«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары
8 Нұсқа
1. Әр түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің оның барлық звеноларымен (министрліктен оқыту-тәрбие мекемелеріне дейін) жүйелі, жоспарлы және мақсатты бағытталған өз-ара іс-әрекеттері:
A) Білім беруді жобалау.
B) Білім беруді дианостикалау.
C) Білім беруді басқару.
D) Білім беруді жоспарлау.
E) Басқару деғгейлері.
2. Анықталған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, басқарғанда сақталатын негізгі ережелер, оған қойылатын талаптар:
A) Басқару заңдылықтары.
B) Басқару принциптері.
C) Басқару жағдайы.
D) Басқару кезеңдері.
E) Басқару әдістері.
3. Бағдарламалап оқыту мақсаты:
A) Тәрбиелік міндеттерді шешу.
B) Қатаң бақылау.
C) Оқытуды басқару, оқушылардың өзіндік жұмыс істеу деңгейін арттыру, оқытуды жекелендіру.
D) Автоматтандырылған қарама-қарсы байланыстары бар жаттығулар.
E) Оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алу.
4. Демократияландыру және гуманизацияландыру, жүйелілігі және тұтастық, коллегиялық басқарудағы жекелік:
A) Басқару заңдылықтары.
B) Басқару әдістері.
C) Басқару құралдары.
D) Басқару принциптері.
E) Басқару тәсілдері.
5. Мектептегі басқару жүйесінің деңгейлері:
A) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламалары, сбақ жоспары.
B) Мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары, мұғалімдер, оқушылар.
C) Бастауыш сыныптар, орта сыныптар, жоғары сыныптар.
D) Ата-налар, мектеп ұжымы, оқушылар ұжымы.
E) Мұғалімдер, көмекші персоналдар.
6. Бақылау формалары:
A) Ауызша бақылау, жазбаша бақылау.
B) Практикалық жұмыстар, машиналы бақылау.
C) Жеке, топтап және фронтальды.
D) Ағымдық, аралық және қорытынды.
E) Тест.
7. Басқарудағы авторитаризмді, субъективтілікті жоюға бағытталған басқару принципі:
A) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесімдігі.
B) Коллегиалдық және жеке басқару бірлігі.
C) Басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы.
D) Басқаруды демократияляандыру.
E) Жүйелілік және тұтастық.
8. Басшылардың, мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың инициативасын және өзіндік іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған басқару принципі:
A) Басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы.
B) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесімдігі.
C) Жүйелілік және тұтастық.
D) Басқаруды демократияляандыру.
E) Коллегиалдық және жеке басқару бірлігі.
9. Мұғалімдерді жұмысқа алу, оларды жұмыстан босату кімнің міндеті:
A) Білім беру жергілікті басқармасының міндеті.
B) Мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеті.
C) Мектеп диреторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеті.
D) Мектеп кеңесінің міндеті.
E) Мектеп директорының міндеті.
10. Ауызша тексеру, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстар:
A) Бақылау түрлері.
B) Бақылау әдістері.
C) Тексеру құралдары.
D) Диагностика.
E) Оқыту кезеңдері.
11. Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру:
A) Педагогикалық кеңестің функциясы.
B) Мектеп кеңесінің функциясы.
C) Әдістемелік кеңестің функциясы.
D) Ата-аналар комитетінің функциясы.
E) Оқушылар комитетінің функциясы.
12. Мектеп директорының орынбасарын тағайындайды:
A) Мектеп кеңесі.
B) Ата-аналар комитеті.
C) Мектеп директоры.
D) Оқушылар ұжымы.
E) Педагогикалық кеңес.
13. Мектеп жоспарының түрлері:
A) Оқыту жоспары, тәрбие жоспары.
B) Сабақ жоспары, тәрбие іс-шаралары жоспары.
C) Ағымдық, аралық, қорытынды.
D) Перспективті, жылдық, ағымдық.
E) Ата-аналармен жұмыс жоспары.
14. Проблеманы қою:
A) Не белгілі, не белгісіз және нені шешу керектігін анықтау.
B) Сұрақты анықтау.
C) Қиындық себебін анықтау.
D) Проблеманы шешу жолдарын көрсету.
E) Болжам жасау.
15. Мектептің жылдық жоспарын бекітеді, мектеп жұмысының қорытындысын шығарады:
A) Педагогикалық кеңес.
B) Әдістемелік кеңес.
C) Ата-аналар комитеті.
D) Мектеп кеңесі.
E) Оқушылар ұжымы.
16. Педагогикалық кеңестің төрағасы:
A) Мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
B) Мектеп диреторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
C) Мектеп директоры.
D) Ата-аналар көмитетінің төрағасы.
E) Ең беделді педагог.
17. Тестінің валидтілігі:
А) Бағдарламаға сәйкестігі.
B) Оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкестігі.
C) Сұрақтардың оқушыларға түсініктілі, анықтығы.
D) Жобаланған біліміділік деңгейін анықтауға сәйкестігі.
E) Білім беру мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі.
18. Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формасына жатпайды:
A) Әдістемелік кеңес.
B) Пәндік-әдістемелік бірлестік.
C) Проблемалық семинар.
D) Әдістемелік күн.
E) Мектеп кеңесі.
19 Педагогикалық талдау мәні:
A) Мектеп басшылығы мен мұғалімдер арасындағы қарама-қарсы.
B) Педагог жұмысындағы кемшіліктерді табу.
C) Педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын анықтау, оны басқару туралы ұсыныстар жасау.
D) Оқушылардың үлгерімін көтеру.
E) Оқушылар іс-әрекеттерін басқаруды жетілдіру.
20. Стрестік жағдайлар туғызу, кездейсоқтық элементі болуы:
A) Ауызша емтиханға тән.
B) Тест түріндегі емтиханға тән.
C) Диктант.
D) Жазбаша бақылау жұмысы.
E) Шығарма жазуға тән.
21. Мұғалімдердің теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік жұмыс формасы:
A) Әдістемелік кеңес.
B) Әдістемелік күн.
C) Пәндік-әдістемелік бірлестік.
D) Проблемалық семинар және практикум.
E) Жас мұғалім мектебі.
22. Педагогикалық ұжымның, жеке мұғалімнің іс-әрекетіндегі нақты бір бағытты тексеру:
A) Фронтальді бақылау.
B) Ағымдық бақылау.
C) Аралық бақылау.
D) Тақырыптық бақылау.
E) Қорытынды бақылау.
23. Оқыту процесіндегі бақылау функциясы:
A) Реттеушілік.
B) Жүйеқұраушы.
C) Қалыптастырушы.
D) Жетекшілік.
E) Дамытушы.
24. Мектеп құжаттарын тексеру, бақылау, ауызша және жазбаша бақылау жұмыстары, анкета алу, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу:
A) Мектепішілік бақылау құралдары.
B) Мектепішілік бақылау формалары.
C) Мектепішілік бақылау түрлері.
D) Мектепішілік бақылау әдістері.
E) Басқару әдістері.
25. Педагогикалық талдау объектісі:
A) Мұғалім, оқушы тұлғалары.
B) Мектептің ата-аналармен жұмысы.
C) Мектеп құжаттары.
D) Сабақ, тәрбие шаралары.
E) Мұғалім, оқушы іс-әрекеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |