туралы концепциялар.
E) Оқыту жоспары.
4. Проблемалық оқыту мәні:
A) Оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін зерттеу.
B) Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару.
C) Оқушылар алдына проблемалар қою.
D) Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
E) Оқытуда қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету.
5. Ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау:
A) Бақылау түрлері.
B) Бақылау формалары.
C) Бақылау міндеттері.
D) Бақылау әдістері.
E) Бақылау құралдары.
6. Мектеп кеңесі:
A) Коллегиалдық басқару органы.
B) Жоғарғы басқару субъектісі тағайындайтын орган.
C) Мүшелерін директор тағайындайтын жеке басқару органы.
D) Ата-аналарды қоғамдық органы.
E) Оқушылардың қоғамдық органы.
7. Оқыту процесінің нәтижелілігін дидактикалық процесті оқыту жағдайымен бірлікте анықтау:
A) Бақылау.
B) Жүйелеу.
C) Оқыту.
D) Диагностика.
E) Тәрбиелеу.
8. Бағалау – бұл:
А) Тексеру процесі.
B) Тексеру нәтижесі.
C) Бақылау әдісі.
D) Бақылау құрылымы.
E) Қарама-қарсы байланыс.
9. Бақылаудың дидактикалық процестің барлық кезеңінде жүруін талап ететін принцип:
A) Объективтілік.
B) Жүйелілік.
C) Көрнекілік.
D) Ғылымилық.
E) Саналылық.
10. Мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру формасы:
A) Ата-аналар комитеті.
B) Педагогикалық кенес.
C) Мектеп кенесі.
D) Оқушылар комитеті.
E) Әдістемелік күн.
11. Диктант-бұл:
A) Бақылау әдісі.
B) Тексеру процесі.
C) Диагностика.
D) Сабақ элементі.
E) Оқу әдісі.
12. Бір мезгілде бір оқушының ауызша жауап беруі, 2-3 оқушының тақтада жұмыс істеп сұрауға дайындалулары, қалғандарының өз орындарында жеке тапсырмаларды орындауы:
A) Комбинацияланған (нығыздалған).
B) Дараланған.
C) Топтық.
D) Жекеленген.
E) Фронтальді.
13. Проблемалық жағдай:
A) Оқушылардың білім деңгейінің төмендігі.
B) Оқыту процесінде туған қиындық.
C) Қойылған оқу-танымдық міндетті өзіндік шешуге оқушылардың игерген білімдерінің жеткіліксіздігі.
D) Мұғалім іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекеттері арасындағы сәйкессіздік.
E) Мұғалім білімінің төмендігі.
14. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелерімен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін орган:
A) Мектеп кеңесі.
B) Педагогикалық кеңес.
C) Ата-аналар комитеті.
D) Әдістемелік кеңес.
E) Жас мұғалім мектебі.
15. Дидактикалық тест:
A) Оқу материалдарын игеру деңгейін анықтайтын стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы.
B) Оқыту материалы бойынша сұрақтар жиынтығы.
C) Іскерліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтайтын жазбаша жұмыстар.
D) Білімді бақылау процесі.
E) Ауызша сынақ тапсыру.
16. Валидтілік, мықтылық, объективтілік.
A) Тест түрлері.
B) Тестіге қойылатын талаптар.
C) Тест құрылымы.
D) Тест формалары.
E) Тест нәтижелерін өңдеуге қойылатын талаптар.
17. Пәндік әдістемелік бірлестік:
A) Бір мектептегі кез келген пән мұғалімдерінен құралады.
B) Бір немесе бірнеше мектептің бір пән мұғалімдерінен құралады.
C) Мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен тұрады.
D) Ата-аналармен мектеп ұжымы өкілдерінен құралады.
E) Мектеп басшыларынан құралады.
18. Тестінің мықтылығы тәуелді:
A) Тапсырмалар қиындылығынан.
B) Тапсырмалардың әртүрлілігінен.
C) Тапсырмалар санынан.
D) Сұрақтың ұзындығынан.
E) Жауаптардың ұзындығынан.
19. Түсініктерді, фактілерді, теорияларды, заңдылықтарды игеру:
A) Білім қалыптасуының көрсеткіштері.
B) Іскерлік қалыптасуының көрсеткіштері.
C) Дағды қалыптасуының көрсеткіштері.
D) Тұлғалық қасиеттер қалыптасуының көрсеткіштері.
E) Тәрбиелілік көрсеткіші.
20. Педагогикалық кеңестің жұмысы жоспарланады:
A) Мектеп жұмысының жылдық жоспарында.
B) Календарлық жоспарда.
C) Мектеп директорының жеке жоспарында.
D) Мектептің тәрбие жоспарында.
E) Мектеп директоры орныбасарының жеке жоспарында.
21. Үй тапсырмасының қажеттілігі себебі:
A) Игерілген білімді, іскерлікті, дағдыларды сабақта толық бекіту мүмкін еместігі.
B) Оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін бағалар жинау мүмкіндігі.
C) Оқушылардың сабақтан бос уақыттарының болуы.
D) Оқушылардың дайындық деңгейлерінің әртүрлілігі.
E) Теория мен практиканы біріктіру талабы.
22. Оқыту процесінің компоненті:
A) Оқыту бағдарламасы.
B) Оқыту мазмұны.
C) Сабақ.
D) Оқыту жоспары.
E) Мұғалім іс-әрекеті.
E) Ынталандыру.
23. Педагогикалық ұжымның, жеке мұғалімнің іс-әрекетіндегі барлық бағыттарын тексеру:
A) Қорытынды бақылау.
B) Ағымдық бақылау.
C) Аралық бақылау.
D) Тақырыптық бақылау.
E) Фронтальді бақылау.
24. Қандай бақылау принципі оқыту нәтижесін анықтау мұғалім тұлғасынан тәуелсіз болуын талап етеді:
A) Объективтілік.
B) Жүйелілік.
C) Көрнекілік.
D) Саналалық.
E) Беріктік.
25. Әр сабақта оқушылардың оқу материалдарын игеруін жүйелі түрде бақылау:
A) Ағымдық бақылау.
B) Тақырыптық бақылау.
C) Аралық бақылау.
D) Қорытынды бақылау.
E) Оқыту әдісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет