4
Жоба жетекшісі Серғазы Нұрсұлтан
АЛҒЫ СӨЗ
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті
танып – білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының
бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан
да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек.
Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін
арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға
сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», - деп белгілі
педагог Ш. Амонашвили айтқандай мұғалімнің шеберлігі мен
білімділігі, рухани дүниесінің байлығы, мейірімінің шексіздігі
баланың нағыз адам болып қалыптасуының негізі болмақ.