«Педагогика» пәні бойынша



бет6/13
Дата25.10.2022
өлшемі38,71 Kb.
#154860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
6 дәріс педагогика

Эколоиялық тәрбие – ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің міндеттері:
– жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;
– табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде қарап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;
– адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау қағидаларын бекіту;
– қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу екені анық. Еңбек, адам іс-әрекеттерінің негізгі түрі бола тұра, жеке тұлғаны дамыту факторы және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз – еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты – балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
– оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
– белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
– тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
– жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
– оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек... Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек... Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.
Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне қатысулары, олардың еңбектің әр түріне бейімділіктерін, икемдіктерін айқындайды.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашылығында көптеген міндеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет