Педагогика тарихы


Педагогикалық теорияны дамытудағы В.И.Вахтерев пен П.Ф.Лесгафттың үлесі



бет48/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)
өзіндік жұмыс, ОНАТИЛИ
Педагогикалық теорияны дамытудағы В.И.Вахтерев пен П.Ф.Лесгафттың үлесі. Василий Порфирьевич Вахтерев (1853-1924) халыққа білім беру саласына еңбек сіңірген белгілі педагог және әдіскер.
В.П.Вахтерев Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясына негізделген өзінің педагогикалық тұжырымдамасын жаңа "эволюциалық педагогика” деп атады. Бұл тұжырымдамада даму идеясын басшылыққа алды, оқыту мен тәрбилеу біртіндеп даму қозғалысын сеніммен біріктірсе, онда білім берудің барлық түрі мен формалары қоғамдық жетістікке ықпал етеді деп атап көрсетті. В.П.Вахтеревтің пікірі бойынша баланы қалыптастыру оның дамуға деген ішкі ұмтылысы мен сыртқы ортаның әсерінен болады. Педагогтың мақсаты осы екі нәрсені үйлестіріп, баланың дара ерекшілігін зерттеу керек дейді.
Ол мектептегі білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен тәрбиелеудің басты ұстанымы ғылымилық ұстаным болуы керектігін баса айтты.
Вахтерев педагогика ғылымының өзіндік ерекшеліктерін, оның зерттеу әдістерін ұсынды. Түрлі оқыту әдістерінің тиімділігін көрсету үшін табиғи эксперимент әдісін жасады. Ұйымдастыру формалары мен құралдарын, оқыту әдіс-тәсілдерін табиғи жағдайда қолдануды обьективті түрде бағалау қажеттігін айтты.
В.П.Вахтерев теоретик және әдіскер ретінде бастауыш мектепте оқыту мәселелерін зерттеп, К.Д.Ушинскийдің педагогикалық идеяларын жалғастырды.
Дамыта оқыту идеясын ұстанған В.П.Вахтерев халық мектептерінің мазмұнын жаңартудың, белсенді оқыту әдістерін ендірудің, баланың ойлау қабілетін дамытудың маңызын дәлелдеді. Ол құрастырған “Орыс әліппесінің” (1898) басылымы 100 рет жарық көрді.
Адамның физиологиялық дамуына байланысты ғылым жетістіктерін ескере отырып, педагогикалық теорияны жаңарту идеясын жүзеге асырған Петр Францевич Лесгафт (1837-1909) болды.
Оның пікірінше, тәрбиелі адам саналы және ақылды болуы тиіс. Ондай адам өз іс-қылығына сын көзбен қарап, өткен мен болашақтың тәжірибесін пайдалана алады. Өзінің іс-әрекетінің және бақылаған құбылыстың себеп-салдарын түсінеді. Ақыл-ойы дамыған адам өзінің қара басының мүддесінен жоғары көтеріліп, қоғамды жетілдіруге қызмет етуі қажет.
П.Ф.Лесгафт биология саласындағы атақты ғалым, педагог, ірі қоғам қайраткері. Ол дене тәрбиесінің даму тарихын және оның теориясын жазды. Ол дене тәрбиесінің басты ұстанымдары мен жағдайларын зерттеді. Өзінің екі томдық “Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесіне басшылық” (1888-1901) деген еңбегінде дене тәрбиесінің әр түрлі жүйесін терең сынап, осы жөнінде өз теориясын жасады. Оның пікірі бойынша, дене тәрбиесі оқушының жан-жақты жетілуін қамтамасыз етуге қатысты барлық істердің, жұмыстардың жүйесінен тұрады. Сондықтан да дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие түрлерімен тығыз байланысты.
Оның үйретуінше, дене жаттығулары мінез бен ақыл-ой қабілетін дамытатын бірізді, тізбекті болуы қажет. Дене қозғалыстарының жүйесі баланың табиғи дамуына сәйкес келіп, бұлшық еттердің бүкіл тобын қамтуы керек. Дене жаттығулары дене шынықтыру мұғалімінің ұқыпты түсіндіруі арқылы жүргізілуге тиіс деді.
Лесгафт ақыл-ой жұмысының дене шынықтыру жаттығуларымен және ойындармен алмасып отыруын талап етті. Сонымен қатар, ол балаларға ауыр гимнастикалық жаттығуларды орындатудан сақтандырды, көбіне табиғи қозғалыстарды: жүгіру, жүру, секіру, ойын, т.б. ұсынды.
Лесгафт адам дамуын 5 кезеңге:
- қимыл-қозғалысы реттелмеген (жас нәрестеге тән);
- рефлексті-тәжірибелі (сөйлегенге дейінгі);
- шынайы еліктеу - ( мектепке дейінгі кезең);
- идеялы еліктеу (20 жасқа дейін);
- сындарлы-шығармашылық (ересек өмір кезеңі) кезеңдерге бөледі.
Лесгафт әр кезеңнің өзіне тән тәрбие түрі болады, алдыңғы үш тәрбие кезеңінде төменгі факторларға: тазалық сақтау; тәрбиешінің оқушылар алдындағы сөзі мен ісінің бірлігі; тәрбиеленушіге ешқандай қысым көрсетпей, баланың жеке басын құрметтеу факторларына айрықша назар аудару қажет деп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет